Педагогикалық іс әрекеттің технологиялық қағидасы - педагогикалық технологияның негізгі ережелері. Педагогикалық әрекеттестілік белгіленген сәттіліктің іске асуы: жасөспірімдер мен балалардың тәрбие деңгейінің есебі (тәрбиеленушінің өнегелі білімі мен мінез-қулық деңгейінің адекватты талаптарының көрсетілуі); қоршаған ортаға баланың қатынасының бағдары (тәрбиешінің әрқилы құбылыстарға енегелі және өнегесіз қылықтардың деңгейінің қатынасын айқындауы); өлшем қағидасы (тәрбиеленушінің кез-келген әсері немес онымен қарым-қатынастың тиімділігі эмоционалды өлшемдердің сақталуы педагогикалық құралдарды, форма мен әдістердің әртүрлі қолдануында көрінеді. Педагогикалық ұстанымның динамикалық қағидасы. Педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелік сипаттамасы. Педагогикалық құзіреттілік. Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен әдептілігі, кәсіби мәдениеті. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы. Іс-әрекет ұғымы гылым аралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттаңу сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу мәселелерінің бірі. Кез келген жеке тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттерін зерттеуге тырысады. Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс-әрекет — адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет — қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіреді. Адамдардың іс-әрекеттері мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғъілданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер: медициналық, педагогикалық, конструкторлъқ,инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді.
Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет). Іс-әрекет субъект-субъектілік және субьект-объектілік сипатта болады. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады. Тәуелсіз ел атанып, әлемге атымызды танытуға бетбұрып отырған кезеңде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеудегі басты тұлға — мұғалім. Сондықтан тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызмет ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылады. Осы ойдың өзі педагогикалык іс-әрекеттің әлеумеггік маңыздылығының айқын дәлелі.
Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады: оқушыларға деген сүйіспеншілігі; педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы; бақылағыштығы; педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы; педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы; қарым-қатынас жасай алуы; ұжымшылдық; шығармашылығы және т.б. Мұғалім – өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді. Педагогикалық іс-әрекет қызығы да, қиындығы да мол кызмет. Себебі мұғалім ата-аналар сияқты бір-екі баланы ғана тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеттері мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез- қүұқы мен әдет- ғұрыптары, түсінігі мен көзкарастары әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекеленген ерекшелігін дамытады, ынтымақты, тату, жарасымды ұжымға топтастыра отырып әр балаға жеке адам ретінде шынайы қамқорлық жасауға тырысады.
Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігінің басты көрсеткіші — баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болғандықтан, педагог шәкіртінің даму, тәрбиелену заңдьлықтарын жете біліп, оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына арнайы үйренуі керек.
Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де больш табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикальқ әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінезқұлкына байланысты келеді. Педагогикалык әдеп — мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. И.Е.Синица өзінің «Педагогикальқ әдеп және ұстаздьқ шеберлік» деген еңбегінде мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады: байқағыштық, лтипаттылъқ, сенім, әділдік, төзім және сабыр сақтау. Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия — мұғалімнің оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя алуы. Сонымен педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері ретінде оның балаға деген ынта-ықыласын, сүйіспеншілігн, педагикалық еңбекке қызығушылығын, психологияльқ-педагогикалық сезгіштігін, байқағыштығын, әділдігін, талап қоя білушілігін, табандылығын, ұстамдылығын, өзін-өзі басқара білуін, қайырымдылығын, мейірімділігін, кәсіби еңбекті сүйе білуін, ғылыми ой-өрісінің тереңдігін, рухани танымдық қызығушьшығын, интеллектуалдық белсенділігін, педагогикальқ өздігінен білім алуға ынталылығын, шығармашылықпен ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге болады.
Мұғалім — өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін, педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандьқта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік — кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.
Жалпы жас ұрпаққа білім беру ісін жетілдіру және оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес екені анық. Сондықтан жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауға, мәдениетін дамытуға, рухани кемелденуін қамтамасыз етуге аса көп көңіл бөлінуі керск. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеуі, қоғам алдындағы бағдарламалық міндеттердің шешімі тікелей жас мамандардың кәсіби дайындықтарының сапасына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |