1 Дәріс. «Микробиология биотехнология» пәніне кіріспе. Микробиология саласының даму тарихы. Микроорганизмдердің жалпы белгілері мен алуан түрлілігі


Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау



бет21/45
Дата08.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#135043
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
лекция

Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін жасау. Медицинада эмбриональдық діңгек жасушаларын ағзадан тысқары (in vitro) жағдайында аналық жасушасын қолдан ұрықтандыру арқылы алады. Бұл əдіс бойынша жатыр түтікшесінен сорылып алынған аналық ұрық жасушасы, арнайы зертханаларда микроскопты пайдалана отырып, ер адамдардың сперматозоидтармен ұрықтандырылады. Мұнда барлық жағдайлар жасалынып, стерильдіктің қамтамасыз етілуі себепті, ұрықтану нəтижелері де өте жоғары болады. Осындай жолмен ұрықтанған аналық жасушасы – иесінің немесе басқа əйел жатырына (сурогатты шеше) қондырылады. Ең алғашқы қолдан ұрықтандыру арқылы пайда болған бала 1978 жылы Англияда дүниеге келген болатын. Сол уақыттан бастап бұл əдіс медицинада кеңінен қолданыла бастады. Қолдан ұрықтандыру əдісі көптеген балалары жоқ ата-аналардың сəбилі болуын қамтамасыз етті. Бедеулікпен күресуден басқа, қолдан ұрықтандыруды көптеген басқа да мақсаттарда, мысалы мал шаруашылығында жынысы бойынша сұрыптау жұмыстарын жүргізу үшін де пайдалануға болады.
Коммерциялық мақсатта қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ірі қара малы шаруашылығында пайдалану тиімді екендігін көрсетті. Осындай жолмен алынған зигота, Дьюар құтысындағы сұйық азоттың -960С температурасында қатырылып, ары қарай сақталады. Мұның басты артықшылығы – зигота ұзақ мерзімге шыдайды жəне керек кезінде қажетті жерге оңай тасымалдау мүмкіндігіне ие болады.
Қолдан ұрықтандыру жолымен бір сəбидің дүниеге келуі үшін, бірнеше аналық ұрық жасушасын сперматозоидтармен ұрықтау қажет болады. Көпшілік жағдайда бір сеанс мерзімінде 8-ге дейін аналық жасушасын ұрықтандыруға қол жеткізілгенмен, оның тек 2-уі ғана болашақ ана жатырына бекітіледі. Қалғандары 6- 8 жасушалық кезеңдерінде сұйық азотта қатырылады. Қазіргі кезде АҚШ мемлекетінде осындай жолмен сақталған 400 мыңға дейін эмбриондар бар деген мəліметтер келтіріледі. Соның ішінде 2,8% жуығы ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін берілген.
Қатырудың эмбрионға тигізер əсері жөнінде əлі де толық белгісіз, сондықтан көптеген эмбриондар бұл жұмыстардан кейін өліп қалады. Бірақ та қатырылған, соңынан ерітіліп жатырға ендірілген эмбриондардың бір бөлігі өздерінің тіршілікке қабілеттілігін сақтауы себепті, кейіннен олардан аман-сау ұрпақ туылады.
Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін дайындау үшін, зерттеушілер ерітілген зиготаларды бластула стадиясына дейін өсіп-бөлінуін қадағалайды. Мұндай жұмыстардан кейін ол эмбрион ретінде ары қарайғы өзіндік маңызын жояды. Эмбриональдық діңгек жасушалары болса ары қарай шексіз өсіп-көбейе алады, яғни олар иммортальды қабілетке ие. Жасушалық желіні тоңазытқышта сақталатын ашытқыға ұқсатуға болады. Қажетті орта жағдайы жасалып сақталған оның бір тұтамын алып, жаңа ашытқы жасауға болады емес пе. Сол сияқты, адамдардың да кейбір эмбриональдық діңгек жасушалары 300-400-ге дейін бөліне алады. Тəжірибе жұмыстарында алынған тышқандардың діңгек жасушалары арнайы орта жағдайында бірнеше онжыл бойы сақталған. Адамның діңгек жасушасы желісін жасаудың жалпы схемасын келесі 7-ші суреттен көруге болады.
Жасуша желілеріне тиісті ерекшеліктерінің бірі – олардың «ойыннан шығу» қабілеттіліктері болуы себепті, ғалымдардың пікірі бойынша оларды ауық-ауық жаңа жасушалармен ауыстырып тұру қажет. Бұл пікір басқа да жасушалар желілерін, атап айтқанда, адам фибробластарын қоректік ортада көп мерзімде сақтау барысында жасалынған. Мүмкін, ескіріп қалуы себепті көбею қабілеттіліктерін жоғалта бастаған жасушаларды, жаңа эмбриональды жасушалармен тұрақты түрде ауыстырып тұру қажет болатын шығар. Өйткені, ұзақ уақыт бойына жасанды қоректік ортада өсіріліп келінген басқа жасушаларда мутациялық өзгерістер жиналып қалуы себепті, оларда көбею қабілеттіліктерінің төмендей бастағаны байқалады.
Адамның діңгек жасушаларының желісі өте əлсіз болып келеді, сондықтан оны құру табандылық пен үлкен тəжірибені талап етеді. Олар мамандандырылған жасушаларға айналуға бейім келеді. Қазіргі кездегі белгілі технология бойынша, тышқанның эмбриональды фибробластары бар, құрамына сиыр қаны сарысуы қосылған, арнайы қоректік ортада адамның діңгек жасушаларының мамандану үдерісі жүрмейтіні анықталған. Құрамында осындай адам ағзасына жат заттары бар 33 қоректік ортада көбейтілген діңгек жасушаларын адамдарға терапиялық мақсатта қолдану, өте үлкен күмəн туғызытын нəрсе. Өйткені мұндай жағдайға жол берілсе, адам жасушасы тышқан немесе сиыр ағзасында болуы мүмкін əртүрлі зиянды заттар немесе вирустармен ластануы мүмкін. 2007 жылы ғалымдар діңгек жасушаларын өсіру үшін қолданылатын қоректік ортадағы хайуандардың компоненттерін адамдардың сондай элементтерімен алмастыруды ұсынған еді. Алайда, қазіргі кезде, адамдардың жинақталған діңгек жасушалары желісінің, басқа да бөгде заттармен ластану мүмкіндіктері əлі де сақталуда деген қауіп туындайды.

Бақылау сұрақтары:



  1. Микроорганизмдер, жануарлар және өсімдік клеткаларының типтік тәсілдері және дақылдау ерекшеліктері.

  2. Микроорганизмдер, жануарлар, адам және өсімдік клеткалары мен ұлпаларын дақылдаудың типтік тәсілдері және дақылдау ерекшеліктері.

  3. Дақылдау клеткаларының биологиясы.

  4. Азот, фосфор, көміртегі және микроэлементтердің негізгі көздері.

  5. Жаңа шикізат көздерін зерттеу (алдын ала өңдеу ерекшеліктерін қарастыру), жаңа қоректік ортадарды дайындау, соның ішінде биостимуляторларды және биосинтез үрдістерін оптимизациялауда элементтерді басқару.

  6. Қоректік орталарды оптимизациялау әдістері.

  7. Дақылдаудың үздіксіз, жартылай үздіксіз және мерзімді дақылдау әдістері.

  8. Иммобилизденген биообъектілерді алу ерекшеліктері және оларды биотехнологияда пайдалану.

  9. Морфогенез және in vitro регенерацияны молекулярлы-генетикалық механизмдерін реттеу.

  10. Жасушалық инженерия ғылымының зерттеу аясы не?

  11. Денелік жасушаларын гибридизациялаудың үдерістері қандай кезеңдерден тұрады?

  12. Денелік жасушаларын гибридизациялау үдерісін пайдалану адамдарға қандай мүмкіндіктер береді?

  13. Хайуандар жасушаларын өсірудің негізгі бағыттары қандай? Олардың мəнін түсіндіріңіз.

  14. Жасанды ортада өсіру үшін қандай жасушаларды таңдап алған дұрыс деп ойлайсыз?

  15. «Өлмейтін» қабілетке қандай ұлпаларынан алынған жасушалар ие болады? Денелік жəне ұрықтық жасушаларының басты ерекшеліктері қандай?

  16. Эмбриональдық діңгек жасушаларының басты ерекшеліктері мен артықшылықтары қандай?

  17. Гематопоэтикалық жасушалар дегеніміз не жəне олардың қолданылу мүмкіндіктері қандай?

  18. Плюрипотентті діңгек жасушалары дегеніміз не? Олардың қолдану мүмкіндігінің болашағы қандай деп ойлайсыз?

  19. Ересек діңгек жасушалары қандай ағзадан алынады, олардың басты ерекшеліктері жəне қандай мақсатта қолдануға болады?

  20. Ересек діңгек жасушаларының басқа ағзаға қабылданбай қоюының басты себебі неде?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет