«ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Дәрістердің қысқаша жазбасы.
«Физика 1» пәні
1-дәріс. Кіріспе. Механика.Кинематика (1). Дәріс жоспары: 1.Механикалық қозғалыс - материя қозғалыстарының ең қарапайым түрі. Кеңістік және уақыт.
2.Санақ жүйесі. Материалдық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. 3.Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі.
4.Жылдамдық және үдеу -радиус –вектордың уақыт бойынша туындысы.
5.Айналмалы қозғалыстың кинематикалық элементтері. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.
Материялық нүктедеп - берілген есепте өлшемі мен формасын
елемеуге болатын денені айтады.
Санақ жүйесі - дененің кеңістіктегі орнын басқа бір кез-келген
қозғалмайтын дене арқылы анықтауға болады. Бүл денені санақ жүйесі
дейміз. Санақ денесі, санақ жүйесі мен осы санақ денелерімен байланысқан
координаталар жүйесінен құралады.
Нүктенің радиус-векторы- деп координаталар басынан берілген
нүктеге дейін жүргізілген векторды айтады.
Дененің қозгшіу траекториясы - деп қозғалыстағы нүктенің
кеңістіктегі сызған нүктесі.
Орын ауыстыру векторы- деп дененің бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын түзудің кесіндісіне тең векторлық шаманы айтады. Орын ауыстыру векторы радиустың векторлық өсімшесіне тең:
Жылдамдық - қозғалыс траекториясының шамасымен бағыттас болады. Жылдамдық қозғалысы нүктенің уақыт бойынша алынған радиус векторының туындысы:
Қисық сызықты қозғалыс теңдеуі. Үдеу - материялың нүктенің жылдамдығының уақыт бойынша өзгеру шапшаңцығы.
Қисық сызықты қозғалысты жылдамдықтың шама жағынан өзгеруін сипаттайтын тангенциал үдеу:
аt = u¢.
Нормаль үдеу - жылдамдықтың бағытын өзгеруін сипаттайды:
Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.
Материялық нүкте шеңбер бойымен қозғалысын Dj бұралу бұрышымен сипаттайды:
Бұрыштық жылдамдық уақыт бойынша алынған бұралу бұрышының туындысы.
Бұрыштық үдеу бұрыщтық жылдамдықтың бұрыш бойынша алынған туындысы:
Бұрыштық жылдамдықтың бағыты бұрғының ілгерлемелі бағыттас. Егер бұрғының сабын нүктенің қозғалысының бағытымен айналдырса, онда ілгерлемелі қозғалысы бағытын көрсетеді.
Бұрыштық үдеудің бағыты -векторымен бағыттас.