Әліпби (алфавит — гр.т. alphabetos деген алғашқы әрштерîнен алынған) — жазу
жүйесіндегі таңбалардың стандартты жиынтығы; әлîпбиде қабылданған әрштердщ реті.
Біз жоғарыда ең алғашқыда тек дауыссыз дыбыстардың болғандығын айттық. Уақыт өте
келе дауыссыз дыбыстардың негізінде дауысты дыбыстар пайда болып, қажеттілікке
байланысты әрîптермен шартты түрде таңбалана бастады. Әрбîр әлîпби жүйесіндегі
әрштердщ өзіндік атаулары бар. Ол түрлі тілде түрліше дыбысталады. Әрштердщ
әлîпбиде бірдей болуы тілдердің туыстық белгілеріне байланысты сақталады. Тіл
білімінде әлшбидщ пайда болуына, шығуына қатысты бірнеше болжам теория бар: египет
теориясы, крит теориясы, синай теориясы, еврей-эллинистикалық теория т.б.
Графика (гр. т. grapho — жазу) — тіл білімінде жазуды зерттейтін ілім. Графика жазудың
түрлерін, оның тарихын, қалыптасуы мен даму барысын қарастырады. Ол палеография,
эпиграфика, каллиграфия деген ұғымдармен түсіндіріледі. Палеография ежелгі
ескерткіштердегі жазу мәселесîн қарастырады. Жазба мәтîндердщ әрîптîк белгілерін,
уақытын, мерзімін, дұрыс жазылу тәртîбîн (сөздердің бірге/бөлек жазылуы, жазбада
қысқарған сөздердің дұрыс оқылуы), жазба материалын, бояуын зерттейді.
Эпиграфия қатты материалдардағы (тас, керамика, металл т.б.) жазулардың мазмұны мен
формаларын зерттесе, каллиграфия әдемî жазу өнері дегенді білдіреді, яғни әрбîр әрîпке
рең беру, өзгеше қылып жазу деген сияқты мәселелермен айналысады.
Орфография (гр. т. orthos — дұрыс, grapho — жазамын) — сөздердің дұрыс жазылуын
зерттейтін тіл білімінің бөлімі. Жазу кезінде сөздердің нормаға сай берілуі,
грамматикалық формалардың берілуінің біртектілігі, яғни оны қамтамасыз ететін
ережелердің жиынтығы. Тілдегі сөздердің дұрыс жазылуының фонематикалық,
морфологиялық, семантикалық сияқты қағидаттары бар.