№1 Дәріс
Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу.
1. Кіріспе.
Жоспары:
1.1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы.
1.2. Физиологияның негізгі мақсаттары.
1.3. Физиология ғылымының дамуы.
1.4. физиологияның зерттеу обьектілері мен әдістері.
1.5. Физиологияның басқа ғылымдарымен байланысы.
Лекция мақсаты: Студенттерге физиология пәнінің мазмұны мен маңызы, негізгі мақсаттары, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері жайлы толық мағлұмат беру.
Лекция мазмұны:
Физиология-(грек phises-табиғат,eogos-ғылым). Физиология грек тілінде – организмнің функциялпры туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді.Физиологияның мағлұматтар адам мен жануарларды организімінде жүретін процестерді тиімді бағытта өзгертіп отыруға қажет шараларды ғылыми негізде жүзеге асыру, түрлі аурулардың алдын алу және оларды дұрыс емдеу үшін қажет.
Адам физиологиясының заңдылықтарын айқындау - өмірді ұзартуға, организмді сауықтыру,еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту шараларын дұрыс ұйымдастыруға, аурулардың алдын алуға және олардан емдеудің жаңа жандары мен тәсілдерін табуға негіз болды.
Жануарлар физиологиясы - адамның мұқтаждығына, талабына сәйкес. Үй хайуанатттарын мінезін өзгертудің, өнімділігін арттырып, өнім санасын жақсартудың, оларды дұрыс күтіп- бағудың, өсірудің қоректендірудің биологиялық негізі:
1.3. Физиологияның негізгі мақсаттары: Әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің ( зат алмасу, тыныс алу, қоректену б.б) заңдылықтарын зернттеу организмнің жеке жүйелери және организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизмін анықтау эвалюциялық даму дәрежесіндегі және әр түрлі экалогиялық жағдайлардағы организмдер функцияларының сапалық айырмасын тексеру
Организмнің дамуы барысында түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу.
2. Физиология ғылымының дамуы: Адам мен жануарлар денесін өмір сүру және қызмет жасау сырлары адамды ертеден өмір сүру және қызмет жасау сырлары адамды ертеден ақ қызықтырған.Бұған ертеден дүние дәуіріндегі Египеттің, Үндістанның,Грецияның және Римнің ерте заманнан қалған қол жазбалары дәлел бола алады. Гректің ұлы энцияклопедияшы –ғалымы Аристотель 4-ғасыр біздің дәуірге дейінгі қан бұлшық ет, шеміршек, сүйек және май ұлпаларын ашты және оларды ажыратып берді.
Әл-Фарабидің анатомиясын, физиологиялық, психологиялық және медициналық пікірлері: ”Жаратылыс ғылымының трактаты”,”Берілген сұраққа жауап”.т.б. еңбектерінде баяндамады. Ибн-Синаның еңбектерінде ішінде құндыларының бірі-“Дәрілік ғылым каноны –бұл еңбегінде медицинаның жалпы теорияларды, адам анатомиясы және физиологиясы, хирургия, диагностика (аурудын) түрі, оны емдеу” мәселелері жазылған.
Қайта өркендеу, дәуіріне (15-16 ғ)ағ. ғалымы Вильям Гарвей морфологиясының және тәжірибелік зерттеулердің нәтижесінде тарихта 1-ші рет қан айналудың негізін түсіндіріп берді. 17-18ғ.(1622ж) Г.Азелли сүт жолдарын сипаттап берді. Содан ағзада лимфаның айналуы туралы туралы зерттеулер басталды.Италия дәрігері Г.Гальвани 1791ж электрлік құбылыстардың биологиялық обьектілерге де тән екендігін дәлелдеді.
19-ғасыр К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда нағыз табиғаттың ғасыры болды.1859жЧ.Дарвиннің эволюциялық теориясы жарыққа шықты.1838ж.неміс ғалымдары М.Шлейдің мен Т.Шванн клеткалық теорияны ашып,барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрылыстары 1-не ұқсас клеткадан түзілген, сондықтан да қайсы ағза болсын,оның өсуі мен дамуы клетканың дамуына байланысты екенін дәлелдеді: Аса көрнекті орыс ғалымы И.М.Сеченов 1863ж өзінің “бас миының рефлекстері” деген керемет маңызды еңбегінде адамның ойлану қасиеттері туралы зерттеулерін келтірді.19 ғасыр “бу мен электрдің” ғасыры болып басталып “атом мен космостың”ғасыры болып отыр.
1.4. Физиологияның негізін зерттейтін әдістері: Тәжірибе жасау.Тәжірибе немесе эксперимент әдістері негізгі 4-топқа бөлді:
1.Зерттелетін обьектінің міндет-мақсаттарының басып тастау немесе тоқтату :
2.Міндет-мақсаттарды ынталандыру:
3.Электрлік белсенділіктерді тіркеу:
4.Модельдеу:
а)1-ші әдістер бойынша мүше немесе оның бөлшек хирургиялық жолмен алып тасталынады.Тамырлар ауыстырылып, жалғанады, немесе химиялық заттардың әсерін пайдаланылады. Мысалы, асқазан-ішек жолындағы бауырдың тарьерлік зиянсыздандыру міндетін ажырату үшін, бауырды аттап қақпаның вена тамырды тікелей қуыс вена тамырымен жалғайды.
б)2-ші топ әдістер бойынша әртүрлі физикалық және химиялық тітіркендірушілер қолданылады.Мыс:электр ағысы, гармондық препараттар.
в)3-ші топқа жататын электр потенциалдарын тіркеу әдістері жүйке клеткаларының жағдайын бақылай алатын практикада ең басты әдіс болып саналады.Бұл әдіс зерттелетін мүшеге ешқандай зақым жасамайды.
г)Модельдеу әдістері кибернатиканың дамуы мен байланысты болды. Бұл әдіс математикалық оймен ағзада болып жатқан құбылыстар қасиеттерді сипаттайды.Мыс:жыл сайын дүние, жүзінде 200 млндай жануар тәжірибешілердің қолынан өледі.Сондықтан тәжірибелер мүмкіндігінше табиғи жағдайда немесе наркоз арқылы жасалуы керек.
1.5. Физиология пәні басқа көптеген пәндермен тығыз байланысты.Мыс:физика( қимыл механикасы,биофизика).Химия (зат алмасуда) кибернетика бионика модельдеу. Анатомиямен
Физиология тірі ағзаның, оның жүйке жүйелерінің, мүшелерінің ұлпаларының жəне жасушаларының əрекетін, атқаратын атқаратын қызметін жүйелі түрде адам ағзаларының ішкі жəне сыртқы ортасымен байланыстыра зерттейтін ғылым. Физиология анатомия мен гисталогиядан бөлініп шыққаннан бастап физика мен химияның əдістерін қолдана отырып, үрдіс дамып келе жатқан білім саласы. Оның дəлелі ретінде қазіргі физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, эндокриналогия, жүйке физиологиясы, радиобиология т.б. бөлініп шықты.
Физиология өзінің ғылыми бағытына жəне көздеген мақсатына сəйкес бір біріе тығыз байланысты жəне жеке дамитын бірнеше салаларға: жалпы, салыстырмалы, жеке, жас, қолданбалы болып бөлінеді.
ЖАЛПЫ ФИЗИОЛОГИЯ ағзаның жасушалары мен ұлпаларына, мүшелеріне бірдей тəн негізгі тіршілік əрекетінің табиғатын қызметтерінің жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді. Олардың сыртқы жəне ішкі ортаның əртүрлі əсерлеріне жалпы жауабын: тітіркену, қозу, тежелу т.б. құбылыстар туралы мəліметтерді қарайды.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ФИЗИОЛОГИЯ əр түрге жататын ағзалардың өзіне тəн қызмет ерекшеліктерін немесе бір түрге жататын ағзаның əр түрлі тіршілік кезеңдеріндегі қызмет ерекшеліктерін зерттейді (қазіргі уақытта эволюциялық даму физиологиясы деп аталады).
Жеке физиология кибір жануарлар түрінің мысалы: малдар, өсімдіктер адам ағзаларының қызметін зерттесе, немесе адам физиологиясының ішінен жеке мүшелердің: бауырдың, бүиректің, жүректің, жүйке жүйелерінің т.б қызметі мен ерекшеліктерін зеріктеиді.
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ адам ағзасының тіршілік əрекетінде антогенездік даму барысындағы өзгерістерді анықтайды.
ҚОЛДАНБАЛЫ ФИЗИОЛОГИЯ адамның əлеуметтік жағдайы мен мақсатты іс əрекетіне байланысты ағзадағы өзгерістерді, оның заңдылығын анықтайды. Оған адам физиологиясы, спорт физиологиясы, тамақтану, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының ағза қызметіне əсері экологиялық физиология дамып отыр. Сонымен қатар кейбір мамандық саласында адам ағзасы əр алуан төтенше жағдайлар мен орасан жүктемелер əсеріне тап болады. Мысалы: су асты, əуеде, ғарышта соған сəйкес су асты, авиация, ғарыш физиологиялары үрдіс дамуда.
Қалыпты жағдайдағы жəне дене жұмысы кезіндегі (денені шынықтыру немесе машықтану) адам ағзаларының тіршілігіне бейімделу қызметтерін адам физиологиясы оқып үйретеді.
Физиология анатомия ғылымымен өте тығыз байланысты, себебі екеуінің зерттеу объектісі адам, егер анатомия тірі адамның құрылысын, құрылымын зерттесе, ал физиология оның атқаратын қызметін тексереді. Физиология ұлпалардың жасушалардың құрылысы мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылымдар гисталогия мен циталогиямен байланысты.
Физиологияда қолданылатын тəжірибиелерде физика мен химиялық əдістер қолданылады, себебі əрбір тірі ағзада болатын зат, қуат алмасу процестерінің өзі физикалық жəне химиялық құбылыстар болып табылады. Сондықтан да бұл сала үрдіс дамып, ғылымның жеке бөлімдері биологиялық химия, биологиялық физика салалары дамып шықты.
Соңғы уақыттарда физиология үшін кибернетика ғылымының маңызы өсіп отыр. Кибернетика басқарулардың жалпы принциптері туралы ғылым, ол машина мен тірі ағзалардың байланысын зерттейді. Ол математика жəне физика ғылымдарына сүйене отырып ағзадағы əр түрлі мүшелердің қызметін реттеудің жалпы прициптерін, байланысын ашуға көмектеседі.
Физиология сонымен қатар барлық медицина ғылымдарымен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |