1 Дәріс Мемлекеттік қызмет түсінігі мен негіздері


ІІІ. Мемекеттік қызметті басқару



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі54,5 Kb.
#19268
1   2   3
Байланысты:
1 дәріс

ІІІ. Мемекеттік қызметті басқару

Мемекеттік қызмет саласында бірдей мемекеттік саясатты қамтамасыз етумен, мемлекеттік қызметкерлердің жеке жұмысын ұйымдастырумен байланысты басқару қызметінің ерекше түрі және кәсіби қызмет, сондықтан өз принциптарын, қызметтері мен әдістерін басқару түріне енгізген.


Мақсат – елде және шет елде әлді тиімді дайындықтағы қызмет сатысын әділ тәртіппен аттаған, бірдей ақпарат жүйесімен, қамтылған әлеуметтік қорғаудың кепілдігімен, адам капиталын басқару ресурстарына ұқыпты қарайтын кадрлармен басқару жүйесін құру. Қазақстанда нарықтық экономика оптималды болу үшін қазіргі заманға сай мемлекеттік қызметті және басқару құрылымын құру көзделген.

Мемлекеттік қызметті басқару үшін жалдау жүйесін жақсартуды білдіреді, ал кадрлардың жылжуы стратегияның негізгі принципі болып табылады. Бұл бағытта жаңа буынның басқарушы кадрлар дайындау міндеті алға басуда. Басқаруда басымды мақсаттар мен міндеттерге жетуге қол созған адамдар жұмыс жасау керек. Мемлекеттік қызмет саласында бірдей мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін сәйкес қызмет пен өкілеттілікке ие арнайы органдар құрылуы қажет. Оларға ҚР-ң мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттік және оның территориялық бөлімшелері жатады. Берілген органдардың стратегиялық жоспарындағы басты бағыт қоғамда мемлекеттік қызметтің жоғарғы жағдайын құру және ұстап тұру болып табылады. Бұл бір жағынан Қазақстандағы жаңа мемлекеттің құрылуымен, ал екінші жағынан демократиялық, құқықтық, әлеуметтік бағытталған мемлекеттің құрылуымен байланысты.

Мемлекеттік қызмет ісі бойынша ҚР агенттігінің негізгі міндеттері, қызметтері және өкілеттіліктері 1999ж. 03.12. ҚР Президентінің бекіткен қаулысымен анықталады.

Агенттік төмендегі қызметтерді атқарады:



  • мемлекеттік қызметтің тиімділігін жоғарлату мен жетілдіруде мемлекеттік бағдарламаларды өңдеуге және жүзеге асыруға қатысады;

  • әкімшілік мемлекеттік қызметке өту үшін мемлекеттік қызметкерлер мен кадрлар бойынша республикалық база құрады;

  • мемлекеттік қызметтің кадрлық қоры туралы ел Президентінің бекітуіне қаулылары өңдейді және ұсынады;

  • мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық жүйесін өңдеу және құру;

  • әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің категория талаптарын өңдейді, бекітеді;

  • әкімшілік қызметкерлердің қызметінің реестрлерін және басқа актілерді ҚР Президентіне бекітуге ұсынады;

  • мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік құқықтық қорғауды, еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды өңдейді;

  • мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау, дайындау сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың қызметін координацияау.

Агенттік мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен заңдық қызығушылықтары бұзылған жағдайда кеңес береді, әкімшілік мемлекеттік қызметке өту конкурсын жүргізу тәртібі мен жағдайларын анықтайды, сонымен бірге осы конкурстың дұрыс өтуін бақылауға, жүзеге асыруға, ел Президентінің шешімі бойынша әкімшілік мемлекеттік қызмет сұрақтары бойынша халықаралық келісім-шарт жобаларын дайындауға қатысады, қызмет ететін заңға, актілерге және ҚР Президентінің тапсырмаларына еңгізілген басқа қызметтерді атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет