Оқыту психологиясының негізгі міндеттері мыналар:
▪ әр түрлі дидактикалық жағдайларда танымдық іс әрекеттің үзгеруіне мүмкіндік тудыратын сыртқы және ішкі факторлардың үзара байланыстарын анықтау;
▪ танымдық іс әрекеттің мотивациялық және интеллектуалдық жоспарларының ұқсастықтары мен үзара ықпалдарын зерттеу;
▪ оқыту үрдісі мен адам дамуын басқару мүмкіндіктерін анықтау;
▪ оқытудың эффективтілігінің психологиялық-педагогикалық критериилерін бүлу;
▪ әдістемелік құралдардың эффективтілігі мен оқытуға деген ұйымдасқан бағыттарды үңдеу және бағалау.
Тәрбие психологиясыүшін негізгі міндеттер болып келесілер табылады:
▪ адамның мотивациялық сферасының дамуының мазмұнын, құрылымы мен динамикасын зерттеу;
▪ тұлғаның адамгершілік қасиеттері мен әлеуметтік бағыттылығын және оларға мақсатқа бағытталған ықпалдарының мүмкіндіктерін зерттеу;
▪ әр түрлі жағдайларда білім алушы және тәрбиеленуші адамдардың сана сезімдеріндегі айырмашылықтарды анықтау;
▪ балалар, жеткіншектер, ересектер ұжымдарының әлеуметтік-психологиялық құрылымын және олардың тұлға қалыптасуына тигізер әсерін зерттеу;
▪ әлеуметтік депривацияның шарттары мен салдарын және оларды жоюдың мүмкіндіктерін зерттеу.
Мұғалімдер психологиясыүшін келесі міндеттер маңызды:
▪ мұғалімнің шығармашылық потенциялдары мен оны дамытудың мүмкіндіктерін анықтау;
▪ педагогикалық стереотиптерді, мұғалім тұлғасының кәсіби деформациясын зерттеу және жою;
▪ мұғалімнің эмоциялық сезімталдығы мен тұрақтылығын зерттеу;
▪ мұғалімде болатын кәсіби выгорания синдромын жою және алдын алу шарттары мен әдістерін үңдеу;
▪ мұғалім іс әрекетінің жеке стилінің жағымды ерекшеліктерін анықтау және дамыту;
▪ педагогикалық қарым-қатынастың эффективті тәжірибелерін зерттеу.
Педагогикалық психологияның негізгі ұғымдары Педагогикалық психологияда қолданылатын негізгі ұғымдардың (жалпы базалық ұғымдар) философиялық, жалпы ғылыми және жеке – ғылыми сипаттары бар (1ші кесте).
1- кесте