1. Жобаны жоспарлау және ашу, тақырыпты дамыту. Егер білім алушы өз жобасының мақсаттарын анықтап, нақты сипаттаса, оның осы мақсаттарға қалай жететіндігі туралы дәйекті және толық сипаттама берсе, жобаны жүзеге асыру өзі ұсынған жоспарға толық сәйкес келсе, жоғары балл қойылады.
2. Әдіс-тәсілдерді таңдау және қолдану. Егер жоба автор анықтаған мақсаттар мен міндеттерге толық сәйкес келсе, ал таңдалған және тиімді пайдаланылған құралдар жоғары сапалы қорытынды нәтижеге жеткен жағдайда ең жоғары балл қойылады,.
3. Ақпаратты талдау. Бұл критерий бойынша ең жоғары балл жоба терең талданса және білім алушылар өз идеялары мен көзқарасының өзектілігін нақты көрсетсе, сонымен бірге тақырыпқа деген жеке қызығушылығын көрсете білсе қойылады.
4. Жазбаша жұмысты ұйымдастыру. Егер жоба мен жазбаша жұмыстың (есептің) құрылымы материалды (диаграммалар, графиктер, ескертпелер, макеттер, модельдер және т.б.) ұсынудың барабар тәсілдері пайдаланылса, жұмыстың логикасы мен реттілігін көрсетсе, және де презентация сапалы түрде жасалса жоғары балл қойылады.
5. Нәтижені талдау. Егер білім алушы жобаны алға қойылған мақсаттар тұрғысынан дәйекті және толық талдаса, таңдалған жолға қатысты жалпы перспективаларды түсіндіре білсе, және де өзі таңдағын әдіс-тәсілдердің тиімділігін дәлелдей білсе жоғары балл қойылады.
Білім алушылар жобаларды бағалау критерийлерімен алдын ала танысады. Сондай-ақ, олар критерийлердің мазмұнына немесе тіпті критерийлік шкалаға қосылуы керек деп санайтын қосымша критерийлерге қандай да бір толықтырулар ұсына алады. Бағалау критерийлері жобада жұмыс істеу кезінде нұсқаулықтың бір түрі болып табылады. Сонымен қатар, білім алушылар өздерінің жобалық қызметін бағалау критерийлері туралы біле отырып, бағалау үшін ұсынылатын жеке параметрлерді жақсарта алады, осылайша ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік алады.