Байланысты: Электротехника және электроника негіздері ЛЕКЦИЯ
15.3 Үш фазалы түзеткіштер 15.3 суретінде үш фазалы жарты периодты түзеткіштің орынбасарлық сұлбасы және уақыттық диаграммалары келтірілген. Диодтар үш фазалы трансформатордың жұлдызша схемасы бойынша жалғанған екінші ретті орамаларына жалғанған. Токты анодында оң бағытты кернеуі жоғары диод өткізеді. Түзетілген кернеудің негізгі гармоникасының жиілігін солықтауы fнег.гарм қорек кернеуінің жиілігінен үш есе артық болады fнег.гарм =3 f1. Солықтау коэффициенті Kп = 0,25 бір фазалы түзеткіштердің солықтауынан аса кіші болғандығы сүзгінің Cф сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік тудырады. Трансформатордың екінші ретті орамасаның тогын тұрақты құрамасы ферромагнитті өзекті магниттендіруы бір және үш фазалы жарты периодты түзеткіштердің негізгі кемшілігі болып саналады.
15.4 суретте үш фазалы екі жарты периодты түзеткіштің көпір (Ларионов сұлбасы) орынбасарлық сұлбасы және уақыттық диаграммалары келтірілген. Уақыттың әрбір мезінде токты алты диодтан анодында оң бағытты кернеуі жоғары, ал катодында теріс кернеуі жоғары екі диод өткізеді. Түзетілген кернеудің негізгі гармоникасының жиілігін солықтауы fнег.гарм қорек кернеуінің жиілігінен алты есе артық болады fосн.гарм =6 f1. Солықтау коэффициенті ең төменгі Kп = 0,057.
Қарастырып отырған түзеткіштердің негізгі параметрлері 15.1 кестесінде келтірілген, мұнда n – трансформатордың трансформациялау коэффициенті