1-дәріс. Жазудың пайда болуы мен дамуы. Жазудың маңызы мен қызметі


-дәріс. Жазу мен ойлау арақатынасы



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата19.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#75463
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
1-д?ріс. Жазуды? пайда болуы мен дамуы. Жазуды? ма?ызы мен ?ызме

 
4-дәріс. Жазу мен ойлау арақатынасы
Бүгінгі күн тұрғысынан жазу белгілі бір тілде жазылатын оқылатын әріптік 
таңбалардың жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың, ақпарат алмасудың жүйесі 
болып табылады. Жазу – ауызша тілден кейін пайда болған адамзат ойлауының саналы 
жемісі болса да, бүгінде ауызша тілге қарағанда басымдық сипат алған мемлекеттік 
құрылыстың күшеюімен байланысты қоғамдық функциясы артқан, коммуникация, 
ақпарат алмасу, ойжасам, эмоцияналдық, индикаторлық қызметтерінен бөтен дәлел, 
аргумент болатын “бекітушілік”, “растаушылық” сипаты маңызданған, ойды жарыққа 
шығарудың жүйесі. Сондықтан тілдің санаға, ойлауға қатынасын көрсеткендей, жазу мен 
ойлау, жазу мен сана қатынасын көрсетудің мәні бар. Қазір адамдар бір уақыт пен кеңістік 
шегінде өмір сүріп жатса да, бір-бірімен пікір алмасуына, бірінің ойын бірі толық білуіне 
(тыңдау арқылы ойын білуге) мүмкіндігі (уақыты) жоқ. Осыған орай адамдар тілді екі 
бағытта қолдануға қалыптанған сыңайлы. Бірі қауым болып өмір сүруіне қызмет етуші 
тілдің коммуникациялығы, екіншісі саналы ойын жарыққа шығару, ойын жүйелеу, 
бекітуге қызмет етуші тілдің ойжасамдық бағытында. Екінші бағыттың ерекшелігі саналы 
ойдың “қағазға түсіп” реалдануында жатыр. Тілдің ойжасамдық қызметі жазу арқылы 
орындалатыны бірден бола қойған жоқ. Көркем сөз (көркем әдебиет), шешендік сөз 
(публицистика), даналық сөз (ғылым) түрлері арқылы әсіресе монологтік, сосын диалогтік 
сипатта адам ойы ауызша түрде жүйеленіп, бекітіле берді. Бірақ жазу пайда болғалы 
тілдің ойды жасау қызметін жазу атқаратын болды. Айтылатын ой немесе айтылған ой 
қағазға түсіріліп жүйеленбесе, ол “жел сөз” болып қалатынды шығарды. Бұл әсіресе үлкен 
аудиторияға ақпарат таратуда (радио, теледи-дар хабарлары, шаршы топ алдындағы сөз, 
дәрістерде) жақсы көрінеді. А.Р.Лурияның “Жазу ауызша тілге қарағанда ойлаудың жаңа, 
жетілген, күшті құралына айналды” дегеніндей, жазу дербестігі күшейгенде ой-тіл-жазу 
қатынасы ой-жазу қатынасына көшеді. Ой мен сөйлеу. Санадағы ойдың сөзге айналу 
процесі ең алғаш Л.С.Выготский зерттеулерінен басталып, Ф.де Соссюр, Б.де Куртенэ, 
Блумфилд 
еңбектерінде 
жалғасып, 
Н.Хомский, 
А.А.Леонтьев 
зерттеулерінде 
толықтырылды. ХХғ. алғашқы онжылдығында Л.С.Выготскийдің ой сөйлеу арқылы 
аяқталады деген сөзі ой мен тіл процесінің әмбебап формуласына айналды. Ғалым ойды 
ықшамдалған, тұйықталған әрекет деп таныды. Ойдың тіл арқылы сыртқа шығарылуы 
“мо-тив ↔ой↔ішкі сөйлеу↔іштен шыққан мазмұнның сыртқы аршылған, айқындалған 
(развернутое) мағыналар жүйесіне ай-налуы ↔ сыртқы сөйлеу” сатылары арқылы жүзеге 
асатынын көрсетті. Ал естілген сөзді ұғу синтаксистік құрылым мен лексикалық мағынаға 
анализ жасау ↔оны ішкі сөйлеуге жинап, орап алу ↔ мотив пен мәнін түсіну сатылары 
арқылы жүреді деді. Бұл теорияны нейролингвистикалық бағытта дамытқан А.Р.Лурия 
ойда адамның айтайын деген тақырыбы белгіленеді, сол тақырып ту-ралы не айту, қалай 
айту керек деген предикатты мазмұн – ішкі сөйлеуде жүзеге асырылады, ол қысқа, 
фрагментарлы, аморф-ты сипатта болады. Бұл тұрғыда ішкі сөйлеу ішкі субъективтік 


мәнді сыртқы аршылған мағыналар жүйесіне айналдыратын ме-ханизм болып табылады 
деді. Ғалым бір ойды түрліше жеткізуге болатыны сыртқы сөйлеу мен ішкі сөйлеудің 
айырмашылығын көрсетеді, сондықтан ішкі сөйлеу – инвариант, сыртқы сөйлеу – вариант 
болады деп көрсетті. Астыңғы грамматикалық құрылым мен ішкі сөйлеу, үстіңгі 
грамматикалық құрылым мен сыртқы сөйлеу сәйкеседі, астыңғы грамматикалық құрылым 
адам санасына жақын болғандықтан оны құрастырудың ережесі аз, сондықтан кішкентай 
бала бұны тез меңгереді деді. Естілген сөзді ұғынуда 1-саты сөз мағынасын айыру, яғни 
көпмағыналылықтан нақты мағынаны айыру болып табылады деді; 2) сөйлем жүйесін 
білу (егер сөз мағынасын шамалап түсініп, ал сөйлем құрылымын білмесе, күңгірт түсінік 
түрінде қалады); 3) бүкіл хабарды түсіну керек деді. Мұндағы 1, 2 саты тілдік ережелер 
аясында жүрсе, соңғысы тілдік ойлау психологиясына барады деді. Сана мен тіл. Жалпы 
психология санада пайда болған ұғым алдымен адам миына келіп түскен сигналдарды 
қабылдау арқылы түйсіктен басталып, елес, түсінік, ой, ұғымға ұласатынын көрсетеді. 
Сонда мұндағы ой адам санасы мен тіліне қарағанда кең ауқымды қамтитынын білдіреді. 
Ойлау сезімдік, абстрак-тілік формаға көбірек бейім болса, сана оның мазмұндық жағын 
алады. Бұл тұрғыда ойлау сөйлеуге, сана тілге жақын. Сана тіл арқылы жасалып, тілді 
қолдана отырып дамиды. Ойлау мен сөйлеу жеке, сана мен тіл жалпы болатыны 
сондықтан. Әркім өзінше ойлап, өзінше сөйлеуі мүмкін, бірақ мұның бәрі жалпы тіл (ұлт 
тілі) мен жалпы сананы (ұлттық сана) құрайды. Сана – инвариант, ойлау – вариант 
болатыны сияқты, тіл – инвариант, сөйлеу – вариант болады. Сана – бүкіл этностың, 
әлеуметтің ғасырлар бойы жасаған ой еңбегінің нәтижесі. Сол сананы жеке адам ойына 
көшіру тіл (сөйленім) арқылы жүзеге асады. Ой мен жазу. Сонымен, тіл мен сана, сөйлеу 
мен ойлау арасындағы осындай пайымдауларды қорыта келіп, біз енді жазу жүйесінің 
доминаттылығымен байланысты адам ойы ауызша тілді делдалдамай-ақ, бірден жазба 
тілге айнала ала-тынына көз жеткізе бастаймыз. Әрине, мотив арқылы туған ойдың ішкі 
сөйлеуде предикаттық қатынасқа ұйымдасуы, одан әрі айтылымның логикалық 
құрылымының түзілуі және сыртқы тілдің синтаксистік құрылымына айналуында ауызша 
тілдің қызметі жоқ емес. Өйткені жазба мәтін алдымен ауызша айтылып, сосын қағазға 
түсіру әдісі көбірек қолданылады. Немесе бірнеше рет қайталанып, айтылып жүрген ой 
ғана өзінің ақикаттығына жеткенде жазуға түсуі мүмкін. Мысалы, ауызша түсіндіріліп 
келген оқымыстының дәрісі соңында барып, дәрістер жинағына, не оқу құралына 
айналатын кезі сирек емес. Бірақ Б.де Куртенэ айтқандай, сауаты жоқ адамның басында 
айту-есту елесі болса, сауатты адамның басында бұл елеспен қатар сөздердің графикалық 
кескіні мен оптикалық бейнесі қатар ор-наласып, соңғысы күштірек болады. Қазіргі 
адамның санасы сөз мағынасын оның қалай естілетініне қарамастан, графикалық 
портретін елестетіп барып түсінеді. Өйткені ондай әлеуметтің көбі тыңдағанға қарағанда 
көбірек оқиды, сөйлегеннен гөрі көбірек жазады. Әрине, бұл өз ойын жазба жүйе арқылы 
шығаратын тіл тұтынушылар туралы екені белгілі. В.А.Истриннің жазба мәтін 
графикалық құрылымы негізін-де ауызша тілге қарағанда өзге мағыналық реңк алып 
кетеді дегені де, біздің ойымызша, осымен байланысты. Ғалым жазба мәтінді оқу жазу-
сана байланысын көрсетеді. Іштей оқуда, оқырманның сөздік қоры сөз мағынасы мен 
оның графикалық бейнесін ассоциациялауға жеткілікті жағдайда жазу-ой түрінде болады, 
жазу мен ойдың тура байланысы жазудың жетілген, жоғарғы сатысында пайда болады 
деген. В.А.Истрин цифрлар әр тілде әртүрлі аталады, бірақ мағына біреу, сонда бұл таңба 
сөзбен емес, ұғыммен яғни ойлаумен тікелей байланысты болды. Мысалы, адам 
санасындағы ұғым дыбысталмай-ақ, жазуға айналатын кездер болады. Айталық, ғылыми 


техникалық таңбалар, формулалар, сөздің фонетикалық, кинесикалық бей-нелері 
болмайтын кейбір оқылуларының болуы “ұғым-термин-жазу таңбасы” сатыларының жиі 
қайталана келіп, “ұғым-жазу таңбасына” айналуынан шығады” дейді. Ой-жазу процесін 
түсіндіру қиындығы бұл кезеңдердің санасыз, автоматты түрде өтуіне, әрі ойдың 
таңбалық сипаты жоқтығына байланысты. Ой – жазу процесін жазу – ой қатынасында 
көрсетуге болады. Өйткені жазу – таңба, оның тұрпаты бар. Сонымен, көз жазба мәтінді 
көріп, ол тілдік санадағы графемамен, графикалық портреттермен ассоциация жасайды. 
Сөздің 
адам 
санасында 
бейнеленген графикалық 
портреттері, 
синтаксистік, 
пунктуациялық белгілер арқылы үстіңгі синтаксистік құрылымға көшіріп алынады және 
астыңғы синтаксистік құрылымға көшіріліп, сөйлем мәні екшеледі. Өйткені жазба 
мәтіннің жөнделу, редакцияла-ну мүмкіндігі тілдің ауызша сөйлеу жүйесінен басқа үстіңгі 
мәтіндік құрылым жасайды. Сөйтіп, мұнда негізгі мән белгісіз, жасырын қалады. 
Сондықтан үстіңгі құрылымды астыңғы құрылымға көшірудің мәні бар. Жазу-ой процесін 
мәтіннің графикалық “өмірінен” бастап көрсетуге болады. Өйткені көз қармап көру үшін 
графикалық кеңістіктің үйреншікті болуы, стандарттылығы маңызды. Көз мәтінді 
көргенде ондағы графикалық морфемаларды графикалық мәнмәтінде (контексте) алып 
оқиды. Сөздің графикалық кеңістіктегі орны (азатжол, парақ басы, соңы), мазмұны (бас 
әріп, кіші әріп), дыбыстық мағынасы (әріп түрлері), мәні (қарайтылған, асты сызылған, 
жазба әріптер, үзілмелі жазылған), тыныс белгілер арқылы мәтін мазмұны сол графикалық 
портретімен қоса адам санасына қабылданады. Ішкі сөйлеу жазба тілдегі синтаксистік 
құрылымды ауызша тілдің синтаксистік құрылымына айналдыруды қажетсінбей-ақ, 
санасында орналасқан сауатты адамның елесіне сәйкес, жайылма сөйлемді, ықшамдап, 
екшеп, предикатты қатынасқа түсіреді. Сөйтіп, жазылған сөйлемнің мазмұнын ойға 
көшіреді. Белгілі мотивтен пайда болған ой (ойлау) сыртқа шығатын мақсаты 
айқындалғанда (ішкі сөйлеу) және ол жазу арқылы таңбаға айналатынында (сыртқы 
сөйлеу), алдымен, әрине, ауызша тілдің грамматикалық құрылымына көшіріледі. Жазба 
тіл аудиториясының көмескілігі, вербалды емес коммуникативтік құралдардың жоқтығы 
жазба мәтіннің грамматикалық құрылымын жаңа сатыға көтереді. Бұл кейде ішкі сөйлеу 
мазмұнына дәл шықса, кейде тереңдеп, мотивті айқындайды. Сонда, біздің ойымызша, 
пиктографиялық жазу мен қазіргі дыбыстық жазу түрлерінің негізінде жетілген жазба 
тілдерде әріпті фонема арқылы дыбысқа айналдыратын сипат болмайды. Суретжазуда 
салынған таңбаларды оқу үшін белгілі тілді білу шарт болмады. Салынған таңбаны 
генетикалық жағынан байланысы жоқ тілдер оқи алмаса да, мәдени, экономикалық, 
әлеуметтік жағдайы ортақ халықтар, туыс тілді ұлыстар бірбірінің тілін түсінбесе де 
оқитын болды деп ойлаймыз. Өйткені суретжазуда ой-жазу, жазу-ой қатынасы болды. Ал 
буынжазу, дыбысжазуда белгілі тілдің дыбыстық сегменттерін таңбалап, әр тілдің өз 
жазуын жасады. Дыбыстық тілдің қалыптану кезеңдерінде ой – ауызша тіл – жазу 
қатынасы болады. Ал ендігі сауаттану деңгейі жоғарылаған, оқудың автоматтанған 
дәуірінде ой – жазу, жазу – ой қатынасында болатын сияқты. Сонда ойлау (бейне, схема, 
ұғым, түсінік, мотив) < ішкі сөйлеу (предикаттық қатынастағы аморфты тіркестер, 
айтылатын ойдың негізгі тақырыбы, қалай айтатыны, сөздің грамматикалық құрылымы) < 
сыртқы тіл (логикалық синтаксистің граматикалық синтаксиске айналуы, сөйлеу 
бірліктерін екшеуі, фонемалық код) < дыбыстық тіл (фонеманың дыбысқа айналуы, 
ауызша тіл жүйесі) < графикалық тіл (фонеманың әріпке айналуы, жазба тілжүйесі, 
орфография, шрифт, мәтін) сатылары арқылы жазба тілге айналады. Сыртқы тіл мен 
дыбыстық актісінің арасындағы сәл кідіріс ойдың жүйелі шығуына көмектеседі. 


Сондықтан санада жетіл-ген ойдың материалдану жолдары да қиын болмайды. Бұл ауыз-
ша тіл мен жазба тіларасына да байланысты. Үнемі ауызша тілде реалданып жүрген ой бір 
мезгілде жазба тілмәтініне айналады. Зерттеушілер арасында жазуды ауызша тілге 
қатыссыз ойды бірден жарыққа шығаратын құрал ретінде танитындар бар (А.С.Чикобава). 
Бүгінгі әдебиетте жазу арқылы ойлану басым. Морфологиялық синтаксистің билігі күшті 
болған жазба тілде қазір логикалық синтаксис басым, сөйлем құрауда ассоциацияның 
билігі бар, тура мағынадан гөрі астыртын мағынадағы сөздерді көп қолданатын 
психологиялық синтаксис күшейіп келеді. Автор индивидуалды кодификация жасайды, 
оның кодын әр оқушы өзінше ашады, өзінше түсінеді. Сондықтан қазіргі ақын-жа-
зушылар шығармаларының тілі XVІІІғ. ақын-жазушыларының тіліне ұқсамайды, сондай-
ақ өткен ғасыр оқырмандарына да түсініксіз болар еді. Жазба тілдегі мұндай процеске 
ақпарат тарату жағынан поштаға қарағанда 700 есе жылдам (300 есе арзан) гипермедиа – 
интернет жүйесінің жылдамдығы да әсер етпей отырған жоқ. Өйткені бүгінде интернет 
тілі әдеби, ауызекі, жазба тілге конкурент болып келеді. Ғалымдар ХХғ. аяғы стильаралық 
айырмашылықтардың азаюымен, әдеби тілде қарапайым, ауызекі тіл элементтерінің 
көбеюімен ерекшеленеді дейді. Бұның бәрі іштен шыққан ойдың ішкі тілдік сүзекіден 
өтпей, яғни астыңғы құрылымның үстіңгі құрылымға көшірілмей (немесе керісінше), 
жазба мәтінге айналуынан шығады. Бұдан бүгінгі жазба тілареалдарында жазудың екі 
түрлі бағытта қолданыс тауып отырғанын байқаймыз: 1) жазба тілді өз нормасы мен 
жүйесінде жұмсау (ғылыми стиль, ре-сми іс қағаздар стилі, көркем әдебиет, 
публицистикалық стиль), 2) жазба тілмен ауызша тіл аражігін жымдастыра жұмсау, шегін 
айырмау, жазба-ауызекі тіл жасау (интернет тілі, қолхат, кейбір көркем әдебиеттер), яғни 
жазба тілде ауызекі тіл элементтерін жиі қолдану. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды 
түйіндей келе бүгінгі күн адамдарының санасында жазу-ойлау қатынасы және ойлаужазу 
қатынасы бар деген ойға келеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет