Байланысты: Электротехника және электроника негіздері ЛЕКЦИЯ
6.3 Токтар резонансы. Параллель тербелмелі контурдың жиіліктік сипаттамалары Параллель тербелмелі контурда токтар резонансы пайда болуы мүмкін (6.2-суретті қара). Токтар резонансының негізгі қасиеттері– катушка және конденсатор тармақтарындағы токтардың шамасы ImL0, ImC0 аса көбейеді , ал кірмелі токтың шамасы кемиді. Резистор тогы ImR кірмелі Jmкір тогына тең болады. Токтардың векторлық диаграммасы 6.8 суретте көрсетілген, ал токтардың жиіліктік сипаттамалары 6.9 суретте келтірілген.
6.8 сурет 6.9 сурет
Резонанстық жиілік мына өрнектен есептелінеді
. (6.7)
Контурдың сапалығы
, (6.8)
Сипаттамалық кедергі ρ (6.3) өрнектен табылады.
Реалды катушкалы параллель тербелмелі контурдың орынбасарлық сұлбасын қарастырайық.
6.10 сурет
Тізбектің бірізді RL бөлігін параллель жалғауға ауыстырамыз (6.2-суретті қара), конденсатордың сыйымдылығы C өзгермейді, Cбал = C. Бірізді RL бөлігінің өткізгіштігі
. (6.9)
Баламалы кедергілері (7.2-суретті қара)
, . (6.10)
Резонанстық жиілік , сипаттамалық кедергі арқылы , , . (6.11)
Негізгі сипаттамалар. Резонанстық жиілік
, . (6.12)
Сипаттамалық кедергі
, . (6.13)
Сапалық
, . (6.14)
Егер R << ρ0 орындалса негізгі сипаттамалар идеалды жағдайға сәйкес келеді
7 дәріс. Синусоидалы ток тізбектеріндегі қуат. Қуаттар тепе-теңдігі. Келісілген жүктеме режимі
Дәрістің мақсаты: синусоидалы ток тізбектеріндегіэлектромагниттік энергияны түрлендіру үрдістерімен танысу, оларды бағалайтын шамаларды білу, максималды қуатты қабылдағышқа жеткізу шарттарын үйрену, келісілген жүктеме режимдерін игеру