1 дәріс Дәріс тақырыбы: Негізгі түсініктемелер. Диэлектрикті материалдардағы физикалық процестер



бет8/19
Дата27.11.2023
өлшемі1,33 Mb.
#128725
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Дәрістер

Қаттылық. Қаттылық, яғни материалдың беттік қабатының кіші өлшемді заттар көмегімен сығылу күштеуінің деформациясына қарсы тұру қабілеті, диэлектриктер үшін едәуір елеусіз мәні бар және әртүрлі әдістермен анықталады: бейорганикалық материалдар үшін – Моостың минералогиялық шкаласы бойынша, органикалық диэлектриктер бойынша – Бринелли тәсілі бойынша немесе Кузнецов маятнигі көмегімен.
Тұтқырлық. Сұйық және жартылай сұйық, электроқшаулама материалдары, майлар, лактар құю және сіңіру компаундтар үшін маңызды механикалық сипаттамасы болып тұтқырлық саналады.
Динамикалық тұтқырлық, немесе сұйықтың ішкі үйкеліс коэффициенті өзіменен, тұтқырлы ортаның бірқатар гидродинамика заңдарына кіретін шаманы көрсетеді, дәл айтқанда Пуазейль заңына – капиллярлы құбырша арқылы тұтқырлы сұйықтың ағуы, Стокс заңына – аз ғана тұрақты күш әсерімен тұтқырлы ортада шардың қозғалысы. СИ жүйесінде динамикалық η тұтқырлық секундқа көбейтілген паскальмен өлшенеді. СГС бірліктер жүйесінде динамикалық тұтқырлық көбнесе сантипуазбен (сП) өлшенеді:

1 Па · с = 10 П = 1000 сП. (10)


Кинематикалық тұтқырлық υ сұйықтың динамикалық тұтқырлығының оның тығыздығына қатынасына тең:




(11)

Ереже бойынша, температурамен тұтқырлықтың өзгеру заңы экспонента теңдеуіне сәйкес келеді




(12)
мұндағы А – берілген сұйықты сипаттайтын тұрақты; ω – молекуланың бір тағайындалған жағдайынан екінші жағдайына өту жұмысына тең, активация энергиясы.

6 дәріс


Дәріс тақырыбы: Диэлектриктердің классификациясы. Диэлектриктердің жылу қасиеттері. Диэлектриктердің химиялық қасиеттері және жоғары энергия сәулелерінің материалға әсері.
Диэлектриктердің жылу қасиеттері. Қызуғатөзімділік. Электроқшаулама материалдары мен заттардың өздеріне зиянсыз қысқамерзімде де, ұзақ уақыт ішінде де жоғары температура әсеріне төзу қызуға төзімділік деп аталады. Органикалық диэлектриктерпдің қызуға төзімділігі көбнесе басында созылудың немесе иілудің механикалық деформациясын анықтайды, материалға қызу кезінде қысым әсерімен иненің енуі («қызуға төзімділікті» анықтау).
Температуралық ұшқын деп сұйық буының ауамен аралсуы оған аз ғана ұшқынның жақындағанында ұшқындайтын қызу кезіндегі температураны айтады. Жану температурасы – одан да жоғары температура, бұл температура кезінде сыналып отырған сұйық жалын жақындатқан кезде жанады.
Жайлап аққан химиялық процестер садлдарынан жоғарғы температураның ұзақ әсері кезінде, егер оқшаулама сапасының нашарлағаны табылатын болса, бұл құбылыс оқшауламаның жылулық тозуы деп аталады. Тозу, мысалы, лакты қабаттарда және целлюлозды материалдарда қаттылық пен морттықтың артуы, сызаттардың пайда болуы түрінде болуы мүмкін.
Жылуөткізгіштік. Жылуөткізгіштіктің практикалық мәні электр оқшауламасымен қамтылған өткізгіштер мен магнитөткізгіштерде қуат шығыны салдарынан болатын және де оқшауламадағы диэлектрикті шығындар салдарынан бөлінентін жылу іртүрлі материалдар арқылы қоршаған ортаға беріледі. Жылуөткізгіштік, жылулық тесілі кезінде электртөзімділікке және материалдың жылу импульстарына төзімділігіне әсер етеді. Материалдардың жылуөткізгіштігі Фурье теңдеуіне кіретін γТ жылуөткізгіштікпен сипатталады:


(13)

мұндағы ΔРт – ΔS ауданы арқылы өтетін жылу ағыны қуаты, dT/dl – температура градиенті.


Диэлектриктердің химиялық қасиеттері. Диэлектриктердің химиялық қасиеттерін білу эксплуатация кезінде оның сенімділігін бағалау үшін және технологияны дайындау үшін қажет. Детальдарды өндіруде материалдар әртүрлі химия-технологиялық тәсілдермен өңделуі мүмкін: жабыстырылуы, лактарды құрып ерткіштерде ерілуі мүмкін және тағы басқа. Қатты материалдардың ерігіштігі ерткішпен жанасатын материалдың бірлік бетінен уақыт бірлігінде ерітіндіге өтетін материал шамасымен анықталады. Бәрінен жеңіл химиялық табиғаты бойынша ерткішке жақын және молекулаларында атомдардың ұқсас топтамалары бар заттар ериді; дипольды заттар дипольды сұйықтарда жеңіл ериді, нейтральды – нейтральды сұйықтарда. Полимеризация дәрежесі өссе ерігіштік төмендейді, молекулаларының сызықты структурасы бар жоғарғымолекулярлы заттар салыстырмалы түрде жеңіл ериді, ал кеңістікті структуралы – едәуір қиын ериді.
Толқынды сәулелерге γ-сәулелер, қатты және жұмсақ рентген сәулелер жатады. Сәулелердің интенсивтігін Вт/м2 өлшейді, ал нейтрондар үшін жылдам немесе баяу нейтрондар үшін ағын тығыздығын 1 м2 арқылы көрсетеді.
Материал бетіне түсе отырып сәуле энергиясы, келесі заң бойынша тереңге сіңу шамасы бойынша кемиді:


(14)

мұндағы Р0 – материал беті жанындағы доза қуаты, хтереңдік, μ –материалдағы сәуленің әсерлі әлсіздену коэффициенті.


Қарапайым заттар үшін әсерлі әлсіздену коэффициенті:


(15)

мұндағы λ – сәуле толқынының ұзындығы, Z – Менделеев кестесіндегі элемент нөмірі, ρ – тығыздық, К – пропорционалдық коэффициент.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет