3.1 Кирхгофтың заңдарына сәйкесті теңдеулерді құрастыру әдісі 3.1 суреттегі орынбасарлық сұлбаны қарастырамыз. Орынбасарлық сұлба төрт түйіннен және алты токтары белгісіз тармақтардан тұрады. Белгісіз токтарды табу үшін алты теңдеуден тұратын теңдеулер жүйесін құрастыру қажет. Жалпы теңдеулер саны алтау. Кирхгофтың бірінші заңы бойынша құрастыратын теңдеулер саны n=4-1=3 (түйіндер саны). Кирхгофтың екінші заңы бойынша құрастыратын теңдеулер саны 6-3=3. Кирхгофтың бірінші заңын «а», «b», «c» түйіндері үшін жазамыз, ал екінші заңын үш тәуелсіз контур үшін жазамыз, себебі- ток көзінің қысқыштарының арасындағы кернеу белгісіз болғандықтан контурларда ток көзі қарастырылмайды.
3.1 сурет
(3.1)
Тізбектің параметрлері белгілі болса, есептеудің жаңа технологияларын қолданып тармақтардың токтарын табуға болады. МАТHCАD бағдарламасын қолданып мына өрнектен токтар анықталады
. (3.2)
Қарастырып отырған әдістің кемшілігі жүйедегі теңдеулердің саны көптігінде. Теңдіулер санын кеміту мақсатында токтарды есептеуде басқа әдістер қолданылады.
3.2 Контурлық токтар әдісі Контурлық токтар әдісібойынша есеп теориялық белгісіз контурлық токтар үшін жүргізіледі. Контурлық токтардың саны тәуелсіз контурлардың санына тең болып табылады. Контурлар тәуелсіз болуы үшін қарастырып отырған контурдың элементтерін арасында кемінде бір басқа контурда кездеспеген элемент болуы қажет. Теңдеулер Кирхгофтың екінші заңына сәйкес құрастырылады. Тармақтардың тоғы контурлық тоқтар арқылы табылады. Контурлық тоқтар бір- бірінен тәуелсіз болып табылады, оларды I11, I22, I33 – деп белгілейді.
Контурлық токтардың бағыты ойша таңдалады, олардың бағыты сағат тіліне бағыттас немесе теріс болуы мүмкін. Ток көзінен тұратын контурдың тоғы ток көзінің тоғына теңестіріледі. 3.2 суретте контурлық токтардың бағыты сағат тілімен алынған. Тәуелсіз контурлардың саны үшеу болғандықтан үш контурлық ток үшін теңдеулерді Кирхгофтың екінші заңына сәйкесті құрастырылып токтар анықталған.