1 дəріс. Əлеуметтануға кіріспе Жоспар: Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял



бет17/52
Дата15.12.2023
өлшемі395,61 Kb.
#138465
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Бұқаралық ақпарат құралдары
Өмірімізді теледидар, веб-сайттар, подкастар, журналдар, фильмдер, билбордтар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларынсыз елестету мүмкін емес. Бұқаралық ақпарат құралдары -ауқымды аудиторияны қамтуға арналған қарым-қатынас формалары. Әлеуметтену үшін ең маңызды бұқаралық ақпарат құралы - теледидар екені сөзсіз. Әрбір қоғамда дін - дербес бағыт-бағдар берудің маңызды құралы. Діни доктринаның құндылықтары мен адамгершілік ұстанымдары жалпы құндылықтар мен көзқарастарға бағыт-бағдар береді. Дін арқылы қалыптасқан құндылықтар әлеуметтенудің басқа агенттері арқылы құралған идеалдарға сәйкес келеді.


65 жас және одан жоғары
Осы күні америкалықтардың көбі 65 жастан артық өмір сүреді. Кейбіреулері жетпіс, сексен және тіпті одан үлкен жасқа дейін толық жұмыс істей береді. Ал кейбірі оқу орнына қайта оралып, жаңа мамандық алады. Бірақ көпшілігі қарттықты зейнеткер ретінде даралықтың жаңа сатысына өтуден түсінеді. Сол себепті олар алдын ала әлеуметтенуді жүзеге асыра алады. Өкінішке қарай, егде жастағы адамдардың көбі жұбайы немесе ұзақ жылдар бойы бірге болған серігі қайтыс болғаннан кейін күйзеліске түсіп, «мен кіммін», «қалған өмірімді қалай өткізем» деген сияқты сұрақтарға жауап іздей бастайды. Жасы 80-нен асқандардың көбі ұзақ мерзімді күтім жасайтын мекемеге көшуі керек. Мұндай жағдайда адамдар жаңа мінез-құлық ережелерін үйренуі тиіс.


Қайта әлеуметтену
Әлеуметтену жайлы талдауларымызда айтылғандай, өмір бойы әлеуметтену - әдетте біртіндеп жүретін процесс. Жаңа өмір салтына тән сенім мен құндылықтарды үйрену процесі қайта әлеуметтену деп аталады. Қоғам қайта әлеуметтенуді саналы түрде қолдануы мүмкін. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтік қиындықтар тудырған жағдайда (мысалы, қылмыскерлер, маскүнемдер немесе психикасы бұзылған адамдар) қоғам оларды бұрынғы өмірінен бас тартып, қалыпты шарттарды қабылдауға мәжбүрлеуі мүмкін.


Арнайы мекемелер
Қайта әлеуметтену процесінің алғашқы қадамы көбінесе адамды оның бұрынғы ортасынан алшақтатып, арнайы мекемелерде оқшаулауды талап етеді. Яғни өмірдің барлық саласын түбегейлі қайта әлеуметтендіру мақсатында ол арнайы мекемелерде қатал түрде бақылануы керек. Ондай мекемелерге монастырьлар, түрмелер, лагерлер мен психикалық ауруханалар жатады. Осындай мекемелерге қамалғандар өз мәртебесінен, әлеуметтік ұстанымдары мен өзін-өзі бағалауына негіз болған қарым-қатынастардан айырылады. Тіпті киім-кешегі униформамен алмастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет