1-дәріс. Жазудың пайда болуы мен дамуы. Жазудың маңызы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата19.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#75463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
1-д?ріс. Жазуды? пайда болуы мен дамуы. Жазуды? ма?ызы мен ?ызме

Дәріске тапсырма


1. Жазудың қандай қызметтері бар?
2. Жазудың тілді нормалаушылық қызметін қалай түсінесіз? 
3.Жазу – тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы дегенге көзқарасыңыз қандай? 
 
2-дәріс. Жазу және жазба тіл. Графика және әліпби. Эпиграфика және палеографика 
Жазудың адамзат баласы тарихында алатын орны ерекше. Ол — біздің даму 
тарихымыздағы мәдениеттің ең жоғарғы көрсеткіші. Жазу адамдар арасындағы тілдік 
коммуникацияны қамтамасыз етеді. Жазу арқылы жақыннан тұрып та, алыстан тұрып та 
қарым-қатынас жасай беруге болады. Мақалада адамзат баласы тарихындағы алғашқы 
жазудың пайда болуы, болжаммен қалай шыққандығы, қалыптасуы мен даму тарихы
жазудың бізге белгілі түрлері, қоғамдық қызметі сөз болады. Әрбір жазудың — 
пиктографиялық, идеографиялық, буын және әріп жазуының қоғамдық қажеттілікті 
өтеудегі орны, бір жазудан екінші жазуға өту сатысы, бір-бірінен артықшылығы мен 
кемшілігі көрсетілген. Шамамен жазудың пайда болу мерзімі, қандай негізде 
шыққандығының себептері, яғни пайда болуына әсер еткен факторлар, оны алғаш 
қолданушылар, алғашқы жазудың формасы, оның уақыт өте келе эволюциялық жолмен 
жетілуі, бүгінгі күндегі қолданыста бар жазу түрлері мен белгілері сияқты мәселелер 
мақалада жан-жақты баяндалған. Жазудың (әріп жазуының) шығуына себеп болған 
алфавит мәселесі, финикий жазуындағы алғаш дыбыстар, түрлері, оның жетілуі, батыс 
және шығыс елдері алфавитінің шығуына себеп болған грек және арамей жазуы, жазуды 
зерттеу ілімі — графика мәселесí, орфография, транскрипция мен транслитерация 
мәселелерí де қарастырылған. 
Қарым-қатынас жасаудың әлемде кең тараған түрі — жазу. Ол арқылы өз 
ойымызды түрлі белгілер арқылы таңбалап жеткіземіз. Адамның көру қабілеті арқылы 
қабылданып, ұзақ уақыт еске сақталады, ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. 
Сондықтан жазу — адамзат мәдениетí дамуының ең биік көрсеткіші. Жазудың қоғамдық 
мәнí, тілдің дамуына әсерí жайлы ғалым Қ.Күдеринова былай дейді: «Жазу — тілді 
жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесі мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсіп, 
денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейін мәңгілік құндылыққа айналды. Өйткені жазу 
ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тіл туралы түсінігін кеңейтеді, 
тереңдетеді. Тілдің инвариантты, абстракті, күрделі құрылымдық деңгейге жетуіне әсер 
етеді. Соған сәйкес тілдегі синтаксистік құрылымдар, күрделі фразалық тұгастықтар 
жазудың негізінде пайда болды. Тілдің (әдеби тілдің) стильдік тармақтары сараланды, 
стиль нормаларының қалыптасуына әсер етті. Сөйтіп, жазу сөйлеуде елене бермейтін 
тілдің барлық қалтарыстарын нақтылаудың негізінде тілдің сұрыпталып, нормаланған
електен өткен құрылымын ғана таңбалап, жазу нормасына сай сөйлемдер мен мәтíндердí 
тілдік жүйеге жатқызды» [1]. Жазу арқылы адамдар жақыннан да, алыста тұрып та еш 
қиындықсыз қарым-қатынасқа түсе береді. Адамзат баласының тілі ең әуелде ауызша 
түрде пайда болғандығын білеміз. Одан кейін заттар арқылы хабар берген. Мәселен, 
кеткен бағытын көрсету үшін ағаш бұталарын жолға тастау, аңға кеткендігін көрсету үшін 
садақтың оғын ағашқа қадап кету т.б., яғни ойды зат арқылы білдіріп отырған. Ой-санасы 
жетіліп, ауызекі тілде қарым-қатынас жасаудың тиімсіз бола бастаған тұсында жазу пайда 
болды. Алғашқы жазудың формасы қазіргі жазудағыдай емес, өте қарапайым әрǐ жабайы 
болды. 
Алғашқы жазудың құралдары саз-балшық, тас, ағаш қабықтары, ағаш көмірі, тері, 
мал сүйектері сияқты заттар болды. Біздің заманымызға тек осылардың тасқа қашалып 
сақталған кейбір түрлері ғана жеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет