Тыныс алу және оның жас ерекшеліктері. Тыныс гигиенасы.
Мақсаты: Тыныс алу және тыныс гигиенасы туралы тҥсінікті
беру.
Негізгі сұрақтар:
1. Тыныс алу жҥйесі мҥшелерінің қҧрылысының жас
ерекшелігі.
2. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
3. Тыныс алу мҥшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналық талаптары.
I. Тыныс алу дегеніміз қоршаған орта мен организмнің жасуша арасындағы газалмасуы. Тыныс алу органдары (мҥшелері) танау мен жҧтқыншақтан, кеңірдектен, бронх тармандарынан және негізгі тыныс алу органы ӛкпеден қҧралған. Ол кӛптеген альвеолардан тҥрады. Ӛкпе кеуде қҥысында орналасқан. Кеуде куысы омыртқа жотасының қабырғалардаң, тӛссҥйегі мен диафрагмадан қҧралған. Ӛкпе кӛкірек қабырғасымен тікелей жанаспайды. Олардың арасында плевраның беткейлік (париеталдық) және астарлық (висцералдық) жапырақшаларымен кӛмкерілген плеврааралық қуыс болады. Бҧл қуыстың пайда болу себептері: 1 - туғаннан соң кеуденің дамуы ӛкпеге қарағанда жылдамдырақ болады. 2 - қабырғаның басы омыртқаның жігімен және омыртқанын канаты қабырғаның бҧдырмағымен әуелгі дем алудан кейін бекітіледі.
Тыныс алу 5 негізгі кезеңнен тҧрады:
1. Сыртқы тыныс алу - ӛкпе кӛпіршіктері мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасуы немесе ӛкпенің желдетілуі.
2. Кіші қан айналым шеңбері капиллярларындағы газ алмасуы.
3. Ҥлкен қан айналым шеңбері капиллярларының қан мен ҧлпа арасындағы газ алмасуы.
4. Газдардың қан арқылы тасымалдануы – оттегінің ӛкпеден ҧлпаларға және кӛмірқышқыл газының ҧлпалардан ӛкпеге тасымалдану
5. Ішкі тыныс алу – жасуша митохондриясындағы заттардың биологиялық тотығуы немесе тканьдік тыныс алу.
Алғашқы тӛртеуін физиология, ал бесіншісін биохимия зерттейді. Тыныс алу жҥйесінің қҧрлысы мен қызметі адамның жасына,
жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты. Жаңа туған сәбидің ӛкпесінің ҧлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына ӛте бай болады. Алғашқы бес айлық ӛмірінде және жыныстық жетілу
шағында ӛкпе қарқынды ӛседі. Ӛмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жҥре бастағанда баланың кеудесі тӛмен тҥседі де, диафрагмалық−кеуделік дем алу пайда болады. 3−7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минӛттік мӛлшері дене салмағымен салыстырғанда бала ӛсе келе азаяды. Ӛкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал
жаңа туған сәбиде 0,07 мм. Кӛмейдің жалғасы кеңірдектің ҧзындығы балаларда – 4 см, оң жаста – 7 см, ересек адамда − 10−12 см. Туған кезде
баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі, ҧрық кезінде ӛкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды ӛсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы кӛтеріңкі болып, қабырға сҥйектері ересек адамдарғыдай тӛмен тҥспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мӛлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы
қамтамасыз етеді. Қабырға сҥйектерінің қиғашталуы кҥшейе бастағанна кейін терең дем алатын мҥмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |