1 Дәріс Компьютерлік графиканың негізгі түсініктері. Компьютерлік графиканың түрлері


Компьютерлік графикасының қолдану облысы



бет3/5
Дата15.04.2023
өлшемі33,92 Kb.
#83196
1   2   3   4   5
Компьютерлік графикасының қолдану облысы

  • Ғылыми графика

  • Жұмыстық графика

  • Конструкторлық графика

  • Иллюстративтік графика

  • Көрнекілік және жарнамалық графика

  • Компьютерлік анимация

  • Графика және Интернет

Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер ғылыми және өндірістің есептерін шешу үшін пайдаланылды. Алынған нәтижелерді жақсы түсіну үшін, оларды графикалық өңдеу қажет болды, есептелінген конструкциялардың графиктері, диаграммалары, сызбалары жасалынды. Бірінші графиктер машинада таңбалық баспа түрінде алынды. Содан соң қағазда сиялы қаламмен сызбалар мен графиктерді сызатын арнайы құрылғылар – графикқұрылғылары (плоттерлер) пайда болды. Қазіргі кездегі ғылыми компьютерлік графика есептеу эксперименттерінің нәтижелерін көрнекті етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Іс-қағаз графикасы. Іс-қағаз графикасы – фирмалардың, тағы да басқа жұмыс орындарының көрсеткіштерін көрнекі түрде сипаттау үшін қолданылатын компьютерлік графика облысы. Жоспар көрсеткіштері, есеп беру документтері, статистикалық есептеу жұмыстары сияқты объектілер үшін іс-қағаз графикасы көмегімен иллюстрациялық материалдар құрылады. Іс-қағаз графикасының программалық құралдары электрондық кестелер құрамына кіреді.
Конструкторлық графика инженер–конструкторлар, архитекторлар, жаңа техниканы ойлап табушылар жұмыстарында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі АЖЖ (автоматтандырылған жобалау жүйелері) ең негізгі элементі болып табылады.Конструкторлық графика құралдарымен жазықтықтағы бейнелер (проекциялар, қиықтар) ғана емес, кеңістіктегі үш өлшемді бейнелерді де алуға болады.
Иллюстрациялық графика. Иллюстрациялық графика – бұл компьютер экранында еркінше сызу және сурет салу. Иллюстрациялық графика пакеттері жалпыға арналған қолданбалы программалық жабдықтауға жатады. Иллюстрациялық графиканың қарапайым программалық ортасын графикалық редакторлар деп атайды. Көркемдік және жарнамалық графика.
Көркемдік және жарнамалық графика - теледидар экраны арқылы дамыған графика облысы. Компьютердің көмегімен жасалынған:

  • Жарнамалық роликтер;

  • Мультфильмдер;

  • компьютер ойындары;

  • Видеосабақтар;

  • Видеопрезентациялар.

Бұндай есептерді шешетін графикалық пакеттер компьютердің жадының көлемі мен оның жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Бұл пакеттердің ерекшеліктері өмірдегі шынайы бейнелер мен "қозғалатын суреттерді" құру және үш өлшемді объектілердің суреттерін, олардың бұрылуын, жақындауын, алыстауын құруда. Бұл жұмыстардың бәрі өте үлкен көлемді есептеулермен байланысты. Объектіге түсетін жарықты, оның көлеңкесін шығару оптика заңдылықтарын ескеріп есептеуді талап етеді.
Компьютерлік графиканы сонымен қатар кино индустриясында да 70-80 ші жылдары көптеп пайдалана бастады. Мысалы Американдық режиссерлер Стивен Спилберг және Джеймс Камерондар түсірген (1989), «Терминатор 1-3» (1989-2003), «Чужие» (1992), «Титаник» (1998) атты «Оскар» сыйлықтарына ие болған фильмдерінде «Autodesk» компаниясының жасап шығарған «Аутодеск-Аниматор» және «Силикон Графикс» компаниясының бағдарламасы «Open GL» бағдарламалары фильмге жаңа әсер әкеліп, әрлендірді. Сондай-ақ «Disney» студиясының шығарған мультфильмдерінде қолданылған анимация, үш көлемдегі персонаждар компьютерлік графиканың өнімдері деуге болады.
Компьютерлік анимация және мультимедиа Компьютерлік анимация – бұл дисплей экранында қозғалатын бейнені алу. Суретші экранда суреттің бастапқы және соңғы түрін салады, ал қалған аралықтағы суреттердің түрлерін компьютер есептеп, экранға шығарады. Мультимедиа – бұл экрандағы жоғары сапалы бейнені дыбыспен бірге біріктіру, ол оқу-ағарту, жарнама, ойын бағдарламаларында кең тараған. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.
Интернет үшін қажетті графика Интернеттің жергілікті желісінің пайда болуы, онда компьютерлік графиканың ең маңызды орын алуына алып келді. Күн өткен сайын көрнекі графиканы тасымалдаудың әдістері жетілдіріліп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет