Байланысты: 1-д ріс. «Жа артыл ан мазм нда ы «Математика» п нін о ыту дісте
Комбинаторика элементтеріне берілген тапсырма:
Мектеп асханасында екі бірінші тағам: кеспе көже және борщ; үш екінші тағам: котлет, қуырдақ және палау ұсынылады. Бір бірінші және бір екінші тағамнан тұратын неше әртүрлі түскі ас құрастыруға болады?
Есепті жадынаманы пайдаланып, қарапайым таңдау әдісімен – барлық нұсқаларын таңдаудың мүмкін комбинацияларын құру арқылы шығар.
* Түскі астың бірінші және екінші тағамдарынан тұратын бірінші нұсқасын айтып бер және тағам атауларының бірінші әріптерімен жазып көрсет.
* Әртүрлі комбинациялардан тұратын барлық нұсқаларын таңдауды жалғастырып, тағам атауларының бірінші әріптерімен жазып көрсет.
* Мектеп асханасындағы екі тағамнан тұратын түскі астың түрлі нұсқаларын сана және жазып көрсет.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Жиынға берілген анықтамалар мен оның түрлерін теріп жазыңыз.
2. «Жиын» ұғымына байланысты бастауыш сынып оқулықтарындағы материалдарды іріктеңіз.
Логика элементтеріне не жатады?