№1 дәріс. Метрология – өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ғылыми негізі Дәрістің мазмұны: автоматтандыру бойынша бакалаврларды дайындаудағы «Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару»



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата24.03.2023
өлшемі194,72 Kb.
#76034
1   2   3
 Заңнамалық метрология – өзара байланысқан және өзара шартталған 
жалпы ережелердің жиынтықтары, сондай-ақ мемлекет жағынан өлшеулер 
бірлігі мен өлшеу құралдарының бірқалыптылығын қамтамасыз етуге 
бағытталған, тәртіпке келтіруді, бақылауды қажетсінетін және басқа да 
мәселелері кіретін метрологияның тарауы. Заңнамалық метрология 
тәжірибеге Мемлекеттік метрология қызметі және мемлекеттік басқару 
органдары мен заңды тұлғалардың қызметтері арқылы енгізілетін заңдармен, 
заңнамалық ережелермен метрологиялық әрекеттерді мемлекеттік реттейтін 
құралы ретінде қызмет атқарады. Заңнамалық метрология саласына өлшеу 
құралдарының (ӨҚ) түрін сынау және бекіту, ӨҚ мемлекеттік метрологиялық 
бақылау және қадағалау, сондай-ақ өлшеу бірлігін нақты қамтамасыз ету 
бойынша шаралар жатады.
Метрологияның негізгі міндеттерінің бірі - өлшем бірлігін қамтамасыз 
ету. Бұл мәселе негіз болатын екі шарттарды сақтаған кезде шешіледі: 
- заңдандырылған бірыңғай бірліктерде өлшеу нәтижелерін көрсету; 
- өлшеулер нәтижелерінің рұқсат етілетін қателіктерін және олардың 
берілген ықтималдықпен аспайтын шектеулерін орнату.
Өлшеу бірлігі – өлшеу нәтижелерінің заңдандырылған бірліктеріндегі 
көрінісі, ал олардың қателіктері берілген ықтималдықпен және белгілі 
орнатылған шектерден аспайтын өлшеу жағдайы. Әртүрлі орында және түрлі 
уақытта әртүрлі өлшеу құрылғыларымен орындалған өлшеулердің 
нәтижелерін салыстыру мүмкін болу үшін өлшеу бірлігін сақтау қажет. 


Сонымен бірге еліміздің ішіндегі қарым-қатынаста, елдер арасында өзара 
қарым-қатынаста өлшеу бірлігін сақтау маңызды болып табылады. 
1993 жылы «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданды 
[11]. (қазірде 2000 жылғы 7 маусымыда қабылданған редакциясы).
1993 
жылға дейін метрология саласындағы құқықтық нормалар өкімет қаулысымен 
бекітілген. «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы талай жаңа 
енгізулерді бекітті - терминологиясынан бастап метрологиялық қызметті 
лицензиялауға дейін.
Заңның негізгі баптары келесілерді белгілейді: 
а) өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік басқармасының 
ұйымдастырушылық құрылымын; 
б) өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарын; 
в) шамалар бірлігі мен шамалар бірлігінің мемлекеттік эталондарын; 
г) өлшеу құралдары мен өлшеу әдістемелерін. 
Фундаменталдық және тәжірибелік метрология көне дәуірде пайда 
болған. Ежелгі Ресейде өлшем жүйесінің негізі Көне Греция мен Римде 
қолданылған көне египеттік өлшеулер бірліктері болған. Бірліктер атауы мен 
олардың мөлшері арнайы құрылғыларды қолданбай, «қолмен» өлшеуге 
мүмкіндік беретін. Сөйтіп, әртүрлі уақытта Ресейде ұзындық бірлігі: 
- шынтақ (қол шынтағы қайырылғаннан бастап ортаңғы саусағы 
аяқталғанға дейін); 
- қарыс (үлкен адамның үлкен және сұқ саусақтарының ұштары 
арасындағы ара қашықтық); 
- аршын (оның пайда болуы қарыстың жойылуын еліктірді – ¼ аршын); 
- сажын (орыс өлшемі = 3 шынтақ = 152 см); 
- кере құлаш = 248 см. 
Петр 1 Жарғысымен орыс ұзындық өлшемдері ағылшындармен 
келісімге келді: 
- дюйм («саусақ» = 2,54 см); 
- ағылшын футы = 12 дюйм = 30,48 см. 
Алғашқы метрлік өлшем жүйесі 1840 жылы Францияда енгізілді. Оның 
маңыздылығын Д.И. Менделеев «халықтың үміт еткен келешекте 
жақындасуы» ретінде көңіл аударған.
Ғылым мен техниканың дамуымен жаңа өлшеулер және жаңа өлшеулер 
бірліктері талап етілді, ол фундаменталдық және қолданбалы метрологияның 
дамуына себеп болды. Алғашқы өлшеу бірліктер прототиптерін 
макрообъектілерді және олардың қозғалысын зерттей отырып, табиғаттан 
іздеген. Сөйтіп, секунда – Жердің өз осін айналатын кезеңінің бір бөлігі. 
Ізденістер атомдық және атом ішіндегі деңгейге біртіндеп ауысты. Енді секунд 
– сыртқы өрістер жағынан әсерлер жоқ болған кезде Цезий-133 атомының 
негізгі күйінің аса жұқа құрылымының екі деңгейі арасында өтетін сәйкесті 
сәулені шығарудағы 9192631770 периодтар ұзақтығы. Сөйтіп, метрология 
ғылым ретінде динамикалық дамып отыр. Қабылданған физикалық шамалар 
бірлігі табиғи пайда болғаны туралы ұғымды беретін физикалық шамалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет