1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары



бет50/54
Дата05.12.2022
өлшемі195,75 Kb.
#54899
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
обзор-лек-каз-

13.2. Спорттық жаттығулар әдістері. Спорттық жаттығуда бес нұсқаға жіктелетін сан алуан әдістер қолданылады
Бірінші нұсқа: Қозғалыс әрекетінің ерекшеліктері ескеріле отырып, қатаң реттелген жаттығулар әдістері, спорттық жаттығулардың сайыстық және ойын әдістері тобына бөлінеді. Сонымен бірге қатаң регламенттелген жаттығулар тобына жатқызылатын әдістер:
– спортшы әрекетінің алдын ала анықталған және берілген бағдарламаға толық сәйкестігімен;
– дене жүктемелері негізгі компоненттерінің нақты мөлшерленуі- мен және олардың міндетті түрде орындалуымен;
– қалаған мақсатқа жетуге ықпал ететін қолайлы сыртқы жағдайлардың жасалуымен және сақталуымен сипатталады.
Қатаң регламенттелген жаттығулар әдістері өзіндік әдістемелік мәні бар үш кіші топтың типтік белгілері бойынша біріктірілген әдістердің біршама тобын қамтиды. Олар стандартты, ауыспалы және кешенді жаттығулар әдістері болып табылады. Сонымен бірге стандартты жаттығулар әдістері біркелкі, қайталама және стандартты-толассыз, ауыспалы жаттығулар әдістері біркелкі-жеделдетілген, интервалдық және аралас әдістерді, ал кешенді ықпалдар әдістері «фартлек» (төңірекке жүгіру ойындары) және айналма жаттығуларды біріктіреді.
Біркелкі әдіс демалыссыз ұзақ уақыт бойы орындалатын циклдік сипаттағы дене жұмысынан тұрады.
Қайталама әдіс қатаң жүктеме мөлшерімен орындалатын, стандарттық сипаттағы және орындалу ұзақтығы, сондай-ақ жаттығу тәсілдері арасында берілетін демалысы бар дене жұмысынан тұрады. Стандартты-толассыз әдіс демалыссыз, толассыз орындалатын жалпы дамытушы жаттығулар кешенін орындаудан тұрады.
Біркелкі-жеделдетілген әдіс мәрелік жеделдетумен аяқталатын циклдік сипаттағы дене жұмыстарын орындаудан тұрады.
Интервалдық әдіс тапсырмалар сериясын, олардың арасындағы белгілі бір аралықты орындаудан тұрады. Кейде жаттығуларды орындау арасындағы демалыс аралығының артуын білдіретін ілгерілетуші орындау түрінде немесе жаттығуларды орындау арасындағы тиісті демалыс аралығының азаюын білдіретін кері кете орындау түрінде қолданылады.
Аралас әдіс қозғалу тәсілдерін өзгерте отырып, дене жаттығуларын орындаудан тұрады. Фартлек қозғалудың әртүрлі жылдамдықтарын меңгеруге бағытталған ашық төңірекке жүгіру ойынынан тұрады. Жаттығудың айналма әдісі шартты түрде бөлінген және «стансаларды» айнала орналасқан жерге жалпы дамытушы сипаттағы дене жаттығуларын бір мезетте орындаудан тұрады.
Спорттық жаттығулардың ойын әдісі дәстүрлі үш нұсқада қолданылады:
– дайындық жаттығуларымен және қозғалыс ойындарымен бірге (тіземен регби);
– арнайы әзірленген дайындық ойындарын қолдана отырып (мысалы, пионербол);
– классикалық спорттық-ойын материалы қолданып (баскетбол, футбол және т.б. ойындары). Спорттық жаттығулардың сайыс әдісі де үш нұсқада қолданылады:
– қысқа мерзімді бағамдау түрінде;
– жартылай ресми сайыстар түрінде;
– ресми сайыстар түрінде.
Екінші нұсқа: Дене жаттығуларының техникасын меңгеру ерекшеліктері ескеріле отырып, спорттық жаттығулар мынадай әдістерге бөлінеді:
– спорттық жаттығулардың бөлшектелген әдісі (жаттығу күрделі болған кезде, оны игеруге көп уақыт пен күш қажет болғанда қолданылады);
– спорттық жаттығулардың біртұтас әдісі (жаттығу жеңіл болған кезде, уақыт пен күшті талап етпейтін жағдайда қолданылады);
– спорттық жаттығулардың біртұтас-бөлшектелген әдісі (тұтас қозғалыста жаттығулардың жекелеген бөліктерін біріктіру мүмкіндігінен тұрады және спорттық жаттығулардың бөлшектелген әдісін қолданғаннан кейін біраз уақыттан соң қолданылады).
Үшінші нұсқа: Ағза қызметіне әсерінің сипаты ескеріле отырып, спорттық жаттығулардың келесі әдістері ажыратылады:
– іріктеу әсері әдісі жаттығушы ағзаның жекелеген қызметтері мен тетіктерін мамандандыра дамыту мүмкіндігінен тұрады (мысалы, энергиямен қамтамасыз етудің креатинфосфаттық тетігі);
– спортшы ағзасының көптеген тетіктері мен қызметтеріне кешенді әсер етуден тұратын генералданған ықпалдар әдісі.
Төртінші нұсқа: Сайыс әрекетін модельдеу дәрежелері ескеріле отырып, ішінара және тұтастай модельдеу әдістері болып бөлінеді. Олар бәрінен бұрын спортшыларды ірі спорттық жарыстарға тактикалық даярлауда немесе спортшыны рекордтық нәтижеге жетуге даярлау үшін қолданылады.
Бесінші нұсқа: Спортшыларды даярлау түрлерінің ерекшеліктері ескеріле отырып, спорттық жаттығулар әдістері келесі топтарға бөлінеді:
– спортшының дене дайындығының әдістері;
– спортшының техникалық дайындығының әдістері;
– спортшының тактикалық дайындығының әдістері;
– спортшының психологиялық дайындығының әдістері;
– спортшының теориялық дайындығының әдістері.
Спорттық жаттығулар әдістерінің алуан түрлілігі практикалық жұмыста талаптардың айрықша шеңберін сақтай отырып қолданылады. Олардың қатарына төмендегілер жатады:
– спорттық жаттығулар үдерісінде қолданылатын әдістердің алуан түрлері;
– спорттық жаттығулардың әдістерін қолданудың әрбір жағдайының мақсатқа сай болуы;
– спорттық жаттығулардың келесі міндеттерін шешу үшін тиісті база құру қажеттілігі;
– орындалатын дене жаттығуларының ерекшеліктерін ескеру;
– спортпен айналысушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;
– дене жаттығулары орындалатын климаттық жағдайларды ескеру;
– спортшыларды даярлау кезеңдерін ескеру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет