Статистикалық әдіс көптеген зерттеулерде кеңінен тараған. Ол тұрғындар денсаулығының дәрежесін, емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысының эффективтілігімен сапасын объективті анықтауға мүмкіндік береді. Тарихи әдіс зерттелетін мәселенің мемлекет дамуындағы әр түрлі тарихи кезеңдерде бақылап отыру мүмкіндігін береді.
Экономикалық әдіс экономиканың денсаулық сақтауға және денсаулық сақтаудың мемлекет экономикасына әсерін орнату, халық денсаулығын эффективті қорғау үшін мемлекеттік қаржыны жұмсаудың тиімді жолдарын анықтау мүмкіндігін береді. Медициналық мекемелердің және денсаулық сақтау органдарының қаржыландыру қызметтерін жоспарлау, бөлінген қаржыны тиімді жұмсау, тұрғындарды сауықтыру мақсатында денсаулық сақтау қызметінің эффективтілігін және сол қызметтің мемлекет экономикасына әсерін бағалау – осының бәрі денсаулық сақтау аясындағы экономикалық зерттеулерді құрайды.
Тэжірибелік әдіс медициналық мекемелердің, денсаулық сақтаудың жеке қызметтерінің зерттеулердің жаңа және тиімдірек түрлері мен әдістерін іздеуге арналған тәжірибелерді жасауды қарастырады.
Зерттеулерде айтылған әдістердің көбісі кешен ретінде қолданылатынын атап кеткен жөн. Мысалы, егер зерттеуде тұрғындарға амбуларотлы-поликлиникалық көмек көрсету дәрежесін және оны толық жетілдіру жолдарын зерттеу міндеті тұрса, онда статистикалық әдіспен тұрғындар сырқаттылығы, поликлиникалық мекемелерге өздігімен келуі зерттеледі, тарихи әдіспен оның динамикасы, әр түрлі кезеңдердегі дәрежесі сарапталады. Тәжірибелік әдіспен поликлиника жұмысына ұсынылған жаңа түрлері сарапталып, оның экономикалық мақсатқа лайықтылығы мен эффективтілігі тексеріледі.
Зерттеуде хронометражды әдістер қолдану мүмкін (медициналық қызметкерлер жұмысының хронометриясы, аурулардың медициналық көмекті алу үшін уақыт шығынын сараптау және т.б.).
Экспертік бағалау әдісі медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын зерттеу және жоспарлау үшін кеңінен қолданылады. Бұл өте маңызды әдіс және оны ұмытпау керек.