1 дәріс Дәріс тақырыбы: Негізгі түсініктемелер. Диэлектрикті материалдардағы физикалық процестер



бет3/19
Дата27.11.2023
өлшемі1,33 Mb.
#128725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Дәрістер

Электрондық полярлану – (Qэ, Cэ) атомдар мен иондардың қабатындағы электрондардың серпімді түрде орынауысуы мен диформациялануы. Уақыты 10-15 сек тең.Бөліктердің полярлануы температурадан тәуелді болмайды, бірақ заттың полярлануы температура өсуімен азаяды. Электрондық полярлану диэлектриктердің барлық түрінде кездеседі және энергияның шығынымен байланысты болмайды.
Ионды полярлану – (Qи, Cи) ионды құрылымы бар қатты денелерге және серпімді түрде байланысқан иондардың орынауыстырумен пайда болады. Температураның өсуімен серпімді күштердің әлсіреуімен ол күшейеді. Уақыты 10-13 сек тең.
Дипольді-релаксациялық полярлану – ( Сд-р, Qд-р, rд-р ) олар бөлшектеудің жылулық қозғалысымен байланысты. Бос жылулық жүрістегі дипольдің молекулалар, өрістің әсерінен ретеледі, осы полярланудың себебі болып табылады. Температураның өсуімен полярлану мөлшері алғашында өсіп ретсіз жылулық қозғалыстар екпінді күйге енген соң, полярлану мөлшері азая бастайды.
Ионды-релаксациялық полярлану – (Си-р, Qи-р, rи-р) органикалық емес әйнектерде және кейбір ионды кристалды органикалық емес заттарда кездеседі. Бұл жағдайда заттың өзара әлсіз байланысқан иондары сыртқы электрлік өрісінің әсерінен әдеттен өте көп жылулық қозғалысты қабылдайды. Электрлік өрісі алынғаннан соң иондар қозғалысы экспоненциялдық заңдылық бойынша әлсірейді. Полярлану шамасы температураның өсуімен өседі.
Электронды-релаксациялық полярлану – (Qэ-р, Сэ-р, rэ-р) артық “дефектілік” электродар немесе “кемтік” қозған жылу энергиясының әсерінен пайда болады.
Миграциялық полярлану – (Qм, См, rм) полярланудың қосымша механизімі, біркелкі емес құрылымдағы қатты денелерде көрінеді. Мұндай полярланудың себебі, техникалық диэлектриктердегі өткізгіштік және жартылай өткізгіштік қосылыстар, әртүрлі қабатты өткізгіштердің болуы және т.б.болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет