1 дәріс. Модельдеудің түсініктемелері. Модельдеу мақсаты



бет12/20
Дата10.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#60898
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
КОМП МОДЕЛЬДЕУ

2. Математикалық модельдер белгі модельдерінің өте кең класы. Мысалы, жұлдыздың математикалық моделін қарастыруға болады. Бұл модель жұлдыз қойнауында жүретін физикалық процестерді сипаттайтын күрделі теңдеулер жүйесін көрсетеді. Басқа түрдегі математикалық модель, мысалы, қандайда бір кәсіпорын жұмысының оптималды (экономикалық көзқараспен ең жақсысы) жоспарын есептеуге мүмкіндік беретін математикалық қатынастар.
3. Ақпараттық модельдер әртүрлі табиғат жүйелерінде ақпараттық процестерді (ақпараттың туындауы, жіберу, түрлендіру және пайдалану) сипаттайтын белгі модельдерінің класы.
Вербальды, математикалық және ақпараттық модельдер арасында шекара шартты түрде жүргізілуі мүмкін; ақпараттық модельдерді математикалық модельдің класы деп есептеуге болады. Бірақ, математикадан, физикадан, лингвистикадан және басқа ңылымдардан бөліген жеке ғылым ретінде информатика шеңберінде, ақпараттық модельдерді жеке класқа бөлу мақсатқа лайықты болып табылады.
2. Математикалық модель теңдеулер және басқа метематикалық құралдар тілінде объекттер немесе процестердің қырын көрсетеді.
Математикалық модельдеу компьютерлік қолдауды әрқашан қажет етпейді. Математикалық модельдеумен кәсіби айналысатын әрбір маман модельді аналитикалық зерттеу үшін барлық мүмкін жағдайларды жасайды. Аналитикалық шешімдер (яғни формулалармен көрсетілген, алғашқы деректер арқылы зерттеу нәтижесін көрсететін) көбінесе сандық шешімдерге қарағанда қолайлы және ақпараттық. Күрделі математикалық есептерді шешудің аналитикалық әдістерінің мүмкіндігі шектеулі және бұл әдістер сандыққа қарағанжа күрделірек.
Сонымен, «аналитикалық шешімдер» мен «компьютерлік шешімдер» түсінігі бір-біріне қарама-қайшы емес, өйткені
а) математикалық модельдеу кезінде көбінесе компьютерлер тек сандық есептеулер үшін ғана емес, сонымен қатар аналитикалық түрлендірулер үшін де пайдаланылады;
б) математикалық модельді аналитикалыө зерттеу нәтижесі көбінесе күрделі формуламен көрсетіледі. Бұл формуланы графикалық түрде, динамикада иллюстрациялау, кейде дыбыстандыру қажет, яғни «абстракцияны визуализациялау» керек. Сонда компьютер – ауыстыруға болмайтын техникалық құрал.
3. Модельмен сандық экспериментті қосатын компьютерлік математикалық модельдеу процесін қарастырайық.
Бірінші саты — модельдеу мақсатын анықтау. Олардың негізгілері: 1) модель нақты объект қалай орналасқан, оның құрылымы қандай, негізгі қасиеті,
даму заңдары мен қоршаған ортамен өзара әрекетін түсіну үшін қажет (түсіну);
2) модель объектпен (немесе процеспен) басқаруды үйрену және берілген мақсат пен критерийлер кезінде басқарудың ең жақсы тәсілін анықтау үшін қажет (басқару);
Сонымен, математикалық аппаратқа қатыссыз әр түрлі ғылымдарда модельдеудің жалпы заңдылықтарымен қызығатын, бірінші орынға модельдеу мақсатын қоятын адам, мынандай классификациямен қызығады:
• дескриптивті (сипаттаушы) модельдер;
• оптимизациялық модельдер;
• көпкритерийлі модельдер;
• ойын модельдері;
• имитациялық модельдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет