Локальды кластар.
Класс блоктың ішінде берілуі мүмкін, мысалы функция анықтамасының ішінде. Бұндай класс локальды деп аталады. Класс локализациясы кластың анықталу облысынан тыс оның компаненттеріне байланысты қатынамауды тұжырымдайды (ол анықталған немесе сипатталған функция немесе блоктың денесінен тыс) .
Локальды класс статикалық деректерге ие бола алмайды, себебі локальды кластың компоненттері класс мәтінінен тыс анықталуы мүмкін емес.
Локальды кластың ішінде оның айналасындағы аймағынан тек типтер атауларын, статикалық (static ) айнымалыларды, сыртқы( extern ) айнымалыларды, сыртқы функциялар мен санап шығу элементтерін қолдануға рұқсат етілген. Локальды кластардың компоннетті функциялары тек енгізілген( inline) болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |