1-дәріс. Кіріспе. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы педагогиканың рөлі


-дәріс. Отбасы тәрбиесінің негіздері



бет16/20
Дата15.07.2023
өлшемі431,3 Kb.
#104399
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1-дәріс. Кіріспе. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы педагогик-emirsaba.org

12-дәріс. Отбасы тәрбиесінің негіздері
Отбасы тəрбиесi – көзделген нəтижеге жету мақсатын-да ата-аналар мен жанұя мүшелерiнiң тарапына жасалатын ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Əлеуметтiк, отбасы жəне мектеп тəрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық тəрбиенiң мектеп тəрбиесiмен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мəселенiң əлеуметтiк жағдайлары əлеуметтiк педагогиканың үлесiнде. Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тəрбиеленiп жатқан адамның тəн-дене жəне рухани дамуына əсер етушi ықпалдар мəнi мен мағынасының тереңдiгiне тəуелдi келедi. Бала үшiн отбасы бiр жағынан - тiршiлiк қоршауы болса, екiншi тараптан - тəрбиелiк орта. Баланың алғашқы өмiрi жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейiнгi жас кезеңдерiнде болатын ықпал-дардан басымдау келедi. Зерттеу деректерiне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзi де, қоғамдық ұйым-дар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл əдеп пен өнер кiлтi де. Осыдан, педагогтар нақты да дəл тұжырымға келiп отыр: тұлғаның қалыптасу нəтижелiлiгi ең алдымен отбасыға тəуелдi. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тəрбиелiк ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тəн-дене, рухани-адамгершiлiк, еңбектiк тəрбиесiнiң өнiмi де жоғары. Аса бiр кездейсоқтық болмаса, əр уақыт тұлғаның кемелденуi келесi заңдылыққа тəуелдi: жанұя қандай болса, онда өсiп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесi мен оның нəти-жесiне болар отбасы тəрбиесiнiң күшi мен қуатын мойын-дайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тəрбиелiк шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениеттi елдер ұстанған бұлжымас ереже. Неке мен отбасыға деген үстiрт көзқарас, халықтық жəне ұлттық үрдiстердi естен шығару, инабаттылық прин-циптерiнен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдiк, iштей тəртiптiң болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлi-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар – бəрi де отбасыдағы бала тəрбиесiне болатын терiс ықпалдар көзi. Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесiк. Осыдан, ''Азамат қалыптастырамын десең, бесiгiңдi түзе''- деп ұлы ғұлама М. Əуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негiзi қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк жəне əлеуметтiк бағыт-бағдар түзiледi. Отбасыда өз ретiмен қарапайым да жеңiл шешiлiп жатқан көптеген проб-лемалар, есейген, ересек шақта бiтiскен шырғалаң күйге түсiп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда əңгiме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесiдей қорытындылар жасауға болады: - отбасы ықпалы басқа тəрбиелiк əсерлердiң бəрiнен де күштiрек. Жас ұлғаюмен ол əсер бəсеңдеуi мүмкiн де, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды; - қандай да бiр басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкiн болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрiсiн алады; - отбасы тұлғаның əлеуметтенуiн қамтамасыз етедi, оның тəндiк, моральдық жəне еңбектiк тəрбиесiне болған мүмкiндiктердi мейлiнше шоғырландырып, iске қосады. Қоғамның азамат мүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi отбасыдан көрiнедi; - салт-дəстүр жалғастығын қамтамасыз ететiн отбасы; - отбасының аса маңызды əлеуметтiк қызметтерi – азамат тəрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерiн кемелдендiру жəне мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру; - отбасының кəсiп таңдауға да тигiзер ықпалы орасан. Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тəрбие жетiмсiздiгiнiң кейбiр себептерi ретiнде келесi жағдайларды алға тартуға болады: 1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының əлсiздiгi. 2. Қоғамдық өмiр мəдениетiнiң төмендiгi. 3. Отбасы анасы - əйел мойнына артылған екiталай – жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық. 4. Көптеген əлеуметтiк-тұрмыстық жəне моралдық себептердiң салдарынан болып жатқан ерлi- зайыптылар-дың ажырасуы. 5. Бала тəрбиесiнде ер адам əйел көмекшiсi деген қоғамдық пiкiрдiң белең алуы. 6. Күннен күнге шиеленiсiп бара жатқан əулеттер арасындағы бəсеке, дау-дамай. 7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге əлсiреуi. Отбасы дағдарысын ретке келтiру жəне оның тəрбие-лiк ықпалын көтеру бағытында қазiргi заман педагогикасы қандай тиiмдi ұсыныстар беруi мүмкiн? Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруi мүмкiн емес: тəрбиенiң қоғамдық, эконо-микалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тəуелдiлiгi объективтi шындық. Бəрiмiз де осы заңдылық-тардың құрсауындамыз. Барша үмiтiмiздi мұғалiмге артамыз, тəрбиелiк жақсылықтарымызды оның жанпида-лығынан күтемiз. Жалған, алдамшы ой-пiкiрлерден арыла бiлген шынайы ұстаздың өз iс-əрекетiн келесiдей жоспарға орайластырғанын жөн деп бiлер едiк: - отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Əмiршiл-əкiмшiл ықпал, заң алдындағы жауапкершiлiк, қатаң талап не үркiте зорлаудың заманы өттi - алдыратын лыпасы жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейiл мұғалiм жан дүниесiмен сəулеленген қайырымдылық, мейiр, нақты көмек, ұстаздық жана-шырлық қана күйзелiске ұшыраған ата-аналар көңiлiне демеу берiп, өз перзенттерiнiң жарқын болашағы үшiн күресте шаршап-шалдығудан азат етерi кəмiл; - адамдардың рухани дүниесiн қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен мұсылмандық тəрбие ошағы - мешiттердiң ықпалдарын бiрiктiру əрi осы ықпал-дарды жалпыланған қызмет түрiнде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау; - педагогикалық мүдде - ниеттердi гуманитарлық қор, қоғамдар мен ұжымдар жұмыстарымен үйлестiре отырып, қайырымдылық-тəрбие бағдарламасын жасау. Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берiлген қайырымдылық пен мейiрiмге болған сенiмнен ажырап қалмау- əрбiр тəрбиешiнiң негiзгi ұстамы болғаны жөн. Атам қазақ басынан талай ''ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның'' кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана тəрбиешiлерiнiң, ғұлама ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние ауыспалы ал педагогиканың мiндетi қоғам өзгерiстерiнiң iзiмен жалғаса, дамып бару. Əр дəуiр ұрпақ-тары арасындағы тартыс, бəсеке мəңгiлiк, бiрақ олардың нақты кезеңдердегi шешiмi əрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай шешiмдердi ата-аналар есiне салу отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса бұлтарыс-тарын тереңнен түсiнетiн педагогтың мiндетi. Қаншалықты отбасы болса, тəрбие ерекшелiктерi де соншалықты мол. Алайда олардың көптүрлiлiгiне қарамас-тан, жанұядағы ересектер мен балалар арасында кезiгетiн қатынастардың жалпылай моделiн ажырата тану мүмкiндiгi баршылық. Отбасындағы қатынастар түрi сол қатынастардың қай бағытта, қай дəрежеде өсiртеуi мен балалар тəрбиесiне болған келеңсiз ықпалдардың салдарына тəуелдi анықталады. Олар: 1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы. 2. Мейiрлi отбасы. 3. Күнделiктi дүниепараздыққа жүгiнген отбасы. 4. Алауыз, жауласқан отбасы. 5. Терiс əлеуметтiк бағыттағы отбасы. 6. Ата мен аналардың педагогикалық үйлесiмсiздiгi жайлаған отбасы. 7. Тұрпайы тəрбие əдiстерiмен қаруланған отбасы. Отбасыдағы тəрбие мазмұны демократиялық қоғам-ның өзектi мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектiк, қоғамдық, отбасылық өмiрге бейiм денi сау, психикалық болымды, адамгершiлiктi, иманды, парасаты тұлға дайындау - отбасы мiндетi. Жанұялық тəрбие мазмұнының құрамды бiрлiктерi ежелден белгiлi бағыт-бағдарларды, тəн-дене, адамгершiлiк- имандылық, сана-сезiм, эстетикалық, еңбек тəрбиесiн қамтиды, олар өз кезегiнде жас əулеттi экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық бiлiмдендiру iстерiмен толығып отырады. 1. Балалар мен жастардың отбасындағы тəрбиесi салауатты өмiр болмысына негiзделiп, дұрыс ұйымдастырылған күн тəртiбiн, спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын т.б. қамтиды. 2. Отбасындағы сана-сезiм тəрбиесi ата-аналардың өз балаларын бiлiмдермен байытып, соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсiнуiн қалыптастырып, оларды үздiксiз жаңалап бару ұмтылыстарын баулуға негiзделедi. Таным-дық қызықсыну, қабiлет, бейiмдiлiктер мен нышандарды дамытып бару бала тəрбиесiндегi ата-аналардың аса өзектi шаруасы. 3. Отбасыдағы адамгершiлiк-имандылық тəрбиесi тұлға қалыптастыру жолындағы қатынастардың бұлжымас төркiнi. Бұл орайда алғы шепке тартылатын мəселе мəңгiлiктi өзгермес адамзаттық мораль құндылықтары – сүйiспеншiлiк, құрмет пен сыйластық, əдiлдiк пен ар-намыс, қадiр-қасиет пен борыш сезiмдерiн тəрбиелеу. Адамгершiлiк сапа, қасиеттердiң басқа да түрлерi: парасатты қажетсiну, тəртiптiлiк, жауапкершiлiк, дербестiк пен ұстамдылық та осы отбасында баулынады. 4. Отбасыдағы эстетикалық тəрбие балалардың таланты мен дарынын дамытуға бағытталып, өмiр болмысы əсемдiктерi жөнiнде тағлым беруге арналады. 5. Отбасындағы еңбек тəрбиесi балалардың болашақтағы адал өмiрiнiң негiзiн қалайды. Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған баланың есейген кезде де бар есiл-дертi ''жеңiлдiң астымен, ауырдың үстiмен'' жүрiп, шалқып өмiр сүру. Ал мұндай еңбексiз ''күнде той'' өмiрдiң жақсылыққа апармайтынын тұрмыс қадам сайын дəлелдеп отыр. Ата-аналар мiндетiндегi отбасылық тəрбие – балалар-дың тəн-дене жəне рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты iстерге негiзделген үздiксiз жетiлiп барушы процесс. Əрбiр əке мен кез келген ана өз перзентiне бола-шақта қай сапа-қасиеттердi баулу керектiгiн жете бiлгенi жөн. Отбасылық тəрбиенiң саналылық сипаты мен тəрбие-лiк мiндеттердi парасатты шешу жолдары осымен айқындалады. Отбасындағы тəрбие əдiстерi – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен əрекет- қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бəрi де тəрбиенiң жалпы əдiстерiмен теңдейлес, дегенмен өз ерекшелiктерiне ие. Олар: - əр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты əрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуiнен даралықты келедi; - тəрбие əдiстерiн таңдау ата-аналардың педагогикалық мəдениетiне орайлас келiп, олардың тəрбие мақсатын тануына, өз қадiр-қасиетiне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тəуелдi. Осыдан да отбасылық тəрбие əдiстерi ата-аналардың тұлғалық сəн-сипатымен қайнай бiтiскен жəне олардан ажыратыла қараластырылуы мүмкiн емес. Қаншама ата-ана болса, əдiстерi түрi де соншалықты: жылы сөзбен көндiру, қорқыту, айқайлап үркiту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу жəне жазалау. Əдiстер ата-аналар таңдаған тəрбиелiк бағыт-бағдарға тəуелдi келедi: бiреулерi өз баласының тiл алғыштығын тəрбиелегiсi келедi, осыдан олардың əдiсi ересектер талабын мүлтiксiз орындатуға бағдарланады. Екiншi бiреулерi дербес, өз бетiнше ойлай бiлуге негiз болар тұлғалық қасиеттердi орнықтыруды көздеп, осыған сəйкес əдiстiк жолдарды таңдастырып, қолданады. Отбасылық тəрбие арасында ата-аналар баршаға бiрдей ортақ жалпыланған əдiстердi пайдалану үрдiске айналған. Мұндай əдiстер түрi келесiдей топтастырылған: сендiру (мақтау, мадақтау, балаға болашақта пайдалы да қызықты мүдденi түсiндiру арқылы); жазалау (қандай да көңiл рахатынан айыру, ортадағы достық қатынасты үзу, ұрып-соғу); кей отбасыларда педагогтар кеңесi мен тəрбиелiк жағдайлар əдейi жасалып қолданылады. Отбасындағы тəрбиелiк мiндеттердi атқарудың құралдары да əртүрлi. Олар арасында кең қолданым-дағылар: сөз, ауыз əдебиетi, ата-ана беделi, еңбек, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дəстүрлер, қоғамдық пiкiр, жанұядағы рухани жəне материалдық болмыс, ақпарат көздерi (газет, журнал, радио, теледидар), күн тəртiбi, көркем əдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойын- дар мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, мейрамдар, рəмiздер, ерекше белгiлер (атрибут), қастерлi заттар, бұйымдар ж.т.б. Ата-аналар тəрбиесi əдiстерiн iрiктеу мен қолдануда келесiдей жалпы шарттар ескерiлуi тиiс: 1. Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы. 2. Ата-аналардың жеке тəрбиесi мен беделi, отбасында орнатқан қатынастар сипаты. 3. Егер ата-аналардың тəрбиелiк iстерiнiң бағыты бiрлiктi келсе, iс-əрекеттер əдiстерi басым келедi. 4. Ата-аналардың педагогикалық мəдениетi, осыдан педагогиканы меңгеру, тəрбиелiк ықпалдардың қыр сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттiкке айналады.


13-дәріс. Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік қызметтің ерекше түрі және оның ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында көрсетілген заманауи мұғалімге қойылатын кәсіби талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет