8-дәріс. Статистикалық физика және термодинамика (1) Дәріс жоспары: 1 Молекула- кинетикалық теорияның негіздері.
2.Молекула - кинетикалық көзқарас тұрғысынан газдың қысымы.
3. Температураның молекула - кинетикалық теория тұрғысынан мағынасы. 4. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы.
5. Термодинамикалық параметрлер.
6.Статистикалық таралулар. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл таралуы.
7.Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы.
8.Сыртқы потенциалдық өрістегі бөлшектер үшін Больцман таралуы.
9. Еркіндік дәреже саны. Еркіндік дәрежесі бойынша энергияның таралуы. Идеал газдың ішкі энергиясы.
10..Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула - кинетикалық теориясы және оның шектелуі.
Зат қүрылысы дискретті, яғни ол бөлшектерден, атомдардан тұрады.
1. Бөлшектер үздіксіз, ретсіз жылулық қозғалыста болады.
2. Бөлшектер арасында өзара эсер күші болады.
Газ күйін толық сипаттау үшін, қандай да болмасын бір күй функциясының нақты түрін немесе толық параметрлер жүйесінің мәндерін көрсету керек.
Күй функциясына ішкі энергия энтропия, энтальпия жатады. Ал параметрлерге газ көлемі, қысымы, температурасы жэне массасы алынады. Параметрлерді тікелей өлшеуге ыңғайлы болғандықтан, практикада газ күйін жоғарыда аталған толық параметр жүйесі өрнектейді. Параметрлер арасындағы байланысты анықтайтын теңдеуді, формуланы макроскопиялық дене күйінің теңдеуі газ күйінің теңдеуі деп а'талады.
Идеал газ. Егер қарастырылатын газ жеткілікті түрде дәрежеде сиретілген болса, (яғни, ыдыстың бір қабырғасынан екінші қабырғасына жеткенше молекула басқа молекуламен соқтықпаса);
молекулалар арасындағы өзара әсер есепке алынбаса;
молекулалар серпімді материалық нүкте ретінде қарастырылса, онда
бүл идеал газ деп аталады.
Идеал газ молекуласының ыдыс қабьфғаларына түсіретін қысымы молекуланың сол қабырғаларды соққылауынан пайда болады. Бүл тү-жырымды түсіндіру үшін, идеал газ толтырылған а қабырғасы А тең куб қарастырайық.
Молекуланың орташа квадраттық жылдамдығы
Молекуланың ілгерлемелі қозғалысының кинетикалық энергиясының орташа мәні:
мұндағы m0 – бір молекуланың массасы.
Молекула – кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі:
мұндағы n – молекула концентрациясы.
Идеал газ күйінің теңдеуі:
p = nkT,
мұндағы k – Больцман тұрақтысы. Осы теңдеулерден келесі теңдікті аламыз: