1-дәріс Геофизикаға кіріспе Жоспары


Геофизикалық өрістің кернеулігі



бет4/5
Дата08.03.2023
өлшемі232,52 Kb.
#72499
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-дәріс

Геофизикалық өрістің кернеулігі – геофизикалық өрістердің негізгі сипаттамасы болып табылады, ол олардың бір көзге (электр заряды, массасы, энергиясы) әсер ету күшін анықтайды. Өріс кернеулігі – күштің әсер ету бағытына қарай бағытталған векторлық шама. Егер күш көзден радиус бойымен бағытталған болса, онда кернеулік оң, ал көзге қарай болса - теріс болып саналады. Электр өрісінің күші вольт-метрмен (В/м), магниттік - ампер- метрмен (А/м), гравитациялық – метр-секунд квадратпен (м/с2) өлшенеді.
Геофизикалық өрістің потенциалы - бұл шексіздіктегі кернеулік нөлге тең болған жағдайда, бір оң көзді өрістің берілген нүктесіне шексіздіктен әкелу үшін сыртқы күштердің атқаратын жұмысы.
Бұл жұмыс көзге қайсыбір энергия потенциалын U береді. Геофизикалық өрістің кернеулігі E мен потенциал U арасында E = - grad U байланысы бар. Бұл теңдеудегі минус таңбасы градиент потенциалдың артуына қарай бағытталғанын білдіреді, ал кернеулік оның төмендеуіне қарай бағытталған.
Геофизикалық құбылысбұл геофизикалық өрістердің немесе олардың жеке жақтарының күйінің күрт (сапалық) өзгеруімен ілесе жүретін белгілі бір физикалық процесс.
Геофизикалық құбылыстардың спектрі өте кең. Оларға, мысалы, полярлық сәулелер, магниттік дауылдар, найзағайлар, жер сілкінісі, магниттік полюстердің қозғалысы, мұз бен қар жамылғысының қалыптасуы мен еруі, қар көшкіндері, сел, құрлық және теңіз толқулары және т.б. жатады.
Геофизикалық өрістердің, әсіресе геофизикалық құбылыстардың алуан түрлілігіне қарамастан, олардың барлығының ортақ ерекшеліктері бар. Оларға кеңістіктегі өзгерістердің (ендікте, бойлықта, биіктікте, тереңдікте) түрліше бағытталуы мен өзгеру қарқындылығы, уақыт ішінде (секундтармен және секундтардың бөліктерімен өлшенетін қысқа мерзімділігінен бастап, маусымдағы, бір жылдағы, онжылдықтағы, ғасырдағы өзгерістерге дейін) өзгеруінің алуан түрлілігі.
4. Геофизикалық жұмыстар пайдалы қазбаларды есептеу, іздеу және барлау мақсатында жүргізіледі. Негізгі мақсаты: тереңдіктегі геологиялық құрылысты зерттеу.
Барлау геофизикасының әдістері:

  1. Магниттік барлау

  2. Сейсмикалық барлау

  3. Гравиметриялық барлау

  4. Электрлік барлау

  5. Ұңғымаларды зерттеу.

Шешетін міндеттері:
1. Рудалы кен орындарды табу
2. Мұнай, газ кен орындарын табу
3. Руда емес пайдалы қазбалар
4. Инженерлік-геологиялық зерттеулер
5. Тау кен техникалық зерттеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет