1-дәріс. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде


-сұрақ. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру



бет57/57
Дата11.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#136985
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
дәріс-1

4-сұрақ. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-ойлау əрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тəсілдерінің жаңа мəселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға əрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Жауаптарды тыңдағанда əр оқушының өз ойын, пікірін айту мүмкіндіктері
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен əр бала жасаған еңбегінің нəтижесімен бөлісіп, дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дəстүрлі оқыту əдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) əдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мəнділік) əдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дəстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дəстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық үдерісттің компоненттері
Мазмұнындағы басымдылық
Дəстүрлі иллюстрациялық түсіндірме əдісі
Дамыту оқыту
Мақсат Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру Байқампаздығын, ойлауын, практикалық əрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дəлелдер Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды,ережелерді қорыту
Оқытудың формалары
Жеке, топтық, фронтальді
Бірлескен ұжымдық іс-əрекет
Оқыту əдістері
Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық
Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау. Бақылау, бағалау Оқытудың нəтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы
Өзін-өзі бақылау, өзін- өзі бағалау, рефлекция
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу əрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мəселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы
мəселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мəселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Əр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады.
«Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық əрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал– ол өзінің əрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту əдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мəселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нəтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дəстүрлі жүйедегі əміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дəлелдей, дəйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренеді.
Бүгінгі таңда мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен «Дамыта оқыту» технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар «Дамыта оқыту» технологиясына негізделе жазылған.
Сондықтан əрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, əдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тəжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Бағдарлау – мотивациялық кезең.
Бұл кезең – оқу міндеттерін (ОМ) қою кезеңі. Дəстүрлі педагогикалық үй тапсырамасын тексеру барысының орнына алынған бұл кезең іштей екі құрылымға бөлінеді.
Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу. Оқушыларды жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін өткен сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып жаңа тақырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы өзектендіріледі.
Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдын ала оқушылардың есіне түсіретін, толықтыратын, бірдей мəреге жеткізетін тетік сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды.
Оқу міндеттерін (ОМ) айқындау.
Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар легі арқылы мұғалім оқушылардың өздеріне ОМ анықтауға басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай бет бұруына жағдай жасайды-дағы, жаңа тақыр ыпты танып- білу мотивациясын қалайды.
Негізінде осы екі құрылым арқылы I кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның ең соңғысында оқушыға сұрақ қойылады немесе тəжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң қалады?
Өйткені оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес, Шындығында, бұл сұрақ өткеннен туындап тұрады. Ал мұғалім өткен мен əлі өтілген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы оқушылар үшін проблемалық жағдаят туғызады.
Проблемалық жағдаяттар туғызу – сабақтың ең күрделі де маңызды бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сəттің айқын өтілуіне үлкен мəн бере қарау керек. Өйткені басты тетік осы проблемалық жағдай туғызуда жатыр. Жаңа тақырыптың сəтті меңгертілуі осы түйінделген проблемалық, жағдаяттың қалай жəне қандай мазмұнда жасалғандығына тікелей байланысты.
Мұғалімге біз бұл сəтті былайша түсіндірер едік. Оқушылардың білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар арқылы біртіндеп тереңдей берген проблемалық жағдаят туғызу сəтін мұғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек. Оқушылардың осы сəтті сезінуі мұғалімге олардың таңғалысымен, кез болған проблеманы шеше алмаған қиналысымен танылады. Мұндай ерекше сəтті туғызуда бастауыш сынып мұғалімі сол пəннің ішкі заңдылықтарын тауып ала білуі керек жəне мұғалім сол сəтті өзінің эмоционалдығын қоса жұмсауы керек.
Туындаған проблемалық жағдаят оқушыларды осыны туғызған себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы сөзі мен түсіндіру барысы оқушылардың танымдық. Ізденімпаздық қабілеттерін оятып, іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет атқарады.
XХІ ғасыр Педагогикалық технологияның бір түрі – сын тұрғысынан дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік əрекетін ұйымдастыру алға қойылады.
Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен тəсілдерінің жаңа мəселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетідей жағдайда болуы керек. Содан барып оның білім алуға ынта-ықыласы артып, əрекеттенеді.
Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дəлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эдьконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компонеттері.
Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім тек ұйымдастырушы-бағыттаушы. Шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын. Пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Жауаптары тыңдалады. Əрине, жауап үнемі дұрыс бола бермес.
Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі – сынып оқушыларын жақсы-жаман деп бөлмей, олардың жетілуі, дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс.
Əр оқушының өз қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол өзін дамыта алады. Мұғалім мен оқушының арасында жақсы қарым-қатынас туады. Ол үшін баланың жауабы мұқият тыңдалып, дұрыс мақталып, қатесін ептеп түзету керек. Сын тұрғысынан дамыта оқыту сынақ емес, ой-өрісті шыңдау.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тəрбие керек.
Еліміздің қоғамның экономикалык, саяси-мəдени дамуына үлес қосатын, əлеуметтік цивилизацияға көтертетін, қарасатын, денсаулығы мықты азаматты тəрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі тандағы басты міндеті.
Сондықтан мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу. Оны өсіру. Əр оқушыдан қабілетін танып-біліп, дамытып, адам дəрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзарастар пайда болды. Əрі білім беру құрылымында қазіргі заманғы педагогикалық технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз – қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі адамдардың, ал педагогиакалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», – деп түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тəжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық, ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем. Байланыстардың əдістердің, құралдардың жиынтығы.
Олай болса, дəл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оның практикада пайдалану шарттарын білуіміз керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет