1 дәріс Биотехнологияға кіріспе. Биотехнология қосалқы ғылым ретінде, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері



бет3/10
Дата07.01.2022
өлшемі180 Kb.
#20767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция биотехказ

Биотехнология салалары Биотехнология ғылыми пән және өндірістік технология есебінде тірі жасушаның биоөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, сапалы өндірушілік қабілеті бар және әртүрлі салаларда: ауыл шаруашылығында; фармацевтикада; тағам өнеркәсібінде; биоэнергетикада; қоршаған орта ремедиациясында; биоэлектроникада; тағы басқаларда қолданылады.

Биотехнология биологиялық агенттерді өндірісте қолдану (микроорганизмдерді, өсімдік клеткаларын, жануар клеткаларын, клеткалар бөлшектерін: клетка мембранасы, рибосомалар, митохондриялар, хлоропласттар) бағалы өнім алу үшін және белгілі бір мақсатты айналдырулар үшін. Биотехнологиялық процесстерде рибонуклеин қышқылдары (ДНК, РНК) сияқты биологиялық макромолекулалар да қолданылады, жиі – ферменттер. ДНК мен РНК клеткаға бөгде гендерді тасымалдау үшін қажет.

Адамдар биотехнологтар ролін мыңдаған жылдар бойы атқарған: нан пісіру, сыра ашыту, ірімшік жасау, т.б. сүт қышқылды өнімдер, әр түрлі микроорганизмдерді олардың бар екенін білмей ақ пайдаланған. «Биотехнология» терминінің өзі біздің тілде тек жақында ғана пайда болған, бұған дейін оның орнына «өндірістік микробиология», «техникалық биохимия» т.б. терминдер қолданылған. Бәлкім ежелгі биотехнологиялық процесс ашыту процессі болуы мүмкін. Оған дәлел 1981жылы Вавилон қазбаларында табылған тақтайда жазылған сыра дайындау процессінің жазбалары біздің эрамызға дейінгі 6-шы мыңжылдықпен даталанған. Біздің эрамызға дейінгі 3 –ші мыңжылдықта шумерлер шараптың жиырма шақты түрін дайындаған. Дәстүрлі , классикалық түсінік бойынша биотехнология – табиғи биологиялық объекттерді және процесстерді қолдана отырып әртүрлі заттар мен өнімдерді өндірудің әдістері мен технологиялары туралы ғылым.

«жаңа» биотехнология термині «ескі» ге қарсы бұрыннан қолданып келе жатқан биотехнология бұл ескіге жатады ал ген инженериясының әдістерін қолдану бұл жаңа биотехнология. Мысалы: ашыту процессі арқылы спирт өндіру процессі «ескі биотехнология», ал осы процесте ген инженериясының жақсартылған әдістерін қолданып спирт алу көлемін ұлғайту «жаңа биотехнология».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет