1 дәріс Өндірістік гигиена және санитария



бет8/26
Дата25.04.2023
өлшемі138,65 Kb.
#86498
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Силикатоздарды кремний қос тотығы басқа элементтермен: магниймен, кальциймен, темірмен, алюминиймен және басқалармен байланысқан күйінде болатын шаң туғызады. Силикаттарға асбест, тальк, каолин, цемент, слюда және басқа да қосылыстар жатады.Силикатоздар силикозға қарағанда кешірек дамиды. Олардың көбісі диффузды-склероздық түрде өтеді, үдемелілігі төмен болады. Әйтсе де, асбестоз, каолиноз, талькоз сияқты силикатоздар кезінде фиброздың түйіншекті түрі де кездеседі, ал оның ағымы біртіндеп ауырлай береді. Асбестозға жиі өкпе обыры қосылады, ал басқа силикатоздар жиі туберкулезбен асқынады.
Антракоз – көмір шаңының әсерінен болатын пневмокониоз және басқа да карбокониоздар, сондай-ақ бериллиоздан басқа металлокониоздардың ағымы қатерсіз өтеді (VIII бөлімнің 8.3 тарауын қара). Құрамында темір тотығы, марганец қосылыстары бар дәнекерлік аэрозольдер тудыратын электрмен дәнекерлеушілердің пневмокониозы салыстырмалы түрде қолайлы өтеді.
Құрамында кремнийдің қос тотығының мөлшері жоғары аралас шаңмен тыныс алғаннан дамитын пневмокониоздар клиникалық ағымы бойынша силикозға ұқсас, бірақ аурудың үдеуге бейімділігі төмендеу болып келеді. Олар жиі көмір (антракосиликоз) және теміркені (сидеросиликоз) шахталарында, керамика және фарфор-фаянс өнеркәсіптерінде (силикосиликоз және басқалары) жұмыс істеген кезде байқалады. Өндірістік шаң, шаңның әсерінен болатын кәсіби бронхиттер, пневмония, риниттер және бронх демікпесінің дамуына әкелуі мүмкін. Мәселен, өсімдік талшықтарының – мақта, кенеп, зығыр шаңымен тыныс алғанда кейінірек өкпе эмфиземасымен және пневмосклерозбен асқынатын бронхоспазмдық құбылыстар байқалады.
Шаңнан болатын аурулардың алдын алу шаңды гигиеналық нормалаудан, технологиялық шаралардан, санитарлық-техникалық шаралардан, жеке басты қорғайтын құралдарды пайдаланудан және емдеу алдын алу шараларынан тұрады.
Басым фиброгенді әсер ететін шаңды гигиеналық нормалау шаңның фиброгендік дәрежесіне байланысты, ал әсер ету сипаты басқа шаңдарды нормалау зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіші бойынша іске асырылады. Мысалы, жоғары фиброгенді кристаллды бос күйіндегі кремний қос тотығының және құрамында ол шаңның мөлшері 70%-дан артық аралас шаңның ШРЕК-і 1 мг/м3 құрайды. Құрамындағы бос күйіндегі SiOмөлшері 10-нан 70%-ға дейін болатын аралас шаңның ШРЕК-і, сондай-ақ асбесттің, алюминийдің және оның қорытпаларының ШРЕК-і 2 мг/м3 құрайды, ал орташа және әлсіз фиброгенді шаңдардың ШРЕК- і әр қайсысына сәйкес 4-6-дан 8-10 мг/мдейін ауытқиды.
Шаң түзілумен күресуде, шаң түзілуін болдырмайтын (металлдардың өңдеудің электрлік-химиялық әдістері, қысыммен құю, заттың беттерін ультрадыбыстық өңдеу және т.б.) немесе оның деңгейін төмендететін (технологиялық үрдісте ұнтақ тәрізді заттардың орнына брикеттерді, түйіршіктерді, ертінділеді қолдану, құрғақ үрдістерді, мысалы, бұрғылауда, көмір өндіруде ылғал үрдістермен ауыстыру) технологияларды қолдану шешуші фактор болып табылады. Атап айтқанда, жерасты кен орындарында, жыныстарды өндіретін, тиейтін және түсіретін жерлерде тозаңдатып сулау қолданады. Өндірістік үрдістерді автоматтандыру мен механикаландырудың, қашықтықтан басқарудың, роботты техникаларды енгізудің үлкен маңызы бар.
Шаң шығуын төмендетудің міндетті шарттарының біріне шаңдандыратын жабдықты герметизациялау және жабу, қаптама астынан ауаны сорып алу, шаң түзілетін жерлерден шаңды тікелей сорып алу, материалдарды құбырлармен сығылған ауа көмегімен тасмалдау жатады. Метал құрастырылымдар мен ірі көлемді бұйымдарды дәнекерлеу кезінде секциялы және тасымалданбалы жергілікті сорғыштар қолданылады. Екіншілік шаң түзілумен күресу үшін бөлмелерді тазалаудың вакуумдық әдісін қолданады.
Жеке басты қорғайтын құралдарға шаңға қарсы аспираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, арнайы шаңға қарсы киімдер жатады. Тыныс мүшелерін сүзгілі және оқшаулаушы құралдармен қорғайды. Кеңінен қолданылатыны- «Лепесток» респираторлары. Шаңның теріге жағымсыз әсері кезінде қорғайтын майлар, пасталар қолданады.
Шаңды өндірістерге туберкулезбен, тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларымен, жүрек-тамыр жүйесінің, көз бен тері ауруларымен ауыратындарды жұмысқа алуға рұқсат етілмейді. Кезеңдік медициналық тексерулерді өндірістің қауіптілігіне байланысты 6, 12 және 24 айда 1 рет жүргізеді, бұл кезде міндетті түрде өкпені рентгенографияға түсіру, сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу, жалпы қан талдауы мен туберкулез микобактерияларына қақырық талдауын жасау керек. Барлық силикозбен, силикотуберкулезбен немесе туберкулезбен ауыратындар зиянды факторлармен байланысы жоқ жұмыстарға ауыстырылуы тиіс. Басқа пневмокониоздарда, мәселе жас шамасына, науқастың жасына, еңбек өтіліне, аурудың ағымына, асқынулары болуына байланысты жеке дара шешіледі.
Алдын алу шаралары ретінде шаңның ағзаға түсуін азайту, фиброздың дамуын тоқтату (УК-сәулелендіру), және ағзаның қарсы тұруын жоғарлату мақсатында жұмысшыларды УК-сәулеге түсіруді, сілтілік инголяциялар, тыныстық жаттығулар жасауды қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет