1-дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны. Мүшелер, мүшелер жүйелері. Аппаратттар, біртұтас организм


Туылғаннан кейінгі адам өмірінің негізгі кезеңдері



бет7/7
Дата21.10.2023
өлшемі34,6 Kb.
#120205
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция-1693979813789

Туылғаннан кейінгі адам өмірінің негізгі кезеңдері. Адам өмірінің әрбір кезеңдерінің де өзіне тән белгілері байқалады.
Адам өмірінің жас кезеңдері



Кезеңдер

Жасы

1

Нәресте

1-10 күн аралығы

2

Емізулі кезең

10 күн-1 жас аралығы

3

Алғашқы балалық шақ

1-3 жас аралығы

4

Бірінші балалық шақ

4-7 жас аралығы

5

Екінші балалық шақ

8-11жас (қыз бала), 8-12 жас (ұл бала)

6

Жасөспірім шақ

12-15 (қыз бала), 13-16 (ұл бала)

7

Бозбала, бойжеткен

16-20 (қыз бала), 17-21 (ұл бала)

8

Кемел жас (1 кезең)

21-35 (әйелдер), 22-35 (ерлер)

9

Кемел жас (2 кезең)

36-55 (әйелдер) , 36-60 (ерлер)

10

Егде жас

56-74 (әйелдер), 61-74 (ерлер)

11

Қарттық жас

75-90 (әйелдер, ерлер)

12

Ұзақ жасаушылар

90 жастан жоғары

Адамның дене тұрпатының ерекшеліктері. Адамның бойының ұзындығы, дене салмағы, бас сүйегі мен кеуде қуысы көлемдерінің антропометриялық көрсеткіштері әр адамда өзіне тән көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
Адамның дене бөлімдерінің өзара қарым-қатынас пропорциясы жасына және жынысына байланысты өзгеріп отырады.
Жаңа туған нәрестенің басы бүкіл денесі ұзындығының төрттен бір бөлігіне тең болады. Ал, ересек адамның басы бүкіл денесінің ұзындығының сегізден бір бөлігіне тең болады.
Анатомия ғылымында адам денесінің тұрпаты туралы да ұғымдар бар. Адам денесінің тұрпатының жекелей ерекшелігі тұқымқуалаушылық, сыртқы орта әсерлерімен және әлеуметтік жағдайлармен ерекшеленеді. Адам дене тұрпатының үш тобын ажыратады: мезоморфты, брахиморфты және долихаморфты.
Мезоморфты дене тұрпаты бар адамдардың (қалыпты) анатомиялық ерекшеліктері, барлық өлшемдер бойынша орташа көрсеткіштерді көрсетеді.
Брахиморфты дене тұрпаты адамдардың бойы онша биік емес, тұлғасы жалпақ, жүрегі едәуір үлкен болады.
Долихоморфты дене тұрпаты адамдар сұңғақ бойлы, сымбатты, қол-аяқтары ұзын, бұлшық еттері онша толық емес.
Анатомия ғылымының белгілі бағыттар бойынша сызықтар арқылы бірнеше жазықтықтарға бөледі. Сагитальды жазықтық адам денесін оңнан солға қарай бөледі. Фронтальды жазықтық – адам денесін сагитальды жазықтыққа перпендикуляр сызық бойынша алдынан артына қарай, яғни құрсақ пен арқаны бөліп көрсетеді. Келесі горизонтальды жазықтық алғашқы екі жазықтықты көлдененңінен бөлетін сызықтар арқылы жүргізіледі. Горизонтальды жазықтық бойынша дененің жоғарғы бөлігі – краниальды (бас жағы), ал төменгі бөлігі – каудальды (құйрық жағы) деп аталады. Фронтальды жазықтық бойынша адам денесінің құрсақ тұсы (вентральды), ал адам денесінің арқа тұсы (дорсальды) деп аталады. Сонымен қатар, анатомияда латеральды (сыртқы), медиальды (ішкі), проксимальды (тұлғаға жақын бөлігі) және дистальды (тұлғадан алшақ бөлігі) деген ұғымдар жиі қолданылады.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Адам анатомиясы [Мәтін]: Оқу құралы / Р. Сәтімбеков, Ә. Қырбасова, Р. Алипова.- Алматы, 2008.- 128 бет.

  2. Адам анатомиясы [Мәтін]: Оқулық / М.М. Дайырбекова.- Алматы: Медицина баспасы, 2002.- 288 бет.

  3. Жандар, К.Е. Тәнтану (Адам анатомиясы) [Мәтін]: Оқулық / Керімбектің Ермаханы Жандар.- 2-басылымы.- Алматы: Білім, 2004.- 464 б.- (ҚР Білім және Ғылым мин-гі).

  4. Рақышев, А. Адам анатомиясының атласы, латын, қазақ және орыс тілдерінде. 1Том: Алматы, 2006жыл.

  5. Рақышев, А. Адам анатомиясының атласы, латын, қазақ және орыс тілдерінде. 2 Том... Алматы, 2006 жыл.

  6. Рақышев, А. Адам анатомиясының атласы, латын, қазақ және орыс тілдерінде. 4 Том... Алматы, 2006 жыл.

7 http://www.d-mir.ru/journal/tio/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет