1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары


Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене дайындығы



бет56/71
Дата31.12.2021
өлшемі195,76 Kb.
#22857
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене дайындығы

Балалар мен жасөспірімдер 7 жастан 17-18 жас аралығында мектеп қабырғасында білім алады. Осы кезеңде олардың денсаулықтары нығаяды, дене келбеті, түзу тұлғасы, әр түрлі қимыл-қозғалыс шеберліктері қалыптасады, негізгі жан-жақты қасиеттері дамиды.

Ғалымдардың дәлелдеулерінше, осы кезеңдегі негізгі денсаулық белгісі – оқушылардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмір сүру жағдайы мен сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін білуге болады. Балалардың бойы мен салмағы олардың денсаулықтарын анықтайтын санитарлы-гигиеналық, дәрігерлік-қоғамдық көрсеткіш болып табылады.

Ғылыми-зеттеулердің нәтижелері бойынша, баланың бойы орташа көрсеткіштерден жоғары болса, оларды тұрақты дәрігерлік бақылаудан өткізіп, ағзасының жүктемеге төзімділігін тексеру қажет болады. Салмағы орта көрсеткіштерден артық болса оның ағзасында функционалдық өзгерістер, жүрек-қан тамыры жүйесі жұмысы нашар болуы мүмкін деп есептеледі. Осы жағдайларды сабақ кездерінде жүктемелер бергенде ескеру қажет.

Орта көрсеткіштерден бойы мен салмағы жоғары балалар мен жасөспірімдердің жүйке жүйелерінің қозу үрдісі тез болады, олар ашуланса көп уақыт сабаларына түсе алмай отырады. Ойын сабақтары, эмоциялық әсерлер көп пайда болатын кездерде, ондай оқушыларды мұғалімдер көбірек тынықтыруға тырысуы керек. Салмақтары өте аз оқушыларға тыныс алу, демалу кеуде бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларды көбірек беру қажет болады.

Орыс ғалымдары Ю.П. Лисициннің (1996), Н.Н. Алфимовтың (1981, 1985), Ю.П. Высочанин және В.И. Шапошникованың (1999) еңбектері бойынша баланың бойы, салмағына байланысты дене дамуын бағалау кестесін ұсынып отырмыз (4,5-кестелер).

Балалар денесінің даму көрсеткіштері олардың дене көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Денелері дұрыс дамыған балалардың көбінесе дене қуаты көрсеткіштері де жақсы болады.

Ресейдің дене тәрбиесі мен спорт мамандары Л.Б. Кофман, В.А. Кабачков, А.Н.Тяпин, Л.А.Захаров, Ю.П. Пузырь (Ж.К. Холодов, В.С.Кузнецов, 2003) 6-17 жастағы мектеп оқушыларынан жылына екі рет: қыркүйек, мамыр айларында алынатын, олардың дене дайындығы деңгейін көрсететін сынақ жаттығуларын зерттеп құрастырды. Осы көрсеткіштер бойынша оқушылардың дене қасиеттерінің даму деңгейін анықтап, келешек жұмыстарға өзгерістер енгізуге болады. Бұл стандарттық сынақ жаттығулары қарапайым және дене деңгейі туралы көп ақпараттар береді:

- 1000 м жүгіру. Сынақ жаттығуы төзімділік деңгейін анықтауға арналған;

- 10 м-ді 5 рет қайталап жүгіру. Спорт залда, алаңда 10 м өлшеніп, екі жақ шетіне кубиктер белгі ретінде қойылады. Оның биіктігі 15-20 см болады, жаттығушылар оны айналып жүгіреді. Оқушы мұғалімнің белгісімен 10 метрлік қашықтықты 5 рет жүгіріп өтеді. Сынақ жаттығуы жылдамдық және ептілікті бағалауға арналған;

- белтемірде тартылу (ер балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің күш төзімділігін бағалауға арналған:

- белтемірде салбырай асылу (қыз балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің статикалық күш төзімділігін бағалауға арналған;

- шалқалап жатқан қалыпта 30 сек бойы кеудені көтеру. Сынақ жаттығуы кеудені көтеру бұлшық еттерінің күшін бағалауға арналған;

- отырған қалыптан алдыға еңкею. Сынақ жаттығуы омыртқа мен жамбас-сан буынының икемділігін өлшеуге арналған.

Осы оқушылардың дене дайындығы деңгейін анықтау нормалары келесі беттерде 6-кестеде көрсетілген.

Қазақстан мемлекетінің шығыс өңірлерінде мектеп оқушыларына арналған, сол жердегі климаттық, әлеуметтік, экономикалық жағдайға сай дене дайындығы сынақ жаттығулары кейінгі жылдары тұрақты қолданылып келеді. Ол сынақ жаттығулары 7-кестеде.

- 3х10 м-ге қайталап жүгіру. Жылдамдық, ептілік деңгейін анықтау жаттығуы;


  • орнынан ұзындыққа секіру. Күш жылдамдығын анықтау жаттығуы;

  • 30 метрге жүгіру. Жылдамдық деңгейін анықтау жаттығуы;

- нығызданған допты екі қолмен желкеден лақтыру. Қол, иық деңгейінің күшін анықтау жаттығуы.

Егер сынып оқушыларының 15% дене қасиетін анықтаудың бірнеше сынақтарын төменгі деңгейде тапсырса, дене тәрбиесі сабағының үрдісіне сол қасиеттерді дамыту туралы өзгерістер енгізу керек болады, жоғары деңгейде болса, сабақтарды оқу-жаттықтыру түрінде өткізіп дене қасиеттерін ары қарай дамыта береміз.


9.2. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары арнайы ұйымдастырылған екі түрде жүргізіледі. Ол дене тәрбиесі сабағы және басқа да жаттықтыру жұмыстары деп аталады.

Дене тәрбиесі үрдісін орындайтын негізгі түр – дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы мұғалімнің басшылығымен, арнайы мемлекеттік бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша 1-11 сынып оқушыларына міндетті түрде жүргізіледі.

Жаттықтыру жұмыстары оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін жоғарылату, денсаулықтарын нығайту, дене жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, жаттығулардың ағзаға керектігін қанағаттандыру мақсатында төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі:

1. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру жұмыстары. Бұл жұмыстар сабаққа дейін, сабақ кезінде, сабақтар арасында жүргізілетіндіктен күн тәртібі ішінде деп аталады. Олар: сабаққа дейінгі гимнастика, теориялық сабақтар кезіндегі сергектік сәттер, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен әр түрлі дене тәрбиесі жаттығулары, ұзартылған күн топтарындағы спорт сағаты.

2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары. Ол жұмыстар: спорт түрлерінен жаттықтыру сабақтары, туристік жорықтар, спорт жарыстары, спорттық мерекелер, Президенттік сынама және т.б.

3. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар. Бұл жұмыстар мектептен тыс жерлерде орналасқан мекемелерде жүргізіледі. Ол мекемелер: спорт мектептері, аула клубтары, спорттық-сауықтыру кешендері, бассейндер, шаңғы, су базалары, спорт сарайлары, стадиондар, жазғы сауықтыру лагерьлері және т.б.

4. Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары. Олар: таңертеңгі бой жазу жаттығулары, шаңғы, коньки, велосипед тебу, жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар, дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмаларын орындау және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет