1 дәріс. Кіріспе ұғымдар. Статиканың аксиомалары. Тоғысатын күштер Дәрістің мазмұны



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі24,31 Kb.
#126665
1   2   3
Байланысты:
1 дәріс. Кіріспе ұғымдар. Статиканың аксиомалары. Тоғысатын күшт-emirsaba.org

1.2 Тоғысатын күштер жүйесі
Күштер жүйеcі (КЖ) келесі түрлерде болуы мүмкін: тоғысатын, параллель және кез келген. Тоғысатын деп күштердің әсер ету сызықтары (ӘС) бір нүктеде қиылысатын КЖ-н атайды. Параллель деп ӘС өзара параллель КЖ-н атайды. Кез келген деп ӘС қиылыспайтын және параллель емес КЖ-сі аталады. Аталған күштер жүйелері жазық және кеңістік болуы мүмкін. Егер барлық күштердің ӘС бір жазықтықта жатса, КЖ жазық деп, керісінше жағдайда кеңістік деп аталады.
Денеге А, В, С, D нүктелерінде түсірілген әсер ету сызықтары О нүктесінде қиылысатын күштерін қарастырайық (1.1,а суретті қара). Күштерді олардың ӘС бойымен О нүктеге көшіріп, оларды тізбектеп күштер үшбұрышы ережесімен қосамыз (1.1,б суретті қара). Алдымен , күштерінің тең әсерлі күшін, сонан соң , күштерінің тең әсерлі күшін, сөйтіп т.б. табамыз. Сонда: , , =. Күштер саны n болса, онда
(1.1)
күшін былай да табуға болады: алдымен векторын тұрғызып, оның ұшынан векторын, содан кейін векторының ұшынан векторын және сөйтіп т.б. тұрғызамыз. Сонда күші бірінші вектордың басын соңғы вектордың ұшымен қосады. Сонымен, тоғысатын КЖ-нің тең әсерлісін геометриялық тәсілімен табу үшін күштердің қиылысу нүктесінде күш көпбұрышын тұрғызу керек; оның тұйықтаушысы болып келеді.
Тоғысатын КЖ-нің тең әсерлі күшін аналитикалық тәсілмен анықталуын қарастырайық. Ол үшін (1.1) теңдеуін декарт координаттар жүйесінің өстеріне проекциялап, тең әсерлі күшінің проекцияларын анықтаймыз
, , . (1.2)
Тең әсерлі күшінің модулі мен бағыты келесі формулалармен табылады
(1.3)
, , . (1.4)
Тоғысатын КЖ тепе-теңдікте болуы үшін , яғни болуы керек (тепе-теңдік шартының векторлық түрдегі жазылуы). Геометриялық түрде: күш көпбұрышы тұйықталу керек. Аналитикалық түрде: барлық күштердің үш өске проекцияларының қосындылары нөлге тең болуы,
, , . (1.5)
Тоғысатын жазық КЖ үшін , .


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары :
  1. Механика нені зерттейді?


  2. Материалық нүкте деген не?


  3. Абсолюттік қатты денелер деген не?


  4. Статика бөлімі нені зерттейді?


  5. Күш деген не ? Күштің өлшем бірлігі, күш жиыны деген не?


  6. Күш вектор ретінде қалай сипатталады?


  7. Эквивалентті күштер жиыны деген не?


  8. Күштер жиынының тең əсерлі күші деген не?


  9. Тең əсерлі күштің түсу нүктесі, шамасы, бағыты қалай анықталады?


  10. Тең əсерлі күштің теңгеруші күштен қандай айырмашылығы бар?


  11. Күштiң координаттар өсiне жəне жазықтыққа проекциялары қалай анықталады?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет