1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Жоспар: Психология пәні және оның міндеттері Психология ғылымының даму тарихы Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары 1
1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Жоспар: 1. Психология пәні және оның міндеттері 2. Психология ғылымының даму тарихы 3. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары 1.Психология пәні және оның міндеттері. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн өзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді – олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т.б. жатады...» Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Осылайша, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы өмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады. Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда. Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бөлімін қарастырамыз: 1) психикалық процестер; 2) психикалық қасиетте; 3)психикалық қалып. 1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес; 2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет. 3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері. Сонымен, психология – психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі - сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады. Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, әрекет дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл "әлеуметтік" және "биологиялық" ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи касиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау-ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді. Алдыңғы онжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі ролі қарқынды түрде өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске ұшыратады. Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік зандылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор. 2. Психология ғылымының даму тарихы. Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф.Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф.Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден – дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф.Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Ф.Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф.Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады. Эмпериялық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғылымы Джон Локк (1632-1704) таратып, әрмен қарай дамыта бастайды. Психологияда метафизикалық, схоластикалық, құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге көшу мәселесі қолға алынды. Дж.Локк эмпериялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгіледі. Ол өзінің философия-психологиялық концепциясында сенсуалистік көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша психика нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның психикаы – табула расса (таза тақта) есебінде болады. Елестеуден сыртқы дүниеден келіп бірте-бірте сананы толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады. Дж. Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» толық түрде түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Дж.Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуде - материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде – идеялист болып көрінеді.Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден ешбір мағлұмат ала алмаймыз. Дж. Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың сыртқы дүниесінің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір-бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге болады. Эмперикалық психологияның белгілі ірі ғалымдарының бірі, ағылшын философы және психологы Давид Юм (1771-1776) ассоциациялық эмперикалық психологияға негіз салды. Кейіннен психологияның бұл ағымын Милл, Спенсер т.б. дамытты. Юм адамның өте күрделі диалектикалық жолмен дамитын санасын механистік жай элементтерге, түйсіктерге және олардың көшірмесін елестеулерге бөлді. Оның ұғымынша, адамның күрделі психикалық әрекеттері, қылығы осы элементттердің жай қосындысынан ғана, елестеулердің бір-бірімен жай байланысуынан ғана құралады. Гартли мен Пристли деген оқымыстылар эмперикалық ассоциативтік психологияның материалистік ағымын дамытты. Бұлардың пікірінше ассоцияциялық байланыстар Юм айтқандай елестеулерде амес, мидың өзінде болады; әсер етуші қоздырғыштар мидың түрлі салаларын қоздырып, бірбірімен байланысып отырады, кейіннен мидың бір жүйесі қозса еріксізденеріксіз ассоцияция арқылы мидың басқа салалары да қозады. Өткен ғасырдың орта шенінде көп табыстарға жетіп, өршіп алға басқан табиғат ғылымдары психология ғылымына зор әсер етті. Табиғат ғылымдарында қолданылатын тәжірибе жасау әдістері психология ғылымына да ене бастады. Психология бара бара өзінің зерттеулерінде дәл ақпараттарды пайдаланылатын тәжірибелік әдістерді қолдана бастады. Эмперикалық психологияның өзінде-ақ кейбір психологтар, әсіресе, Вундт пен Джемс ассоциятивтік психологияның шыли өрескел жетімсіздіктері мен қателеріне қарсы шыға бастады. Вундт – заттарды қабылдау – түйсіктері мен елестеу – тездің жай ғана қосындысы, шумағы емес екендігін, перцепция мен апперцепцияны өндіріп отыратын өте күрделі психикалық процесс екендігін айтты. Джемс – сана әрекеттерінің сыртқы ақиқаттық дүниеден айрықша өзгешеліктеріне көбірек көңіл бөлді; психикалық әрекеттердің өне бойы өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа ауысып, толқып отыратын «сана ағымы» екендігін айтты. Әйткенмен, бұлар ассоциятивтік психологияға ашық қарсы тұрып, оның қателерін түгел көрсете алмады. Эмперикалық психологияның мынадай қателері болды: 1. Психология ғылымын «психика құбылыстары», «сана құбылыстары» ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмперикалық психология идеалистік психология болды. 2. Психика сыртқы дүниенің әсерсіз өзінен-өзі іштен пайда болып, өз бетімен дамиды деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның өзін-өзі байқау әдісін психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам өзінің ғана психикалық әрекеттерін біле алады, басқа адамдардың психикалық әректтерін зерттеп білуге болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психологияның бұл ағымы «эмпирикалық психология» делініп аталғанмен, эмпирияны объективтік түрде қарамай, әр адамның жеке өзін-өзі байқайтын субъективтік тәжірибесі деп түсінді. 3. Психикалық әрекеттерді механистік көзбен қарау. Адам жеке тұлға есебінде емес, тек қана бір-бірімен механистік түрде қосылған бөлшектер есебінде қаралған. Ол – сезімдердің жинағы сезімдердің бір түрі есебінде қаралған. 4. Адамның психикалық әрекеттерінің тарихта өзгеріп отыруының, адам баласының пайда болып, өсіп-дамып отыруын зерттемеді. Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір қоғамға тән емес, тарихта болмаған абстрактылы, дерексіз адамның психикалық әрекеттерімен шұғылданды. 5. Психофизикалық теорияға негізделу. Рухани әрекеттер мен физикалық әрекеттердің әрқайсысы өз алдына өмір сүреді, олардың әрқайсысы өз алдына болғанымен араларында байланыс бар, бір-біріне әсер етеді деген теорияны жақтайды. Эмпирикалық психологияның қателерімен бірге олардың алға басқан жақтары да болды. Олар психология ғылымының дамып, алға кетуіне себептерін тигізді. Құрғақ оймен шұғылданып, дәлелсіз құрғақ қорытындылар шығарған ескі схоластикалық метафизика психологиясына қарсы, тәжірибелік әдістерді қолданып, психологияны тұрмысқа жақындатуға тәжірибелік ғылымға айналдыруға ұмтылды. Психология ғылымының мағлұматтары тәрбие жұмысында, медицинада, өнер жүйесінда, әдебиетте, өндіріс орындарында, түрлі еңбек салаларында т.б. жерлерде мейлінше мол қолданыла бастады. 19-ғасырдың 2-ші жартысынан бері қарай ғалымдар психикалық қыбылыстарды (түйсік, қабылдау, ес, елес т.б.) эксперимент жүзінде әр-түрлі құрал-жабдықтың көмегімен зерттей бастады.Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады. Психиканы зерттеу және түсіндіру психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болады. Сонымен психология алғашқыда Жан туралы ғылым ретінде анықталды. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психиканың мәніні байланысты көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның өзекті мәселесі – материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасына байланысты болған. Осы мәселе төңірегінде бір-біріне қарама-қарсы бағыт материализм мен идеализмнің талас тартысына толы болды. Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материядан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында. Психика – тәнсіз, материясыз негіздің, «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі-, дейді идеалистер. Материалистік түсінік бойынша психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс ретінде көрсетеді. Идеалистік философия өкілдері материядан тәуелсіз еркше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын, әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Діннің пайда болуымен психика «о дүниемен» байланысты, көрінбейтін, әрі мәңгі жасайтын, тәннің екінші бір баламасы- рухтық зат деп танылды. Бар әлемнің бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген әр түрлі идеалистік бағыттар дамыды. Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалисті философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Тек ХVІІІ ғасырда психология ілімдерінің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де психикаға қатысы жоқтығын көрсетті. Р.Декарт ғылымға бір мезгілде екі ұғымды енгізді. Сана және рефлекс. Бірақ ол өз ілімінде жан мен тәнді бір-біріне қарама-қарсы қойды да, өзара тәуелсіз екі болмыс – материя және рухтың жасайтынын уағыздады. Сондықтан психология тарихында бұл ілім «дуализм»( екі тарапты) деген атаққа ие болды. Дуалистік ілімнің негізінде ХІХ ғасырда психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен тарады. Бұл бағыттың өкілдері – В.Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Бине, Джемс және т.б. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философия Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден – дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылырдың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады. Шамамен осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа ұғымдар пайда бола бастады. Сезім, ойлау қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясының орнына сана психологиясы келді. Психиканың мазмұндарының орнына сананың ақиқаттық сипаттары зерттеле бастады. Бұрынғы психика туралы ғылыми есебінде көрінген психологияның орнына сана құбылыстарын зерттейтін психология бой көтерді. Сөйтіп, 18 ғасырдан бастап сананы зерттейтін «психикасыз психология» ғылыми сахнаға шықты. Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұласты. Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы – интероспективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Осы тұрғыдан идеалистік сана психологиясы өз зерттеулеріне 5 бағытта алып барды: - сана элементтер теориясы, негізін салғандар В.Вундт және Э.Титченер; - саналық әрекеттер психологиясы, Ф.Брентаноның есімімен байланысты; - саналық ағым теориясы, У. Джемс негізін салған; - дербес құрылым психологиясы, гештальтпсихология; - Дительдің сипаттамалық психологиясы. Осы кезде психологияда эксперименттік әдістің болуына қарамастан, бұл теориялардың бәріне тән ерекшелік – психикалық құбылыстардың мәнін түсіндіру ғана емес, тек қана суреттеп сипаттау болды. 1879 жылы В.Вундт Лейпцигте алғашқы экспериментальдық лабораторияны ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкіндігі ашылды. Диалектикалық материалазм көзқарасы бойынша материя 1-ші кезекті субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралады; психика, сана – бұл 2-ші обьективтік шындықтың мида бейнеленуі. Сыртқы психикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни, өзінен тьәуелсіз әрі тысқары обьективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ. Бұл туралы ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит сол кездің өзінде-ақ психикады (психиканы) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндіреді. Ол психиканың мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.Сол заманның екінші бір ойшылы , идеалист Платон керісінше «психика мәңгі өлмейді, өшпейді».- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-насыр әл-Фараби дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, психика денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский психиканың мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді дамытты. Психика дүниесінің сыры жайлы дәйекті материалистік пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.Мұндай ой-пікірдер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жанда өледі». Жан бар жерде қаза бар» т.б. Ал, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. ақын-жыраулар мен ойшылдардың толғауларында атабабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болады. 3.Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары. Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы бар.XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше, оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем шығармалар туындату мүмкін емес деген. XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға эксперименттік әдістің (Г.Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады. Психологиялық ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: А.А. Ухтомский, Л.А. Орбели, П.К. Анохин, Н.И. Красногорский, К.М. Быков, НА. Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар тіршілік иесінің ортаның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың рөлін анықтауға, психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары түрге көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді. Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский де ерекше атап көрсеткен еді. Шәкірттердің психика дүниесіне әсер ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп, нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық әрекеттерінің мазмұнын, өсіпдамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық өзгешеліктерін білу қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу-тәрбие жұмыстары жемісті болып шығуы мүмкін. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т.б. ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға акеңінен еніп, оның жанжақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз байланыс бар. Этика адамның міне-құлық нормаларын, адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психологияның қай саласы болсада күнделікті өмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің әсері. Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның өнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады. Инженерлік психология – еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі. Ол адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» саласындегі әрекеттерді тиімді етіп ұйымдастыру, ақпараттарда сақтау, өңдеу оны жобалау үлкен орын алады. Арнайы психология – адамның психикалық қызметінің әр түрлі формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді. Психологияны бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология - мидың туа біткен ақауы бар адамның психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау немесе естуі нашар, керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – соқыр немесе нашар көретін адамдар психологиясын зерттейді. Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін, қылмыскерлер, айыптаушылар, куәләр психологиясын зертеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оның не себептен жасалғанын зерттеп отырады. Бұл саласылар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын бөлімдерден тұрады. Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, тергеу ісін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайлардың психологиялық жақтарын қарастырады. Қылмыс психологиясы кылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы еңбекпен түзеу коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттеу жолдарын қарастырады. Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін зерттейді. Салыстырмалы психология – адамдар мен жануарлардың психикасының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді. Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан өсіп-жетілгенге дейінгі даму жолын қарастырады. Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә)тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады. Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарымқатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерге бөлінеді: психикалық кұбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармақологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру саласын, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан. Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б. мәселелерді зерттейді. Әскери психологияның маңызды міндеті- әскери оқутәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады. Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күшқуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің факторларын, спорттық жарыстарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады. Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп талдайды. Даму психологиясында балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және қарттық психология салалары бар. Ғарыш психологиясы – психологияның ең жас және жаңа саласы, ол адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің еріктік және моральдық даярлығы мәселелері білім беру мен жаттықтыру тәсілдерін зерттеумен шұғылданады. Өнер психологиясы – қызметтің өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады.Өнер психологиясының маңызды міндеті - эстетикалық тәрбиемен музыкалық көркемдік және әдебиетке қабілеттердің дамуына байланысты мәселелерді зерттейді. Әлеуметтік психология- әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың ұжымдардың психикалық көріністерін (олардың көңіл – күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Мұнда әр бір этностардың қарымқатынасын, дін психологиясының өзекті мәселелерін де зерттейді. Әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және биресми топтар арасындағы қатынастар, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделерінің психологиялық жақтары қарастырылады. Басқару психологиясы – басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талаптілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс қолдана білу мәселелерін шешеуге бағытталады. Сонымен, психология ғылымының өмірде араласпай отырған саласы жоқ деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сөзбен айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті. Тақырып бойынша бақылау сұрақтары 1. Психология ғылымы нені зерттейді? 2. Психиканы материалистік және идеалистік жаймен ұғынудың айырмашылығы неде? 3. Психология ғылымының қандай салалары бар? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы «Мектеп» 350б.1980, 350б. 2. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: оқулық. А. «Білім» 2002, 415б. 3. Жұмасова К.С. Психология. Астана-2006,289б. 4. Намазбаева Ж.И. Психология .Алматы: 2005, 293б. 5. Маклаков А.Г. Общая психология М.,2006г.580с. 6. Тәжібаев Т. Жалпы психология Алматы, «Қазақ университеті», 1993ж., 238б.