1-дәріс. «Жаңартылған мазмұндағы «Математика» пәнін оқыту әдістемесі» бастауыш мектептегі математика әдістемесінің негіздері жайлы ғылым


-дәріс. «Математикалық модельдеу (жай есептер және оларды шешу)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы



бет9/16
Дата25.05.2023
өлшемі383,54 Kb.
#97322
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
1-д ріс. «Жа артыл ан мазм нда ы «Математика» п нін о ыту дісте

11-дәріс. «Математикалық модельдеу (жай есептер және оларды шешу)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Есеп, оның түрлері, шығару тәсілдерін талдау.
2. Жай есептердің түрлері, шығару, модельдеудің үлгілеріне талдаулар жасау.
3. Жай есептерді есептерді шығаруға үйрету технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
«Есеп» ұғымымен айқын түрде таныстыру бұрынғы оқулықтарда да бар және әдістемелері ұқсас. Ол үшін көрнекілік ретінде асықтар мен қоржын алып келіп, нақты практикалық іс-әрекет түрінде көрсету қажет.
Мысалы. «Асанда 3 асық бар еді. Оған атасы тағы 1 асық берді. Асанда неше асық болды?» есебі берілсін. 
Асанда 3 асық бар еді. (Асықтар көрсетіліп, қоржынға салынады). Оған атасы тағы 1 асық берді. (олар да көрсетіледі де, қоржынға салынады). Асанда неше асық болды?
«Балалар, бұл – есеп» - деп хабарланады. «Есеп» деген жазуы бар карточка тақтаға ілінеді.
Қоржыннан асықтар шығарылады да, есептің шарты қайтадан айтылады.
- Асанда 3 асық бар еді. Оған атасы тағы 1 асық берді.
- Бұл – есептің шарты. («Шарты» деген карточка тақтаға ілінеді)
- Асанда неше асық бар? Бұл – есептің сұрағы. («Сұрағы» деген карточка да тақтаға ілініп, алдыңғы үш термин арасына стрелкалар қойылады:
Есепті шешу үшін заттық иллюстрация көрсетіледі.
Ары қарай есептің шешу жолын іздестіру жұмысы жүргізіледі.
- Асанда неше асық бар еді? (3)
- Тағы атасы неше асық береді? (1)
- Балалар, асықтар артты ма, кеміді ме?
- Артты. Онда қандай амал қолданамыз? 
3 + 1 = 4. Бұл – есептің шешуі 
- Сонда қанша болды (4)
- Асанда неше асық болды? 
- 4 асық, бұл – есептің жауабы.
Әрбір жаңадан енгізілген термин тақтаға ілініп отырады.
Сонда тақтада тізбек шығады, осы тізбекті келесі сабақта да қолдануға болады. Оқушылар көре отырып, есептің әр бөлігін және есеппен байланысты терминдерді естерінде сақтауға негіз жасалады.
Бірінші сынып оқушыларын есептің мәнді белгілерімен, яғни 1) есеп мәтінмен беріледі; 2) сол мәтінде өмірде кездесетін нақты жағдаят сипатталады; 3) есептің сұрағы болады; 4) сол сұраққа жауап беру үшін қандай да бір амал орындалады сияқты мәселелерімен таныстыру, оларды анықтай алу, есепті басқа тапсырмалардан ажырата алу жұмыстарын жүргізу жүзеге асырылады.
Жай есеп дегеніміз бір амалмен шығарылатын, ал құрама дегеніміз екі немесе одан да артық амалмен шығарылатын есептер. Жай есептің бірнеше түрлері бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет