1 Дәріс Компьютерлік графиканың негізгі түсініктері. Компьютерлік графиканың түрлері


Компьютерлік (машиналық) графиканың даму тарихы



бет5/5
Дата15.04.2023
өлшемі33,92 Kb.
#83196
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция комп графика 2

Компьютерлік (машиналық) графиканың даму тарихы
Компьютерлік графика соңғы онбес жылда дамыды, ал оның бағалы сатылатын құралдары одан да аз уақытта пайда болды. Компьютерлік графиканы алғаш рет 1940 жылдары Масачусец технологиялық институтының ғалымдары АҚШ-тың қарулы күштеріне ЭВМ көмегімен ұшатын аппаратқа қолданады. Кейіннен «Вихр атты супер компьютерге алғаш жасалған эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, 1951 жылы көпшілікке ұсынылады. 1961-1963 жылдары аталған институттың ғалымы Айвен Созерланд «Sretchard» (қойын кітапшасы) атты техникалық сызуға арналған бағдарлама жасап шығарады. Бұл бағдарлама кәсіпөқой техника саласындағы сызғыш мамандарға өте қолайлы, әрі уақыттарын үнемдеуге үлкен септігін тигізді. 1959 жылы «General Motors» компаниясы мен «IBM» фирмасының шарты бойынша автомобиль құрастыратын компьютерлік жүйе жасалды. Жүйе «DAC-1» (Design Augmented bu Computers) - компьютер көмегімен дизайн жасау деген атпен жарық көрді. Бағдарлама автомобильдің асты-үстінен, жаны, алды-арты, қырынан кез-келген жағынан көре алатындай мүмкіндіктерге қол жеткізді. Осы бағдарламадан кейін-ақ компьютерлі графикаға деген қызығушылық арта түсті. Дербес компьютерді графиканың сурет құралы екендігін алғаш рет Юпитер, Сатурн және басқа планеталарға ұшатын аппараттарды даярлайтын зертхананың бас маманы американдық суретші Дэвид Эм дәлелдеген. Эм компьютердің көмегімен өзі салған суреттерінен көрме ұйымдастырған. 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басына дейін «Apple» компаниясы көптеген графикалық технологияларға қол жеткізді. Солардың ішінде «Quick time» видеотехнологиясы бағдарламасының көмегімен компьютер өнерінде жаңа мультимедиа жанры пайда болды. «Apple» компаниясымен қатар келген жаңа технологиямен айналысқан бірқатар фирмалар да болды. Сол фирмалардың ішінде аталған фирмаға бәсекелестік тудырған «Майкрософт» компаниясы алдыңға компаниялардың қатарынан орын тепті. Сол жылы «Майкрософт» компаниясы нарық базарына өзінің «Windows 3,0» операциялық жүйесін тарту етті. Жүйе графикалық бағдарламалардың бәріне стандартты түрде бағытталды. Жүйеге арналып «Adobe» және «Aldus» фирмаларының дизайнерлері мен программистері арнайы «Adobe Photoshop» және «Adobe Photostiler» графикалық редакторларын жасап шығарды. Осы бағдарламалар мен «Windows 3,0» операциялық жүйесіне арнап Канададағы «Corel» фирмасының программистері «Corel Draw» векторлы графикалық пакетін жасап шығарды. Графикалық пакет графиканың барлық саласымен жұмыс жасайды. Басқа да графикалық «Fractal Design Painter» бағдарламалары жасалынды. Бұл пакетте жай карандаштан майлы және акварельдік бояуға дейін пайдалануға болатындай мүмкіндіктер шешімін тапқан. Осы жылдары «Autodesk» компаниясы «3D Studio» үш көлемде өлшейтін графикалық бағдарлама шығарылды. Бұл пакет компанияның технологы «Yost Group» тобымен бірлесіп жасалды. Бағдарлама қазіргі кездері үлкен қажеттілікті керек ететін пакеттердің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет