бірлігінің халықаралық жүйесінде (СИ жүйесінде) қабылданған физикалық
шамалардың бірліктерінің анықтамалары растайды. Бұл фундаменталдық
метрологияның келешектік дамуын дәлелдейді.
1954 жылы өлшемдер және салмақтар бойынша Бас конференция
халықаралық қатынастарда қолдану үшін алты физикалық шамаларды
анықтады: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы, свеча.
1960 жылы ХI өлшемдер және салмақтар бойынша Бас конференция
физикалық шамалар бірлігінің халықаралық жүйесін (СИ жүйесін) бекітті.
Оны метрология саласындағы барлық ірі халықаралық ұйымдар қабылдады.
КСРО-да бұл жүйені 1963 жылы қабылдады.
СИ жүйесіндегі негізгі физикалық шамалары:
а) ұзындық бірлігі – метр –вакуумда 1/299792458 секунд бөлшегінде
жарықтың өтетін жол ұзындығы;
б) масса бірлігі – килограмм – килограммның халықаралық прототипінің
массасына тең масса;
в) уақыт бірлігі – секунд – цезий-133 атомының негізгі күйінің екі
деңгейі арасында көшуіне сәйкес сәулеленуінің 9 192 631 770 периодына тең
уақыт бірлігі;
г) электрлік ток күші бірлігі – ампер – айнымас тоқтың күші, ол бір -
бірінен 1 м аралығында вакуумда орналасқан шексіз ұзындықтары бар және
айналмалы қимасы соншалық кіші болатын, екі параллель өткізгіштіктерден
өткен кезде, сол өткізгіштіктер арасында әрбір метр ұзындығында
7
10
2
−
Н
күшін жасайды;
д) термодинамикалық температура бірлігі – Кельвин градусы – судың
үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі
(Цельсий шкаласы пайдалануы мүмкін);
е) зат мөлшерінің бірлігі – моль – массасы 0,012 кг көміртегі 12
нуклидінде қанша атомдар болса, сонша құрылымдық элементтері болатын,
жүйенің зат мөлшері;
ж) жарық күші бірлігі – кандела – жиілігі
12
10
540
Гц монохром
сәулеленуді жіберетін көздің берілген бағыттағы жарық күші; осы бағытта
көздің энергетикалық күші 1/683 Вт/ср
2
болуы керек. Мұндағы ср – стеридиан
– кеңістік бұрышты өлшеу бірлігі.
Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [1-6] алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |