1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы



бет79/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Жерасты шаймалау – түсті және сирек кездесетін металдарды ешқандай өзгеріссіз сол жерде ұңғыма көмегімен шаймалау. Жер асты шаймалау әдісінің басқаларына қарағанда өзіндік артықшылықтарға ие:

1) кенді өндіруде қажетті капиталды құрылыстардың болмауына орай қаржы жұмсалуы және құрылыс мерзімдері 2-3 есе қысқартылады;

2) Ұранның кендерден бөліну дәрежесі жоғары (80-90 %);

3) Тау-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары күрделі кен орындарын пайдалану мүмкіншілігі бар;

4) жер қыртысына және қоршаған ортаға аяуғыш әсер ету.

Сорбциялық шаймалау - шаймалау және бағалы қосылыстарды сорбциялау әдістерінің қосындысы түріндегі әдіс. Мысалы цианидті шаймалау мен асыл металдарды ион алмастырғыш шайырлар арқылы сорбциялау. Сорбциялық шаймалау процесінде ион алмастырғыш шайыр цианидті целлюлозамен байланысқа түседі, ал қымбат металдар цианның ерітіндісінде еріп пульпаның сұйық фазасына өтеді және бір мезгілде ион алмастырғышпен сорбцияланады.

Шаймалау және сорбция аяқталғаннан кейін, алтынмен толтырылған ион алмастырғыш пульпадан бөлініп, алтынның және қоспа металдарының десорбциясымен қалпына келтіріледі және қайтадан сорбциялық шаймалауға бағытталады. Тиомочевиналық шаймалау - тотықтырғыш ретінде үш валентті темірдің Fe3+ тұздары бар тиомочевиналық қышқыл су ерітіндісін қолдану арқылы алтын мен күмісті шаймалау. Цианидпен шаймалауға қарағанда тиомочевиналық шаймалауда минералдың шаймалану жылдамдығы 10 есе жоғары. Тиосульфатты шаймалау– алтын мен күмісті натрий тиосульфаты және аммонІй ерітінділерімен оттегі қатысуымен шаймалау. Аммиак-тиосульфатты шаймалау циандік процестерге «төзімді» кендерден алтын мен күмісті (сонымен қатар марганец пен мыс кендері) шығару үшін мыс иондарының (каталитикалық әрекет) қатысуымен жүргізіледі.

Өңделген кен түріне және құрамындағы алтынның құрамына қарай ерітіндідегі шаймалау агентін (аммоний тиосульфатын) концентрациялау 2-ден 60% -ға дейін өзгеруі мүмкін. Бактериялық шаймалау – бағалы кендерді микроорганизмдер көмегімен сулы ортада еріту әдісі. Бұл әдіс энергия сыйымдылығының төмен болуымен ерекшеленеді. Бактериялық шаймалауда ең жиі қолданылатын микроорганизм тионды бактеря Thiоbаcillus fеrrоохidаns болып табылады. Ол мысты, никельді, мырышты, кадмийді және де алтынды ерітінділеуде қатысады. Кендерден алтын алудың бактериалды әдістері бактериялар мен саңырауқұлақтардың басым түрлерінің оқшаулауға мүмкіндік берген ірі алтын кен орындарының микрофлорасын зерттеу нәтижелеріне негізделген. Алтынды шаймалауда үлкен белсенділікке Bacillus, Bacterium, Chromobacterium өкілдері ие



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет