1 Дәріс Компьютерлік графиканың негізгі түсініктері. Компьютерлік графиканың түрлері



бет1/5
Дата15.04.2023
өлшемі33,92 Kb.
#83196
  1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция комп графика 2


1 Дәріс Компьютерлік графиканың негізгі түсініктері. Компьютерлік графиканың түрлері
Жоспары:

  1. Компьютерлік графиканың негізгі міндеттері.

  2. Компьютерлік графиканың қолданылуы аймақтары.

  3. Компьютерлік графиканың даму тарихы.

  4. Компьютерлік графиканың түрлері.

Компьютерлік графика – бұл ғылым, зерттеу объектісі үлгiлер және олардың суреттерiн жасау, сақтау және өңдеу болып табылатын ЭЕМ арқылы компьютерде (суреттер, сызбалар, мультипликация) әр түрлi суреттердi алу мәселемен шұғылданатын информатиканың бөлiмi.


Компьютерлік графика - табиғи объектілердің шындыққа негізделген бейнелеріне дейін қарапайым сызбаның әр түрлі бейнелеулерге арналған аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ғылым. Компьютерлік графиканың ақырғы өнімі - графиктер бейнелеу.
Компьютерлік графика деп бейнелерді (суреттерді) компьютердің көмегімен құруды (салуды) айтады.
Компьютер графикалық ақпаратпен жұмыс істегенде қандай да бір кескін элементін сипаттайды. Компьютерлік графика информатиканың негізгі бөлігі.
Монитордағы бейнелермен байланысты ақпараттарды өңдеуде 3 негізгі бағыт анықталған:

  • Образдарды тану;

  • Бейнелерді өңдеу;

  • Машиналық графикама;

Бар бейнені формальды түрде түсінікті символдар тіліне түрлендіру образдарды танудың негізгі міндеті болып табылады. Образдарды тануды техникалық құру жүйесі деп те атайды. COMPUTER VISION бейне сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін тәсілдер жиынтығы. Оның бір міндеті - обьектіні скелеттеу, яғни обьектінің кейбір негіздерін қалпына келтіру.


Бейнені өңдеу IMAGE PROESSING бейнені бір түрден басқаға көшіру, бейненің мәліметтерін сығу сияқты есептерді қарастырады. Мұндағы кіру және шығу мәліметтері бейне болуға тиіс.
Компьютерлік графика COMPUTER GRAPHICS сипаттамалық мәліметтерді график, гистограмма, т.б. бейне түрінде беру, обьектілердің анимациясын құрастыру сияқты жұмыстарды атқара отырып, алғашқы мәліметтер суреттік табиғатқа ие болса, соны бейнелеп көрсетуді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет