1 дәріс. Негізгі түсініктемелер және анықтамалар. Тізбектердің негізгі заңдары. Электр тізбектерін баламалы түрлендіру


Тұрақты ток машиналарының жұмыс парқы



бет26/34
Дата06.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#79800
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
Электротехника және электроника негіздері ЛЕКЦИЯ

12.2 Тұрақты ток машиналарының жұмыс парқы
12.2 суретте тұрақты ток генераторының схемалық бейнесі көрсетілген. Якорь орамаларының сымдарын 5 ашық, изоляциясыз және якорьдың үстінде деп қарастырамыз. Түкшелерді 3 сымдардың үстіне орналастырып отырып ЭҚК-тердің бағыттарын мынадай белгілеуге келісеміз: жазықтықтан шығатын ЭҚК-тер « · »нүктемен белгілінеді, ал жазықтыққа кіретін ЭҚК-тер «+» белгілінеді
Якорь сағат тілімен бағыттас болып бір қозғалтқышпен айналдырылса, якорь орамасында ЭҚК пайда болады, оның бағыты оң қол ережесімен анықталады. Егер якорьдың орамаларының сымдары бір-бірімен қағидаға сәйкесті тізбектеп жалғанса, олардың ЭҚК-тері қосылады, сонда якорьдың жалпы ЭҚК-ші нөлге тең болады, орамада токтың шамасы да нөлге тең болады. Түкшелер якорьдың орамасын екі параллель тармаққа бөледі. Тармақтардың ЭҚК-тері бір біріне қарама-қарсы бағытталып (12.3 суретті қара), түкшелерге бірдей болып қарастырылады.

12.3 сурет
Пайда болатын ЭҚК машинаның конструкциялық параметрлерінен, ораманың айналу жылдамдығынан және полюстің магнит ағынынан тәуелді, яғни
(12.1)
мұндағы Се – якорьдың орамдарының санына және якорьдың диаметріне тәуелді константа.
Егер якорьдың орамасына Rн кедергілі қабылдағыш жалғанса, параллель тармақтарда бірдей Iя /2 ток пайда болады, қабылдағыштан Iя толық ток өтеді .
Генератор режимінде Eя ЭҚК мен Iя ток бағыттас болып табылады, ал қозғалтқыш режимінде  – Eя және Iя қарама-қарсы бағытталады. Iя тогы бар сымдарға негізгі полюстер жағынан қоздырылған магнит өрісінің нәтижесінде күш әсер етеді. Бұл күштің бағыты сол қол ережесі бойынша анықталады. Ол күш машинаның білігінде генератор режимінде тормозды, ал қозғалтқыш режимінде айналдырушы электромагниттік момент тудырады
(12.2)
Cм – машинаны конструкциясына тәуелді коэффициент.
Әрбір электрмашинасы генератор немесе қозғалтқыш режимінде жұмыс істеуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет