1 дәріс Өндірістік гигиена және санитария



бет7/26
Дата25.04.2023
өлшемі138,65 Kb.
#86498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Лекция по ПС (1)

4 дәріс Өндірістік шаң
Өндірістік шаң ең кең таралған зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың бірі. Шаң өте көп әр түрлі технологиялық үрдістер кезінде жұмыс зонасы ауасына бөлініп өндірістердің басым көпшілігінде кездеседі. Бұл өндірістер – пайдалы кен қазбаларын алу, машина жасау және металлургия өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.с.с.
Өндірістік шаң ауада қалқып жүретін, баяу қонатын өлшемі бірнеше ондаған мкм-ден жүздеген мкм дейін жететін қатты бөлшектер, яғни аэрозоль болып табылады, оның дисперсті фазасы қатты бөлшектер де, ал дисперсті ортасы ауа. Өндірістік шаңды шығу тегі, түзілу тәсілі мен бөлшектерінің өлшемі (дисперстілігі) бойынша жіктейді.
Шығу тегі бойынша шаңды бейорганикалық, органикалық және аралас деп бөледі. Органикалық шаң жануар немесе өсімдік текті табиғи (ағаш, мақта, сүйек, жүн шаңы және т.б.) және жасанды – пластикалық массалар, резеңке, шайыр, бояғыш заттардың және т.с.с. шаңдары болуы мүмкін. Бейорганикалық шаң минерал (кварц, силикат, асбест, цемент шаңы және т.с.с.), сонымен қатар метал (мырыш, темір, мыс, қорғасын, марганец және т,б,) шаңы болуы мүмкін. Металлургия өнеркәсібінде, химия және басқа өндірістерде әр түрлі органикалық және бейорганикалық шаңдардан тұратын аралас шаңдар түзілуі мүмкін.
Түзілу тәсіліне байланысты дезинтеграция және конденсация аэрозольдерін ажыратады. Дезинтеграция аэрозольдері (майдалау) механикалық жолмен ұсақтауда, бұрғылауда, қатты заттарды бұзғанда (бұрғылауда, жарылыс жұмыстарында, материалдарды ұнтақтағанда), бұйымдарды механикалық өңдеу кезінде (тазалау, құю, заттың беттерін тегістеу) түзіледі. Конденсация аэрозольдері қатты заттарды термиялық өңдеу үрдістерінде (металлдарды балқытқанда, электрлік дәнекерлеуде және т.б.) металдар мен метал еместердің буларын суыту және конденсациялау нәтижесінде түзіледі. Пластмассаларды өңдеу кезінде құрамы қатты және сұйық бөлшектер, күрделі химиялық құрамы газдардан, булардан тұратын шаңды газды аэрозольды қоспалар түзіледі.
Дисперстілігі - бөлшектердің өлшемі бойынша – бөлшектердің өлшемі 10 мкм артық болса көрінетін, –0,25 мкм-ден 10мкм дейінгі, микроскопиялық және 0,25 мкм кем ультрмикроскопиялық шаңдарға бөледі.
Шаңның адам ағзасына әсер етуі оның қасиеттеріне: химиялық құрамына, физико-химиялық қасиеттеріне, қаттылығына, адсорбциялық қасиетіне байланысты болады. Шаңның химиялық құрамы оның ағзаға әсер етуінің сан алуандығын анықтайды. Өкпеде дәнекер тіннің өсіп кетуіне алып келетін басым фиброгенді әсер ететін, және әсер ету сипаты басқа да – уландыратын, тітіркендіретін, сенсибилизациялаушы және т.с.с. шаңдарды ажыратады. Құрамында бос күйіндегі кремнийдің қос тотығы, силикаттар, металлдар мен олардың тотықтары және т.б. бар шаңдар ең айқын фиброгенді қасиетке ие. Улы емес шаңның ерігіштігі оның өкпеден бөлінуін тездетеді және фиброз дамуын бәсеңдетеді, ал нашар еритін фиброгенді шаңдар өкпеде жиналып, фиброздың дамуына алып келеді. Егер шаң улы болса, онда оның ерігіштігі ағзаға тез түсуіне және улы әсерінің эффектілері дамуына ықпал етеді. Нашар еритін улы шаң өкпеде ұсталынып, уландыратын әсері аз болады.
Шаңның ауада қалқып жүру ұзақтығы мен тыныс жолдарына ену тереңдігі оның дисперстілігіне байланысты болады. Көрінетін шаң тез қонады, тыныс алғанда жоғары тыныс жолдарында ұсталынып қалады және түшкіргенде және жөтелгенде сыртқа шығады. Көрінетін шаң жиі терең дем алумен жүретін ауыр жұмыстарды орындаған кезде фиброз дамуында елеулі рол атқаруы мүмкін. Микроскопиялық бөлшектер ауада қалқыған күйінде ұзақ уақыт болады және өкпеге терең енеді. Фиброгендік үрдістер дамуында оларға негізгі рол беріледі. Ультромикроскопиялық бөлшектер де альвеолаларға түседі, бірақ олардың жиынтық массасы аз болғандықтан спецификалық аурулардың дамуында айтарлықтай маңызды емес.
Шаңның электрлік зарядтылығы олардың ауада болу уақытына және тыныс жолдарында ұсталынып қалу дәрежесіне әсерін тигізеді. Егер аэрозольде оң және теріс зарядталған бөлшектер болса, онда ол олардың агломерациялануына және шаң бөлшектерінің қонуына ықпал жасайды. Электрлік зарядталған шаң тыныс жолдарында және альвеолаларда қарқындырақ ұсталынады.
Бөлшектердің пішіні мен құрылымы да айтарлықтай маңызды. Дөңгелек пішінді бөлшектер өкпеге тезірек енеді, қырлары үшкір бөлшектер тіндердің механикалық зақымдалуына алып келеді. Кремний қос тотығының кристаллды құрылымы аморфты түріндегі шаңына қарағанда үлкен биологиялық белсенділікке ие. Шаңның қаттылығы оның фиброгенді қасиетіне аз әсер етеді.
Меншікті бетінің үлкендігіне байланысты шаң көптеген улы газдарды сіңіріп алады, бұл улылық әсері жағынан оны потенциалды қауіпті етеді. Оттегін сіңіре отырып, шаң тез тұтанады және жарылу тұрғысынан қаупті болады. Шаң ауаның микробтармен және саңырауқұлақтармен ластануын күшейтеді, себебі әр түрлі микрофлораны тасымалдаушы болып табылады.
Шығу тегіне, химиялық құрамына, ерігіштігіне, дисперстілігіне, шаңдардың пішініне байланысты фиброгенді шаң адамда әр түрлі шаңнан пайда болатын аурулардың себебі болуы мүмкін. Мұндай ауруларды спецификалық (пневмокониоздар, аллергиялық аурулар) және спецификалық емес (бронхиттер, ларингиттер, трахеиттер, пневмония, конъюктивиттер, кератиттер, дерматиттер, пиодермия) деп бөледі.
Шаңның әсерінен пайда болатын кәсіби спецификалық аурулардың ішінде пневмокониоздар аса маңызды. Пневмокониоздар – бұл өндіріс жағдайында белгілі бір құрамды өнеркәсіптік шаңның ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде пайда болатын және өкпеде фиброз (дәнекер тінінің өсуі) дамуымен сипатталатын өкпенің созылмалы ауруы. Пневмокониоздардың бес тобын ажыратады:
I. Минералды шаңнан пайда болатын : силикоздар; силикатоздар (асбестоз, талькоз, коалиноз, оливиоз, мулитоз, цементоз және т.б.).
II. Металл шаңынан пайда болатын: сидероз; охроз; алюминоз; бериллиоз; баритоз; манганокониоз және басқалар.
III. Құрамында көмірі бар шаңнан пайда болатын: антракоз; графитоз және т.б.
IV. Органикалық шаңнан пайда болатын: биссиниоз («мақта мен зығыр шаңынан), багассоз (қант құрағының шаңынан), фермер өкпесі (құрамында саңырауқұлақтары бар ауыл шаруашылық шаңнан).
V. Аралас құрамды шаңнан пайда болатын пневмокониоздарды: силико-асбестоз; антракосиликоз және басқалары.
Шаңның фиброгендігіне байланысты пневмокониоздарды 3 топқа бөледі:
· Жоғары фиброгенді және аз фиброгенді шаңның әсерінен (кремниий қос тотығының мөлшері 10% көп – силикоз, антракосиликоз, силикосидероз және т.б.) пайда болған пневмокониоздарға
· Әлсіз фиброгенді шаңның әсерінен (кремниий қос тотығының мөлшері 10% аз немесе ол болмайтын шаңдар– силикатоздар, карбоканиоздар, тегістеушілердің пневмокониоздары, сидероз және басқалары) пайда болған пневмокониоздарға
· Токсигенді улы-аллергенді әсер ететін аэрозольдердің әсерінен (металл-аллергендердің, пластмассалардың шаңы, басқа да органикалық шаңдар және басқалары) пайда болған пневмокониоздарға бөледі.
Өкпеде фиброз үрдісі 3 түрде өтуі мүмкін:
· түйінді, ең кең таралған, құрамында SiO2 немесе басқа шаң бөлшектері бар склероздық түйіндердің көп болуымен сипатталатын түрі. Мұндай түрінде силикоздың, 2 және 3 кезеңі, сонымен қатар жиі кремнийдің байланысқан күйдегі қос тотығы туғызатын силикатоздар асбестоз, талькоз және коалиноз өтеді.
· Дәнекер тіндері таралған (диффузды-склероздық) түрі, ағымы қатерсіздеу (жиі фарфор-фаянс, мыс кені тақтатас өнеркәсіптерінде, жұмыс істейтіндерде кездеседі), бұл түрінің ағымында көп жағдайларда аурудың белгілері байқалмайды, дәнекер тіндері (склероз) қарқынды дамуымен және түйіндерінің саны аз болуымен сипатталады. Мұндай түрі силикатоздарға, сидерозға, антракозға, бисииниозға тән.
· ісік тәрізді түрі, түйіндердің бір-бірімен қосылуымен және ісік тәрізді ірі шеміршекті түйіндердің түзілуімен сипатталады. Силикоздың, бериллиоздың ауыр түрлерінде кездеседі.
Пневмокониоздардың ішіндегі ең қауіптісіне, бос күйіндегі SiO2 әсерінен туындайтын силикоз жатады. Ол жұмыс зонасы ауасында бос күйіндегі SiO2 болатын өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы жұмысшыларда кездеседі. SiO, кремнозем, кремний қышқылының ангидриді жер қыртысының 28%-ын және тау жыныстарының 60% құрайды. Химиялық тұрғыдан таза кремнозем тау хрусталы деп аталады, ол түссіз және мөлдір. Жиі SiO2 құрамында оған әр түрлі түс беретін қоспалар болады. Силикоздың дамуында шаңның концентрациясы мен дисперстілігі маңызды болады. Бөлшектерінің өлшемі 1-2 мкм, құрамындағы бос күйіндегі SiO2 мөлшері 5-10% болатын шаң ең қауіпті болып саналады.
Силикоз шаңы, көп кәсіп түрінде 5-10 жыл жұмыс істегеннен кейін дамиды. Дегенмен , туннелдер қазған кезде жұмыс басталғаннан 1-2 ай өткеннен кейін силикоз дамыған жағдайлар да жазылған. Силикоз, сондай ақ онымен қатынас жасауды үзгеннен кейін көп жылдар өткеннен соң да дамуы мүмкін. Аурудың алғашқы кезеңдеріндегі белгілері мардымсыз: жөтел, кеуде торында ауыратын сезім, ентігу байқалады. Олар патологиялық үрдістің дамуына қарай күшейе түседі. Силикоздың ағымы үдемелі және қайтымсыз, айқын өкпе және жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі дамуы себебінен науқастардың өліміне әкеп соғады. Силикоз өте жиі өкпе туберкулезімен асқынады, оны емдеудің тиімділігі көбінесе аз болады, себебі өкпедегі склероздық өзгерістерге байланысты туберкулезге қарсы дәрі – дәрмектердің патологиялық ошаққа келіп түсуі қиындайды.
Силикоздың даму жөніндегі көптеген теорияларының ішінде иммунологиялық теорияға маңызды орын беріледі. Оның мәні келесіде: бастапқы буынында SiO2 шаңы макрофагтармен фагацитозға ұшырайды, сөйтіп шаң жасушаларына айналады. Әрі қарай SiOәсерінен макрофагтар өледі. Макрофагтар ыдыраған кезде күрделі белоктар – муко- және липопротеиндер түзіледі, олар ретикуло-эндотелиалды жүйеде қарсы денелердің (антитела) түзілуін туғызатын антигендер, яғни аутоантигендер болып табылады. Бұл кезде пайда болған гиалин түріндегі преципитат (аутоантиген+қарсыдене) түзіліп жатқан силикозды түйіннің жаңа түзілген ретикулин талшығына жиналады, гиалин түріндегі преципитаттың әдеттегі тыртық дәнекер тініндегі гиалиннен айырмашылығы құрамында β- және γ- глобулиндердің көп мөлшерде болуында. Босап шыққан SiOбөлшектері қайтадан фагоциттеледі де үрдіс қайталанады. Бір мезгілде силикоз түйіншектері мен лимфа түйіндерінде қарсы денелердің түзілуінде үлкен рол атқаратын плазмалық жасушалардың түзілуі күшейеді. Силикоз кезіндегі склероздың негізінде қабыну үрдісі емес, склероздық үрдіс жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет