1-Дәріс. Объектіге бағытталған бағдарламалаудың технологиясы


–Дәріс. Объектіге-бағытталған бағдарламалаудың технологиясы



бет2/43
Дата07.01.2022
өлшемі357,5 Kb.
#19368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
1–Дәріс. Объектіге-бағытталған бағдарламалаудың технологиясы

  • Объектті – бағытталған бағдарламалаудың технологиясы

  • Кілттік сөздер және С++ тілінің операциялары.

  • Операциялардың белгілері.

Ондаған жылдар бойы бағдарламалаушылар, бизнесті жүргізу әдістерін автомттандыратын бағдарламаларды жазған кезде үлкен жұмысты атқаратын еді. Бизнеске көптеген бизнес – операцияларға қызмет ететін бағдарламалар қажет болды. Бағдарламалаушыларға көмекке бір мақсатты орындайтын топ нұсқауларын ұйымдастыру арқылы, сонымен бірге кодты қайта қолдану (reusable code) арқылы олардың жұмысын жеңілдеткен процедуралық бағдарламалау келді. Процедуралық бағдарламалау бағдарламаны жазуда төңкеріс болды, бірақ объектті бағытталған әлемді құру мәселесі шешілмеген болып қалды. Бұл мәселе 1980 жылы өндірілген объектті – бағытталған бағдарламалаумен (ОББ) шешілді.

Шын әлемнің объектілеріне ұқсатуды С++ немесе Java сияқты бағдарламалардың объектті – бағытталған тілдерінде кластарды анықтау арқылы жүзеге асыруға болады. Класс - мүше деректер мен мүше - әдістерден тұрады. Берілгендер – мүшелер ( data members) кейде өрістер (fields) деп аталады және объект атрибуттарын сақтау үшін қолданылады. Әдістер – мүшелер (member methods) кейде функциялар - мүшелер (member funstions) деп аталады және объект тәртібін анықтайды.

Қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы объектті – бағытталған тілдердің және бағдарламалаудың процедуралық тілдерінің арасындағы негізгі айырмашылық біріншілердің мұрагерлік , инкапсуляция , полиморфизм және тағы басқа сол сияқты объектті – бағытталған түсініктерді қолдануға арналған синтаксиске ие болуында.

С++ тілі Bell Labs – тан Бьер Страустроппен 1983 жылдан бастап 1985 жылға дейінгі аралықта өндірілді. 1989 жылғы ол бағдарламалау тілдері үшін ANSI - стандартына сәйкес стандартизацияланды және 80- ші жылдың ортасынан бастап кең қолданылды.

С++ тілінің өз стандарттық библиотекаларында жазылған төмен деңгейлі кодтың үлкен саны бар, бірақ стектер мен кезектер сияқты берілгендердің төмен деңгейлі структурамен Дәрісларды қолдану үшін арналған интернетпен, жаңа пайда болған заттармен, деректер қорымен жұмыс сияқты бағдарламалаудың қалыпты мақсаттары С++ тілінің өзінде емес операциялық жүйенің қосымша библиотекалары түрінде жүзеге асырылған.

С++ тілі қолданылу қарапайымдылығына байланысты, жоғары өндіргіш тіл болып табылатын С тіліне негізделген. С++ - бұл компиляцияланатын тіл . Бұл, сіз бастапқы кодты жазған кезде, сіз оны белгілі бір платформа үшін орындалатындай етіп компиляциядан өткізуіңіз керек және жинақтауыңыз керек және басқа бір платформа үшін орындалатындай етіп қайта компиляциядан өткізуіңіз керек. Қолданушы интерфейсі түрлі платформаларда айырмашылықтары болғандықтан, С++ қосымшасын көшіру – бағдарламаны бір операциялық жүйеден басқасына көшіру кезінде негізгі қиыншылық. С++ ешқандай қауіпсіздікті ұсынбайды. С++ кез келген бағдарлама жады мен кез келген ресурстарды қолдануға рұқсаты болуы мүмкін. С++ қоқыс жиынын қолдамайды, яғни тілдің мүмкіндігі Java тіліндегі сияқты ресурстарды автоматты түрде таратады. С++ те жады блогын бөлу оның босатылуы үшін жауап береді. С++ тілі енгізу- шығару консолінен басқа қолданушы интерфейсінің ешқандай элементтерін ұсынбайды. Бұл онда мысалы, Windows жүйелерінде сияқты графикалық қолданушы интерфейсінің ешқандай енгізілген қолдауы жоқ екендігін білдіреді. Windows ортасының С++ - тен қолдана алатын өзінің қолданбалы бағдарламалық интерфейсі жоқ (application programming interface, API ) . C++ тілі көпшілік мұрагерлігінің қолдауын ұсынады, ол бір класс бір уақытта бірнеше базалық класқа ие болатындығын білдіреді. С++ үлгілер (шаблоны) (templates) деп аталатын механизмді ұсынады. Үлгілер (шаблоны) жаңа кластар мен функцияларды құру үшін қолданылатын кластар мен функцияларды анықтаған кезде печеньеге арналған формочкалар сияқты қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет