№1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы.
Жоспары:
1. Микроорганизмдердің практикада қолданылуы.
2. Индустриальді микробиологияның даму тарихы.
3.Микробиологиялық өндірісте микроорганизмдердің пайдалануы.
4.Микробиологиялық өндірістің негізгі салалары. Жоғары белсенді микроорганизмдер штаммдарын алу.
Микробиология ( грек тілінен аударғанда micros – кішкентай, bios – тіршілік, logos - ілім) – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым: жалпы микробиология, техникалық немесе өндірістік микробиология, тағамдық микробиология, ауылшаруашылық микробиология, геологиялық микробиология, санитариялық микробиология, медициналық микробиология, эпидеминология, мал дәрігерлік микробиология және вирусология сияқты түрлі ғылым салаларына бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |