1 дәріс Өндірістік гигиена және санитария


дәріс Өндірістік микроклимат



бет6/26
Дата25.04.2023
өлшемі138,65 Kb.
#86498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Лекция по ПС (1)

3 дәріс Өндірістік микроклимат
Өндірістік микроклимат ауа ортасының физикалық факторларының – ауа температурасының, ылғалдылығының, қозғалу жылдамдығының және инфрақызыл сәулелердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік микроклимат бұл факторлардың едәуір дәрежеде әр түрлі болып қалыптасуымен ерекшеленеді және ол өндіріс үрдісінің сипатына, сыртқы метеорологиялық жағдайларға, ауа алмасуының ұйымдастырылуына, т.с.с. байланысты болады. Көптеген өндірістерде (ыстық цехтар) технологиялық үрдіс барысында қызған қондырғылардан, балқыған және барынша қызған металдардан, шыныдан, ауаға өткен ыстық булар мен газдардан бөлінетін жылу есебінен ауа мен қоршаған нысандардың ысып кетуіне алып келетін жағдайлар туындайды. Мұндай цехтарға металлургия зауыттарындағы мартен, прокат, домна цехтары, тоқыма өнеркәсібіндегі бояу, кептіру бөлімдері, тері илеу, қант зауыттары, қағаз өндірісі жатады. Жаз күндері ыстық цехтардағы ауа температурасы 35-40ºС дейін және одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Әдетте, мұндай цехтарда едәуір мөлшерде жылу сәулелендіретін көздері де (қызған болат балқытатын пештер, химиялық қондырғылар және т.б.) болады. Ыстық ауа ағымдары жоғары көтеріледі, төменгі жағына оның орнына сырттан суық ауа келіп түседі,бұл ауаның қозғалу қарқындылығын біршама күшейтеді және әсіресе қысқы күндері өтпе желдердің пайда болуына себепші болады.
Бірқатар өндірістер (суық цехтар) арнайы қалыптастырылатын ауаның төмен температураларымен сипатталады (тоңазытқыштар, кеме жасау өнеркәсібі, сыра қайнату зауыттарының ашыту бөлімі, тез бұзылатын тағам сақтайтын қоймалар және басқалар). Бұл цехтардағы ауа температурасы 0ºС жақын болуы мүмкін.
Буланатын беттері үлкен және суды көп мөлшерде пайдаланатын өндірістік жайларда (бояу, тері илеу, қант зауыттары, батпақ және сумен емдейтін бөлмелер) ауаның жоғары ылғалдығы байқалуы мүмкін (70% жоғары).
Өндірістік үрдіске байланысты бір өндірістерде тек ауаның температурасының өзгерістері басым болуы мүмкін, басқаларында - ауа ылғалдылығы, үшіншілерінде – барлық факторлардың кешенінде өзгерістер едәуір болуы мүмкін.
Ыстық және суық цехтардағы қолайсыз микроклиматтың әсер етуі әр түрлі жылулық патологияның дамуына алып келуі мүмкін: жедел және созылмалы түрдегі дененің қатты қызуына немесе салдары қатар жүретін, ауырлық дәрежесі әр түрлі дененің қатты салқындауына (ІІІ бөлімнің 3.1 тарауын қара). Инфрақызыл сәулелену, жалпы термиялық әсерінен басқа кәсіптік катарактаның жиі себептерінің бірі болып табылады.
Микроклимат жағдайларының адам ағзасына әсер етуіне байланысты, оларды қолайлы, рұқсат етілген, зиянды және қауіпті микроклимат жағдайларына бөледі. Қолайлы жағдайлар жалпы және жергілікті қолайсыз сезімдер болмайтын, жылу реттелу механизмдерінің зорлануы минимальды болатын микроклимат көрсеткіштерімен анықталады, ол бүкіл жұмыс ауысымы бойына адам ағзасында қолайлы жылылық жағдай сақталуын қамтамасыз етеді. Рұқсат етілген жағдайлар денсаулықты бұзбай және жылылық жағдайды салыстырмалы түрде тұрақты сақтап, жылу реттейтін механизмдердің орташа дәрежеде зорлануын, болар болмас қолайсыз жылу сезінуін, еңбекке қабілеттіліктің біршама төмендеуін туғызады. Зиянды жағдайлар айқын қолайсыз жылу сезінуімен, жылу реттелу механизмдерінің едәуір зорлануымен, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, ағза жылуының тұрақтылығы және адам денсаулығы бұзылуымен сипатталады. Экстремальды жағдайлар қысқа уақыт ішінде жылылық жағдайының күрт бұзылуын, денсаулық бұзылыстары мен өлім қаупін туындатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет