1 Дәріс. «Микробиология биотехнология» пәніне кіріспе. Микробиология саласының даму тарихы. Микроорганизмдердің жалпы белгілері мен алуан түрлілігі



бет35/45
Дата08.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#135043
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
лекция

Антидене кітапханасын жасақтау. Əртүрлі антиденелерін коделейтін гендердің құрылымын анықтау нəтижелері, моноклональді антиденелердің көптеген түрлерін жасап шығаруға мүмкіндік береді. Генетикалық мəліметтерінің осындай көп түрлерін жасақтап, бір жерде сақтау өте қолайлы болар еді. Осы мақсатта бірталай моноклональді антиденелердің жеңіл үзігін (легкая цепь) коделейтін гендері, бактериофагтарға ендірілген болатын.
Бактериофагтар дегеніміз – бактерияларды инфекцияға ұшыратып, жоятын арнаулы вирустар екендігі белгілі. Осындай жолмен дайындалған бактериофагтарды кəдімгі кітапханадағы кітаптар қоры сияқты, мəліметтер кітапханасы – яғни генетикалық мəліметтерінің тірі кітапханасы ретінде сақтауға болады. Мұндай тірі кітапханалар – антидене кітапханасы деп аталады.
Теориялық тұрғыдан сіз антидене кітапханасына барып, антиденеге тапсырыс беруіңіз мүмкін. Сонда сізге қажетті антидененің генетикалық мəліметі сақталған, ерекше бактериофаг беріледі. Сіз фагтың бактерияны инфекцияландыруына жол беру арқылы, бактерия құрамына қажетті гендік мəліметті ендіре аласыз. Егер де сіз барлығын дұрыс жасаған болсаңыз, инфекцияланған бактерия қажетті антидененің жеңіл үзіктерін өндіре бастайды. Кейіннен жеңіл үзігін, ауыр үзігіне «асып қоюуы» нəтижесінде, біздерді қызықтыратын Fab-компоненті түзіледі.
Бақылау сұрақтары:



  1. Өсімдіктер мен жануарларды клондау технологияның әдістері.

  2. Құнды және жойылып бара жатқан өсімдіктердің жабайы түрлерін көбейту және дәрілік өсімдіктерін клондау әдістері.

  3. Апикалды меристема дақылы.

  4. Өсімдік материалын сауықтыру технологиясы және вируссыз көшет материалын алу әдістері.

  5. Клондау технологияны жеміс-жидектер шаруашылығында, әсем гүл және жүзім шаруашылығында пайдалану.

  6. Жануарларды клондау әдістері.

  7. Репродуктивты клондау.

  8. Ұрықтарды клондау, монозиготалы егіздерді алу әдістері.

  9. Эмбрионды клондау.

  10. Иммобильденген ферменттер дайындау қалай жүзеге асырылады?

  11. Иммобильденген ферменттер дайындауда бекітуші субстрат ретінде қандай заттарды пайдалану тиімді?

  12. Жасушаларды қандай тəсілдер арқылы иммобилдеуге болады?

  13. Иммундық жүйенің негізгі атқаратын қызметі не?

  14. Иммундық жүйе қандай негізгі құрамдас бөліктерден тұрады?

  15. Иммундық жауап реакциясының негізгінде қандай əрекеттесулері жатады?

  16. Əртүрлі инфекциялық аурулардың алдын алу үшін егілетін вакциналар ағзада қандай əрекет тудырады? Ағзаның иммундық жүйесінің бөгде антигендерге реакциясы қандай?

  17. Антидене қалай пайда болады?

  18. Иммунитет жəне иммундық жауап дегеніміз не?

  19. Соматикалық рекомбинациялар қалай жүзеге асады?

  20. Ағза сырттан енген жат биологиялық материалдарға қарсы қандай жолмен күреседі? Иммуноглобулиндер дегеніміз не? Спецификалық иммуноглобулиндер қалай дайындалады?

  21. Моноклональды антидене дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?

  22. Моноклональды антидене алудың маңызы қандай?

  23. Лимфоидты клондар дегеніміз не жəне ол қалай əрекет етеді?

  24. Гибридома дегеніміз не жəне оның негізгі ерекшеліктері қандай?

  25. Иммундық сарысуы не үшін қажет жəне оны қалай дайындайды?

  26. Иммундық сарысуын қолданудың қандай артықшылықтары бар?

  27. Наноденелерінің қолданылу мүмкіндігі жөнінде материалдар жинақтаңыздар

  28. Антидене кітапханасы деп не айтылады?

  29. Антидене кітапханасын жасақтаудың маңызы қандай?



15 дәріс тақырыбы: Адам, жануарлар және өсімдіктерді жасанды ұрықтандыру әдістері. Өнеркəсіптік биотехнология негіздері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет