1 Дәріс. Кіріспе. Эволюциялык идеялардың даму тарихы


Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының таралуы



бет4/5
Дата04.09.2022
өлшемі77,39 Kb.
#38444
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эволюция ілімі 1 Дәріс

Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының таралуы.
Заманындағы осындай материалистік бағыттағы ой – пікірге қарсы метафизикалық көзқарастар қалыптаса бастады. ҮІ – ХІҮ ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде «жаратылыстану» ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Батыс Еуропада дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында шіркеу, ең алдымен католик шіркеуі ірі экономикалық және саясаттық күшке айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап, қанауды жақтап феодалға бас июге шақырды. Табиғатты танудың орнына аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптарды мадақтады. Ғылыммен айналыспақ түгілі «табиғат жайлы» кітап оқығандарды да жазаға тартып, тірідей отқа өртеп, қорқытты. Шіркеу догматының шектен тыс уағыздалуы, озық ойлы ғалымдардың да қателесуімен жалғасып жатты.
Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар.
Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы ХҮІ ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдары – астрономия,геология, ботаника, зоологияның дамуына себеп болды. ХҮІ – ХҮІІ ғасырлар аралығы биологияның даму саласында «сипаттау кезеңі» болып есептеледі. Ағылшын философы Ф.Бэкон индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады.Бұл үндеу табиғат зерттеушілерінің арасында кең қолдау тауып, нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалықтар ашыла бастады.Мысалы, 1543 жылы А.Везалий адам денесінің құрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, М.Мальпиги 1661 жылы қылтамырлардағы қанның қозғалысын анықтады. 1628 жылы У.Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады. Р.Гук 1665 жылы өзінің ұлғайтқыш құралын жасап, өсімдік жасушасының құрылысын ашты. А.Левенгук 1683 жылы ұсақ ағзалар дүниесін, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысын жан – жақты зерттеді.
Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы. Географиялық саяхатттардың дамуына байланысты, өсiмдiктер мен жануарлар әлемi туралы мәлiметтер көптеп жиналды. Барлық белгiлi өсiмдiктер мен жануарларды бiр жүйеге келтiру үшiн белгілі бiр жүйелер бiрлiгi керек болды. Мұндай бiрлiк «түр» деп аталады. Оның алғашқы анықтамасын ағылшын ботанигi Дж. Рей (1628-1705) бердi. Ол «Өсімдіктер тарихы» атты еңбегінде 18600 өсімдік түрлерін сипаттап жазды.
Өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар енгiзген көрнектi ғалым К. Линней (1707-1778) болды. Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды. Ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. К. Линней біріншіден, сол уақытта белгiлi өсiмдiктердiң ситематикасын құрастырды. Екіншіден, бұрынырақ К.Баунинг құрастырған бинар номенклатурасын (қос ат беру, түр және туыс) тәжірибеге енгiзіп, оны жүйелеуге негіз етіп алды. Үшіншіден, К. Линнейдiң iрi жетiстiктерiнiң бiрi таксондар иерархиясын анықтау болды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отряд класқа біріктірілді. Бiрақ К. Линней эволюциялық көзқарасты жақтамады. Оның ойы бойынша «басында қанша түр болса, нетижесiнде сонша қалады», түрлер өзгермейді олардың саны құдірет жаратқаннан аспайды деген сенімде болды. Оның концепциясы креациоизмге тән сипатта жазылды.
Сонымен, түрдiң тiрi табиғаттың негiзгi құрылымдық бiрлiгi болуы мен ситематика биология саласында дарвинизмге дейiнгi кезеңде басты орынға ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет