8 дәріс тақырыбы: Биотехнологиялық үрдістің кезеңдері және биотехнологиялық үрдісті іске асыру негіздері. Гендік инженерия негіздері.
Жаңашыл биотехнология – бұл гендік және жасушалық инженерия әдістері мен гендік модифицирленген өсімдіктерді жасау технолоиясымен қолданылуын және өндірісті интенсификациялау мақсатында жаңа микроорганизмдерді алу, сонымен қатар түрлі бағыттағы дәстүрлі өнімдерді алу туралы ғылым.
1. Биотехнологияның даму тарихы 5 негізгі кезеңге бөлінеді:
1. Пастерге дейінгі дәуір (1865 жылға дейін). Бұл кезде биотехнологиялық әдістермен сыра, шарап, ірімшік, нан, йогурт, айран, әр түрлі ферменттелген тағамдарды өндірген.
2. Пастер дәуірі (1865—1940 жылға дейін). Микроағзалар-продуценттер белгілі бола бастады және бұл этанол, бутанол, ацетон, глицерин, лимон қышқылы, көптеген вакциналар өндірісін шығаруға және ағын суларды аэробты микроағзалармен биологиялық тазарту процесстерін ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
3. Антибиотиктер дәуірі (1940—1960 жылдарға дейін). Пенициллин, стрептомицин және көптеген басқа антибиотиктер ашылып, жануарлар жасушаларын культивирлеу технологиясымен вирусты вакциналарды алу, стероидті гормондар биотрансформациясының технологиялары жасалды.
4. Постантибиотикалыдәуір (1960—1975 жж.). Жуғыш ұнтақтарда қолданылатын аминқышқылдары, мұнай парафинінің микробиологиялық ақуызы, ферменттердің технологиялары жасалды. Глюкоза-фруктозалық сироптарды алу үшін ферменттерді иммобильдеу технологиясы жасалды. Ағын суларды аэробты өңдеуге биогаз алынатын қатты қалдықтарды анаэробты өңдеу қосылды. Полисахаридтерді алудың микробиологиялық әдісі ашылды (мұнай ерітіндісінің тұтқырлығын жоғарлататын ксантаннан бастап сағызға дейінгі). Бұл кезеңде автомобиль жанармайы ретінде техникалық спиртті пайдалану жайлы айтыла бастады.
В2және В12 сонымен қатар етті алмастырғыш ретіндегі мицелиальді микроскопиялық саңырауқұлақтың микопротеинінің микробиологиялық технологиясы жасалды. Ғалымдар биотехнология өндірісінің көптеген құнды дәрілік заттарына бастама болған, изолирленген өсімдік жасушаларын культивирлеуді үйренді. Осы кезеңге биометаллургия - кеннен бактериалды сілтісіздендіру арқылы мыс пен мырыш алу жатады.
5. Жаңа биотехнология дәуірі (1975 жылдан кейін). Микроағза геномдарын мақсатты өзгертуге, оған өсімдік және жануарлар геномдар құрылымын енгізумен гендік инженерияның зерттемелерімен сипатталады. Бұл адамдық инсулин, интерферон, соматотропты және өсу гормондарымен тағы да басқа микробиологиялық технологиясын жасауға мүмкіндік берді.
Диагностикалық препараттардың үлкен түрлілігі болып табылатын моноклонды антиденелерді алатын гибридтік технология жасалды. Геномды құрастыру мақсатты жүзеге асырылатын трансгенді өсімдіктер мен жануарлар пайда болды.