бойынша (3.4.3) – пен өрнектелетін күш моментіне тең. Олай болса, (3.4.4) – теңдеуі
материялық нүктелер мен денелер қозғалысын зерттеулерде маңызды орын алатын
d
dt
=
L
M
(3.4.5)
моменттер теңдеуіне ауысады.
4 дәріс. Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы
4.1. Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы теңдеулерінің сипаттамасы
Материялық нүктелер жүйесі.
Материялық нүктелердің шектелген жинағын
материялық нүктелер жүйесі
дейді. Жүйеге енген нүктелерді санап шығуға болады.
Мұндай жүйеге, егер есептің шарты бойынша молекулаларды материялық нүктелер
деп санауға болса, белгілі бір көлемдегі газ мысал бола алады. Сол сияқты, егер ішкі
құрылымы мен өлшемдерін ескермеуге болса, Күн жүйесін құрастырып тұрған Күнді,
планеталарды, басқа да денелерді материялық нүктелер жүйесі деп қарастыруға
болады. Жалпы жүйенің құрамына кірген материялық нүктелердің бір-біріне
салыстырмалы орны уақыт аралығында өзгеріп отырады. Жүйеге кірген әр
материялық нүктеге табиғаттары әр түрлі, біріншіден, жүйеден тыс жатқан объектілер
тарапынан
сыртқы күштер
, екіншіден, жүйеге кірген басқа нүктелер тарапынан
ішкі
күштер
әрекет етеді.
Сыртқы және ішкі күштер түсініктері салыстырмалы екенін атап кету қажет.
Мысалы, Жер мен Жер атмосферасының біріккен қозғалысын қарастырсақ, ауаның
ауырлық күші – ішкі күш. Ал, егер атмосфера қабаттарының Жер бетіне
салыстырмалы қозғалысын зерттесек, ауырлық күші сыртқы күш болып саналады. Сол
сияқты материалдық дене мен электрмагниттік өріс біріккен қозғалысында
электрмагниттік күштер ішкі болады, ал дененің электрмагниттік өрістегі қозғалыста
– сыртқы болады.
Материялық нүктелер жүйесін дербес жағдайда қатты дене деп атайды. Мұндай
жүйенің негізгі ерекшелігі – оны құрастырушы нүктелерінің арасындағы қашықтық
өзгермейді. Ары қарай жүйені құрастырған материялық нүктелерді 1,2,3...
N
мәндерді
қабылдайтын
i
,
j
т.с.с. индекстермен белгілейік (
N
– нүктелердің саны). Жеке
i
-інші
нүктені сипаттайтын физикалық шамаларды да сол индекспен белгілейміз. Мысалы,
,
,
i
i
i
Достарыңызбен бөлісу: