Қазақстан халықаралық құқықтық актілермен қатар БҰҰ-ның "Мүгедектердің құқықтары туралы" (2016 жылы) және "Білім беру саласындағы дискриманцияға қарсы күрес туралы" (2017 жылы) конвенцияларын ратификациялай отырып, әрбір азаматтың қандай да бір кемсітушіліксіз сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етудің саяси еркіндігін көрсетеді.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.

Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, мына міндеттерді шешу көзделген:

-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.