Байланысты: 1-д?ріс. Жазуды? пайда болуы мен дамуы. Жазуды? ма?ызы мен ?ызме
3. Көне заман жəне орта ғасыр ескерткіштері арқылы лексиканы тану Ертеректе жазылып қалған ескерткіштердің тілінде қыпшақ тілінің барлық лексика-
грамматикалық ерекшеліктері қамтылып, барша элементтері кезедседі деу қиын. Біз
әңгіме етіп отырған халық тілінің сөйлеу нормассына негізделген жазбаларда сөздер
тура мағынасында келтіріліп, олардың ауыспалы мағынасына көңіл аударылмаған. Бұл
өзі бір жағынан заңды да. Өйткені сөздердің ауыспалы мағынасы көркем әдебиет
тілінде жиі қолданылады да, басқа әдебиеттерде (оқу құралдары, сөздіктер,
грамматикалар) тура мағынасында алынады. Тура (конкретті) мағынасында
қолданылып тұрған сөздердің мағыналық ара қатынасын айқындауда олардың омоним,
антоним және синоним сөздер қатарында жұмсалатынын айтуға болады.
К ө п м а ғ ы н а л ы с ө з д е р. Тіл-тілде біраз сөздердің бір емес, бірнеше мағынада
қолданылатынын білеміз. Бұл қыпшақ тіліне де тән құбылыс. Бірақ ондай көп
мағыналы сөздердің саны онша көп емес.Мысалы: от деген сөздің «өсімдік», өсімдіктерден жасалатын «дəрі-дəрмек» және «опа» (помада) деген мағыналары бар.
Бірінші мағына от сөзінің, әрине, тура мағынасы да, қалған екеуі (дəрі, опа) сол бірінші
мағынасының негізінде дамыған қосымша мағыналары. Сол сияқты «құрғақ, құрғаған»
деген ұғым беретін қуру сөзінің «құрылым» (материк) деген үстеме мағынасы бар
О м о н и м с ө з д е р д і ң жалпы саны көп емес. Мысалы: құру (құрғақ) – құру (безгек), қаш (қас) – қаш (асыл тас) – қаш (таудың ұшар басы), т.б.
Қыпшақ тілдегі омоним сөздердің бір түрі – омографтар (немесе омограмдар). Бір я
бірнеше сөздер бір түрлі жазылады да, әр түрлі оқылады. Мысалы: йыл – жыл, йел – жел. Антоним сөздер – қыпшақ тілінің ескерткіштерінде өте мол кездеседі. Мысалы:
татлы – ачы (тәтті-ащы), йарық – қараңғу (жарық - қараңғы). Синоним сөздер қыпшақ
тілі ескерткіштерінде (сөздіктерде) көбінесе атап көрсетіліп отырған. Мысалы: шаа (шаһар) – кент (шаһар, кент), нақт – ақша (ақша), қалай - аққорғашын (қалайы).